"Жарыма жаным да ашиды": Арбаға таңылған мүгедек жанның сыры...

"Жарыма жаным да ашиды": Арбаға таңылған мүгедек жанның сыры...

Мен жиырма үш жасымнан арбаға таңылған жанмын. "Алаш айнасы" порталы ауыл қазағының оқитын бірден-бір интернет газетіне айналды. Талай сұмдық оқиғаларды оқып, өз өмірім туралы жазуды шештім.
Біз үйде алты баламыз. Әскери борышымды өтеп келіп, ауылда "сайран" салып жүрген уақытым. Жаз шыға оқуға тапсыру ойымда бар. Жүріп жүрген көрші ауылда қызым да бар еді. Жастайымнан өжет, спортқа құмар, гитарамен ән салатын жан болдым. Достарым да көп еді. Ол кезде ата-анам тірі болатын. Көрші ауылда бір жігіт әскерден келіп, соның "вечерінен" қайтып келе жатқан жолда жол апатына ұшырадық. Барлығы дін аман. Тек, менің омыртқа сүйегіме зақым келіп, екі аяқтан айырылып қалдым. Омыртқама темір салды. Ауруханада бір жыл жаттым. Бармаған дәрігер баспаған жер қалмады. Басында өмірден түңіліп өлгім де келді. Қасымда жүгіріп жүрген анамды көріп, уақыт өте келе есімді жия бастадым. Ауылға келген соң да сүйікті қызым маған келіп тұруын тоқтатпады. Қалада ауруханада жатқанда да қасымда болған еді. Ақыры қызыма "өз өміріңді сүр, мүгедек жанды қайтесің, өз бақытыңды тап" дедім. Жас болғандықтан сезімге бой алдырды ма қызым алған бетінен қайтпады. Тіпті ата-анасын да тыңдамады. Осылайша біз үйлендік. Мені күтіп отырған анам біраз уақыттан соң көз жұмды.
Кейіннен мен бос отырмай, достарымның арқасында бизнес аштым. Қымбат машинаны мүгедектерге сай қылып қайтадан жасақтатып, қала мен аудан орталығына өзім барып келіп жүремін. Екі аяқта жан жоқ. Әйелім де өте пысық жан. Бізде бәрі бар, тек баламыз жоқ. Дәретке бару, төсекке жату, арбаға отыру барлығы әйелімнің көмегімен іске асады. Өзім дәрменсізбін. Үйдің ішінде барлығы арбалы жанға ыңғайлы етіп жасалған. Соңғы кезде әйелім білдірмесе де бір адамы бар екенін сеземін. Мен оған ешқандай кінә да таға алмаймын. Ештеме де білдірмеймін. Егер де әйелім болмаса мен кімге керекпін? Туғандарымның өз жанұялары бар. Келін мен жеңгенің маған қарайтын түрі де жоқ. Басында анам болды кейіннен әйелім болып мен күтім жағынан қиналмадым. Егер де еркектік намысым оянып, әйеліме кет дейін десем онда мені кім қарайды. Мүгедектер үйінен басқа барар орын жоқ маған. Жетімдер үйінен неге бала асырап алмадық екен деген ой мазалайды. Әйелімнің де ана болғысы келетін шығар, бірақ білдірген емес. Жарыма жаным да ашиды. Ол да мені әлі жақсы көре ме әлде аяушылық па білмеймін, ешқашан «кетемін» деп айтқан емес. Бір жанның бағын байладым ба деген ой да жеп қойды. Сырт қараған адамдарға біз өте тату, ауқатты отбасымыз. Шынымен де ешқашан әйелім екеуіміз ұрсысып, ырылдасқан емеспіз. Әйелімді аңдитындай менің екі аяғым да жоқ. Қандай іс тындырып келсе де маған беймәлім. Ашық көрсеткен де емес. Бірақ, мен сеземін. Сүйіктім әйел адам болған соң, төсек ләззатын алғысы келетін болар, оны жақсы түсінемін. Өзімнің қолымнан ондай келмегендіктен, мен оған ешқандай шарт қоя алмасым анық. Осы уақытқа дейін жақсы өмір сүріп келгенім, сол әйелімнің арқасы шығар. Не болса да Алланың сынағы болар деп, өзімді сабырға шақырып, жаман ойлар ойламауға тырысамын. Білетіндер маған жаны ашып, аяушылықпен қараса, біреулер әйелімді кінәлап, кейбіреуі ісін құптайтын болар, кім білсін? Міне, ағайын менің қазіргі басымнан өтіп жатқан жағдайым осы.

Айбар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста