Желілік маркетингтен опық жедім...

Желілік маркетингтен опық жедім...

"Отбасы - ошақ қасы" айдарының тұрақты оқырмандарының бірімін. Біраз уақыттан бері өз басымнан өткен оқиғаны жазуға ұялып жүрдім. Басқаларға сабақ болсын деген ниетпен өз оқиғамды жолдап отырмын.
Мен қазір Қапшағай қаласында тұрамын. Осыдан екі жыл бұрын Астанадан Қапшағайға көшіп келдім. Астанада өмір сүру, пәтер мәселесі қиындап кетті. Қапшағайда бір дүкенде сатушы болып істеймін. Кешке бос уақытымда интернет ақтарып, қызықты мақалаларды оқып тұрамын. Қазір желілік (сетевой) маркетинг, сауда дегендерден денем түршігеді. Жуықта бір құрбым келіп, "G-Time" деген желілік маркетингті ұсынғанда "Енді көрмегенім, сетевой сауда болсын" деп тонымды ала қаштым.
Ұзын сөздің қысқасы, мен Астанаға Аягөз қаласынан жұмыс іздеп бардым. Семейде жұмыс болғанымен, еңбекақы өте төмен, күнкөріс қиындап кетті. Ажырасқанмын. Бір балам бар. Ата-анама баламды тастап, Астанаға жол тарттым. Ойым - ақша тауып ата-анама болысу, жағдайым түзелген соң баламды қолыма алу. Астанаға келіп таныс қыздар арқылы бір жиһаз сататын сауда орталығына орналастым. Пәтер мәселесі де шешілді. Айлығым да жаман емес, өзіме жетерлік. Келгеніме жарты жыл болған кезде маған әкемнің ағасының қызы хабарласты. Жағдайымды сұрап, үйіне қонаққа шақырды. Бұрын Астанада тұратынын білсем де араласып көрмеген едім.
Сонымен бір кеште әпкем Гүлзираның қонағы болып шыға келдім. Өзі сөз арасында Еуразия сауда үйінде ер адам киімдерін сататын бутик ашқанын және тағы бір бизнеспен айналысатынын айтты. Тұрмысы жаман емес. Бизнесі туралы ашып айтпаса да, кетер кезде "Саған да бір бизнеспен айналысу керек", - деді.
Бір аптадан соң әпкем мені жұмысқа іздеп келіп, демалыс күні бір мекенжайға келуімді өтінді. "Сен әке-шешеңнің жалғыз сеніп отырған қызысың, басқа ешкімдері жоқ, балаңның болашағын ойла, мына күнделікті жұмыспен ешқашан байып, күреп ақша таппайсың, менің сауда орным болған күннің өзінде де мен осы бизнеспен айналысып жүрмін, ана үйді осы бизнес арқасында алдым" деді. Мен келістім. Демалыс күні арнайы уақыт арнап, айтқан мекенжайға келдім. Қала ортасындағы бір үйдің жертөлесінде орналасқан шағын кеңсе екен. Іші жұпыны. Екі үстел мен бес-алты орындық. Маркерлі тақта. "Қазір осы бизнесте Қазақстан бойынша ең жоғары жетістікке жеткен жетекшіміз келеді", - деді әпкем. Жасы отыздардағы бір қыз келіп, менімен танысты.
Ең бірінші қойған сұрағы:
- Қазіргі жалақыңыз қанша?
- 5 жылдан соң қанша жалақы алғыңыз келеді?
Сонымен не керек осы бизнеспен айналысып, тез арада ең жоғары биігіне көтерілген тағы екі "маман" келді. Бірінен соң бірі маркерлі тақтаға бірдемені жазып-сызып схемамен көрсетіп жатыр. Миым айналып кетті. Олардың айтуынша: "Qnet" халықаралық компаниясының Гонконгта бас офистері 1998 жылы құрылған. Әртүрлі тауарлар сатады: жеке бас гигиенасына арналған тауарлар, сағат түрлері, мерейтой монеткалары, зергерлік бұйымдар және туристік пакеттер. Әпкем сол жердегі жетістікке жеткен мықты мамандардың бірі екен. Мен "ойланайын" деп кетіп қалдым. Жол бойы әпкем: - Маған сенбейсің бе, мен саған туыспын ғой, тек жақсылық ойлаймын, - деді. Әпкемнің сөзі қамшы болды ма әйтеу, мен кьюнетке кірдім. Ендігі кезең, ұсынған заттарын сатып алу. Ол үшін ақша керек. Мен шетелге шығу арманым болғандықтан, туристік пакетті сатып алатын болдым. Олар маған "компаниядан ақша түсіп тұрады" деп, арнайы банк карточкасын ашып берді. Карточка ашқаннан соң менің осы "Qnet" компаниясына деген сенімім арта түсті. Құжаттарды толтырып болған соң, туристік пакет 300 мың теңге тұратынын және мен бес жыл ішінде өзім қалаған кез келген мемлекетке бара алатынымды айтты. Қасыма екі адам алып баруға рұқсат. Барлығымыздың жолымызды компания өзі көтереді. Менің жұмысым: өз артымнан тағы он адам кіргізу, талмай жұмыс істеу, өз командаммен жеке офис ашу. Көз алдыма өзімнің байып, шалқып жүргенім елестеп, шынын айтсам "еліріп" кеттім. Бәрі оңай көрінді. Тез барып "Каспий" банкіне 300 мың теңге несиеге тапсырыс бердім. Олар маған еш қиындықсыз үш жүз мың теңгені ұстата берді. Осылайша мен "Qnet" компаниясының құрамына еніп кеттім.
Уақыт өте берді. Артымнан еретін адам таба алмадым. Мен жұмыс істей алмадым ба, әлде адамдардың бәрі ақылды ма, әлде ешкімге артық ақша керек жоқ па, білмедім. Кейіннен әпкем туристік пакетіңді 100 мың теңгеге сатып беремін деп уәде берді. Сол күйі ақша да жоқ, әпкем де жоқ болып кетті. Мен несиені төлеп қала бердім. Кейіннен ел-жұрттан сұрай жүріп, "Qnet" - көп ақшаға уәде беретін лохотрон ойын екенін білдім. Туристік пакет пен карточка КьюНеттен естелік боп қала берді. Кейде, туристік пакетті алғанша көзге көрінетін сағатын алсамшы, анда-санда мауқымды басып отыратын деп қоямын...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста