«Шабыт» шығармашылық сарайы
«Шабыт» шығармашылық сарайы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында Астананың жаңа әкімшілік орталығында, Конгресс-Холл ғимаратының жанында орналасқан. Еліміздің жаңа тарихынан орын алған бұл ғимарат трибуналары, тренажер жарақтары бар спорт залдарынан, 300 және 500 орынға арналған әмбебап концерт залдарынан, көрме кешендерінен, репетиция бөлмелерінен, кітапханадан, сазгерлер мен суретшілердің шығармашылық үй-жайынан, хореография алаңдарынан, балалар шығармашылығы сыныптарынан, баспасөз залдарынан, дәмханалар мен әкімшілік жайлардан тұрады. Мұнда балалардың музыка, кинематография, сахна өнері, детектив мектептері, «Өнер» мектебінің сыныптары, «Номад» арт-орталығы, журналистердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің шығармашылық одақтары да бар. «Шабыт» шығармашылық орталығы – Тәуелсіз елдің барлық талантты да шығармашыл адамдарының басын қосатын ең ірі, бірегей кешен. Сарайдың жалпы аумағы – 30 мың шаршы метр. Ғимарат Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қарамағына берілген. Шалқар шабыт орталығы былтыр маусым айында Елбасының қатысуымен ашылды.