Radisson SAS қонақүйі
Radisson SAS Hotel – Астанадағы ең мәртебелі мейманханалардың бірі. Мұнда 181 нөмір бар. Оның 128-і – бір және екі орындық стандартты нөмір болса, 34-і – бизнес-класс, 16-сы – бір керуетті люкс, екеуі – екі керуетті люкс. Астанадағы ең сәнді президенттік нөмір осы қонақүйде. Мұндағы бөлмелердің бәрі техниканың ең озық, ең соңғы үлгілерімен жабдықталған. Әр нөмірде плазмалы TV панельдер, жоғары сапалы тегін сымсыз ғаламтор және шай мен кофе ішуге қажеттінің барлығы бар. Президенттік люкс зәулім ғимараттың 18-қабатында орналасқан. Оның терезесінен әсем Астана тұтастай көрінеді. Сондай-ақ ерке Есілдің көрінісі көз тартады. Бұл арнайы нөмір 275 шаршы метрді алып жатыр. Онда мазалы ұйқыға арналған жатын бөлме, екі жуыну бөлмесі, қонақ қабылдау орны, демалыс орны, жеке кабинет пен асхана бар. Radisson клиенттеріне италиялық мейрамхана, лобби бар, сигар бар, «Сарыарқа» банкет залы мен түрлі мәжіліс залдары қызмет көрсетеді.