Өмірінің соңына дейін өз-өзінің арымен алысып өтті...

Өмірінің соңына дейін өз-өзінің арымен алысып өтті...

Мадинаның жолдасы жол апатынан көз жұмғанына біраз жылдың жүзі болды. Екі қыз бір ұлмен жесір қалған Мадина, жолдасынан қалған шағын дәмхананың жұмысын жалғастырып, ұл-қызын адал еңбек ақымен асырап жүрген аяулы ана. Ұл-қыздары өте тәрбиелі, ақылдарына көркі сай, өз қатарының алды болып жүрген жандар. Жағдайларыда жаман емес, жегені алдында, жемегені артында. Оның үйімен тұспа тұста Айымхан атты көрші келіншек тұратын. Өсек десе оған ешқандай жан тең келмейді. Бір ұл, бір қызы бар болса да олардың тәрбиесіне еш көңіл бөлген емес. Жолдасы шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Байлыққа құныққан адам болатын.
Мадинаның үлкен қызы Қарлығаш өте көрікті қыз болып бой жетті. Көрген жұрт аузының суы құрып қызығатын. Үлкен кісі көрсе жолын кеспей, басын иіп сәлем беретін көрегендігі бар. Қарлығашты сұрап келушілерде аз болмады. Ал Айымханның қызын еш-бір жан сұрамайтын, бұл жағдай Айымханның ішін өртеп көреалмаушылық жанын жейтін. Күндердің күнінде Мадина қызын өте танымал, көрегенді отбасыға ұзатуға келісімін берді. Бұл жағдай Айымханның жанын өртеді, қызғаныш, көреалмаушылық оның жанын билеп тұрды. Ол ақыл-есіне жүгінбей арсыз әрекеттерге көше бастады.
Мадинаның үйінің алдын торуылдап жүріп айттырып келген отбасымен жолықты.
___ Амансыз ба! Қалдарыңыз қалай? Менің сіздерге қатты жаным ашыйды. Қандай қызды келін еткелі жатқаныңызды білмейсіз ғой, білмейсіз. Сізді ел арасында сыйлы, мәртебелі адам деп естідім. Бұл қыз атақ-абыройыңызға дақ түсіреді. Ұлыңыздың соры болады. Кеш болмай тұрғанда құдаласуды тоқтатыңыз. Кейін өкініп жүрмеңіз.
___ Неге бұлай дейсіз. Мен Мадинаны жақсы білем. Ол ондай арсыз адам емес. Қызы да білімді, ақылды. Шет елде оқып келген маман.
___ Оларды менен жақсы ешкім білмейді. Күйеуі көз жұмған соң Мадина жаман жолға түскен арсыз әйел. Қызы да сондай. Шетелде оқимын деп кетіп, ол жақтада жөзекшелікпен айналысып келген. Ұлы құмар ойындарына кіріп кеткен. Үйі де кепілде тұр. Сол себепті сіз секілді бай-бақуат адамға қызын бергелі жатыр. Дәмханасы нағыз жын-ойнақтың орталығы.
Мұндай сөздер кез-келген адамды ойландырып қояры анық.

Осылайша Қарлығаштың құдаласуы бұзылды. Бұған себеп болған Айымханның жаласы Мадинаның да құлағына жетті.
___ Айымхан, мен сені Алла жолына салдым. Сенің жазаңды Алла берсін. Маған жапқан жалаң өзіңе қайтып келсін.
Мадина үйін сатып ұл-қызымен басқа жаққа көшіп кетті.
Арадан бір-неше жылдар өтті. Айымханның жолдасының жұмысы тоқырауға ұшырап, қарызға белшесінен батты. Үйін кепілге қойып, қарызға ақша алды. Бәрібір жолы болмады. Бұған шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсады. Қарыз берген дөкейлер күн сайын олардың мазасын алатын, бопсалайтын. Баласы тек әкесінің ақшасына сеніп жүрген біреу еді. Оңай ақша табуды көздеп құмар ойынға кіріп кетті. Алдымен көп ақша ұтты, қызығушылықтан астындағы көлігін құмар ойынына тігіп жібергенін байқамай да қалды. Дөкейлер жігітті ұстап алып ақшаны қайтармаса анасы мен қарындасын өлтіретінін айтып қорқытты. Бұл сөзге жігіт қарап тұрсын ба? Әлгілерге пышақ ала жүгірді. Осылайша адам өлтіріп өмір-бойына бас бостандығынан айрылды. Үйін қарыз берушілер тартып алды. Айымхан қызымен бір бөлмелі үй жалдап тұрды. Қызы жұмыс істейм деп анасын алдап түнгі көбелекке айналды. Бұдан жағдайдан Айымхан быраз уақыт хабарсыз болғаны мен бір күні шындық ашылды. Бірақ тым кеш еді. Қызы қуыршаққа айналып үлгерген болатын.
Сол кезде Айымхан бір кездері Мадинаның отбасына жапқан жаласын, Мадинаның айтқан сөздерін есіне алды. Қатты күрсінді, өкінді. Алайда өкінгенмен еш пайда жоқ. Себебі өткенді түзеу мүмкін емес... Өмірінің соңына дейін өз-өзінің ары мен алысып өтті. Іштарлық кез келген жанның түбіне жетері анық. Бір-бірімізге тек жақсылық ойлап, жақсылық тілеп, мына жалғанда сыйласып өтейік.

aserli_angimeler_

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста