Сарыағаш ауданында имам 14 жастағы қызды зорламақ болған

Сарыағаш ауданында имам 14 жастағы қызды зорламақ болған

Қыздың анасы молданың туыстарынан қысым көріп жатқанын айтып шағымдануда

Түркістан облысында педофил-молданың құрбаны болған 14 жастағы қызға қысым көрсетілуде, деп хабарлайды Отырар.

 
"Сарыағаш ауданының 14 жастағы тұрғыны үйден шығудан қорқады. Үнемі үреймен өмір сүретін қыз оны өлтіріп кетуі мүмкін дейді. Қыздың атына қоқан-лоққы үкім шығарылғаннан кейін үш айдан кейін басталды, дейді жәбірленушінің анасы. Сот жергілікті молданы кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптап, 15 жылға бас бостандығынан айырды",- делінген хабарламада.
Сотталушының туыстары айыптаумен келіспей, өтінішті кері қайтарып алуды талап еткен. 

"Егер біз мәлімдемені өзгертпесек, олар бізді өлтіреміз деді. Олар мені мектеп жанында күтіп тұрып, ол кезде де өлтіретіндерін айтты", - деді жәбірленуші қыз. 
Молданың туыстары қысым көрсеткендіктен қыздың отбасы тұрғылықты жерін үш рет ауыстыруға мәжбүр болған. Қыздың анасының айтуынша, олар әлі де аңдып жүр. Көршілер бейтаныс адамдарды жиі көреді. Отбасы полицияға бірнеше рет жүгінген, дегенмен, ешқандай өзгеріс жоқ екенін айтады. 

"Полиция біздің мәлімдемемізді қарастырғысы келмейді. Қылмыс құрамы жоқ дейді. Олар сізді қорқытқан сәтті бейнеге түсіріңіз дейді. Қандай ана қызын пышақпен қорқытып жатқанда видеоға түсіріп тұрады?"- дейді қыздың анасы.
Қысым көрген қыз тіпті өз- өзіне қол жұмсауға дейін барған. Содан кейін полиция өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу туралы бап бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сонымен бірге, тәртіп сақшылары қызды қорқытудың нақты дәлелі жоқ деп мәлімдейді.

"Тергеу фактілерді әлі анықтаған жоқ. Біз жанжалдасушы екі тараппен де кезедесіп сөйлестік, бірқатар тергеу амалдары жүргізілуде. Нақты дәлелдер әзірге жоқ", - деді Сарыағаш аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Байзақов.
Жәбірленуші қыздың анасының айтуынша, қоқан-лоққы көрсетуге қатысы бар бірнеше адам бар, бірақ тек бір күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізілген.

"Тергеудің әділ болатынына күмән келтірген қыздың анасы Ішкі істер министрлігіне жүгінуге ниетті", - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста