Барлық мектептер мен жоғары оқу орындарына «түркі халықтарының тарихы» немесе «жалпы түркі тарихы» пәні енгізілсе дұрыс болар еді

Барлық мектептер мен жоғары оқу орындарына «түркі халықтарының тарихы» немесе «жалпы түркі тарихы» пәні енгізілсе дұрыс болар еді

Мырзахан Эгамбердиев, тарих ғылымының кандидаты:

– Білім мен ғылым қазіргі заманда адамзаттың барлық салада дамып жетілуінің негізгі факторы болып отыр ғой. Білім жүйесінің қоғам дамуындағы нақты орны мен ерекшелігі қандай?
– Қазіргі таңда кез келген елдің эко­номи­касының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің  тұрақты дамуына байланыс­ты. Жаһандық бәсекелестіктің артуы сал­дары­нан елімізде білім мен ғылымға деген талаптар да артты. Президент биылғы Жолдауында білім мен ғылым саласының әрі қарай даму стратегиясын нақты белгілеп қана қоймай, оны халықаралық сұранысқа сай етуді тапсырды. Осыған байланысты жуырда «Ғылым туралы» Заң қабылдан­ғанын білеміз. Заңға сәйкес, жоғары білім беру саласы үш сатылы жүйеге – бака­лавр­иат, магистратура және PhD докторантураға толық өтіп, оны әртараптандыру мәселесі қолға алынды. Әсіресе, ғылыми-техника­лық саясатты жаһандану үрдістерінің талап­тарына сай инновациялық негізде дамыту – Қазақстанның стратегиялық басым бағыттарының бірі болып отыр. Өйткені әлемдік нарықтық экономиканың жүйелі әрі жылдам даму барысында жаңа маман­дарға деген сұранысы күн өткен сайын арту­да. Осы көшке ере білу үшін инновациялық экономиканы дамытатын ұлттық маман­дарды даярлау міндеті де артты. Оған біз сапалы білім беру арқылы ғана жетеміз. Міне, осы бағытта қазіргі таңда академик Ғ. Мұтанов басшылығындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылы­ми-зерттеу университетіне көшуді жүзеге асыруда. Оның ерекшелігі – шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы студенттерді таңдаған мамандықтары бойынша ғылы­ми-зерттеу жұмыстарына жетелеу және инновациялық қабілеттілігін қалыптас­тырып, арттыру. Сондай-ақ әлемдік өндіріс орталықтарымен байланыс орнатып, уни­вер­ситетіміздің қабырғасында қол жеткізіл­ген ғылыми жаңалықтарды патенттеу, оларды практикалық мағынада қолданысқа енгізу, ел экономикасын дамыту болып табылады. Осыған байланысты Елбасының тапсырмаларын орындау бағытында университеттің 2020 даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары дайындалып, онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тек республикалық қана емес, сондай-ақ әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орынға ие Орталық Азия аймағындағы халықаралық білім беру орталығы ретінде дамыту, Қазақстан мен шетел азаматтарына білім берудің технологиясы мен коммуникациялық, элек­т­ронды құралдар, сондай-ақ қашық­тық­тан оқыту арқылы сапалы білім қызмет­терін ұстану,  университеттің  ЖОО секто­ры­н­­­дағы қолданбалы және іргелі ғылым­дарға көш­басшылық бағытын одан әрі бекі­ту және ұстау, инновациялық әдістемелерді жүзеге асыру мен өткізу үшін қолайлы жағдай жасау мақсаттары қойылды.
– Өзіңіз айтып өткен «Ғылым туралы» жаңа заңның қабылданғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Ғалымдар бұл құжаттан үлкен өзгерістер күтіп отыр. Аталған заңның ерекшелігі неде? Мемлекетке не береді?
– Бірден атап өтейін, қабылданған жаңа «Ғылым туралы» Заңның ерекшелігі мен маңыздылығы жайында Елбасы Н.Ә. Назарбаев соңғы Жолдауында «Біз ғылым­ды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге тиіспіз» деп қадап айтты. Ескі жүйеге назар аударатын болсақ, Қазақстандағы ғы­­лым саласы ұзақ жылдар бойы жоғары білім жүйесінен бөлек дамып келді. Ал дамыған  елдердің  тәжірибесі көрсеткен­дей, жаһандық бәсекелестікке қабілетті маман­дарды даярлау үшін білім мен ғы­лым­ды ұштастырып, студенттердің шығар­машылық ойлау мен сапалы білімге бейім­деу қабілет­терін дамыту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты­рылуы шарт болып табылады. Мысалы,  мен университетті аяқтаған соң, Түркия Респу­бли­ка­сы Гази универси­тетінің Әлеу­меттік ғылымдар институтында Түркия Респуб­ликасының тарихы, түркі мемлекет­терінің тарихы мамандығы бо­йын­ша магистрату­рада оқыдым. Бұл уни­верситетте білім мен ғылым қатар жүрді. Дәріс берген профес­сорлар маман­дықты толық меңгеру үшін «Османлы» (араб, парсы және түрік тілде­рі­нің қосындысы), ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгеру, салыстырмалы ғы­лыми-зерттеу әдістерін, жаһандық ойлау санамыз бен қабілет­тері­мізді дамыту үшін күш-жігерлерін жұмсады. Осылайша бес тілді маман болып шықтық. Сонан соң алған білімімізді тек білім мен ғылым саласында ғана емес, сонымен қатар өзге де іс-шараларда пайдалануда­мыз. Заман талабына сай, елімізде иннова­циялық  Назарбаев университеті бой көтергені баршаға аян. Университеттің құрылуындағы мақсат – жетекші шетелдік университет­тердің үлгісіндегі индустриал­дық-инно­вациялық экономиканы дамыту үшін қа­жет­­ті мамандарды дайындау болып табылады. Бұл университеттің түлектері де заманауи маман болуымен қатар, бірнеше тілді меңгеріп шығатынына кәміл сенім­дімін. Ал «Ғылым туралы» жаңа Заң заманға сай білім ордаларын қалыптас­тырып отырған Қазақстанның білімі мен ғылымын әлемдік деңгейге жетелейді.
– Қазіргі кезде не болса соны өркениетті елдердің жүйесінен көшіре салу үрдіске айналып барады. Өте нәзік білім саласы да осындай жағдайды басынан өткерді. Мысалы, кредиттік білім беру жүйесінің талаптарына сай келмесе де, жоғары оқу орындары тапсырманы орындап, осы жүйеге жаппай көшіп кетті. Сіз бұған не дейсіз?
– Кез келген ел өтпелі кезеңді басынан өткізген кезде бірқатар қиындықтарға тап болады. Қазақ халқы «Көш жүре түзеледі» дейді. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық ЖОО-ы кредиттік білім беру жүйесіне толық өтті десек, қате болмас. Әлемдік білім мен ғылым жүйесіне ере алу үшін бұл жүйе қажет. 2011 жылдың 2-3 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті мен British Council-дің ұйымдасты­руымен «Зерттеу университеттері және инновациялар – Қазақстанда британдық тәжірибені пайдалану мүмкіндіктері» атты семинар өтті. Бұл семинарға Қазақстанның мемлекеттік университеттерінен басшылар, бөлім меңгерушілері мен ғалымдар қатыс­ты. Семинарды жүргізген британдық ғалым Марк Грэй мен QS World University агенттігі Орталық-Шығыс Еуропа және Орталық Азияның аймақтық директоры Зоя Зайцева «Қазақстанда кредиттік білім беру жүйесінің аз уақыт ішінде сіңіп кет­кендігін» атап өтті. QS World University агенттігі, мәселен, еліміздегі жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациядан өткізеді. Кредиттік білім беру жүйесінің пайдасы мол. Біріншіден, Қазақстандағы жоғары оқу орындары әлем деңгейінде танылады және жетекші университеттермен бәсекеле­се алады. Екіншіден, кредиттік жүйе сту­дент­терге міндетті пәндерден тыс маман­дыққа қатысты элективті пәндерді таңдап, білім алуларына мүмкіндік береді. Жалпы, пәндердің арасында элективті пәндер бүгінде 60 %-ды құрайды. Студент­тер пән­ді таңдаумен қатар сапалы, білімді әрі бі­лік­ті оқытушыны да таңдай алады. Кредит­тік жүйеде электронды баға қою тәсілі енгізілген.
– Кейінгі кезде университеттер жанынан зерттеу институттарын ашу үрдісі жиілеп кетті. Бұл институттардың ғылымға қосар үлесі қаншалықты?
– Ғылыми-зерттеу орталықтары өз бетінше ашылатын дүние емес. Бұл орта­лықтар  заман  ағымына қарай қажеттіліктен туындайды және университеттің ғылыми кеңесінде жан-жақты талдаудан өтіп, сарапталып, университет басшысының ұсынысымен министрліктің бұйрығымен ашылады, оның арнайы лицензиясы бола­ды. Мәселен, ауылшаруашылық, мұнай, нанотехнологиялар, биология, химия сала­лары бойынша ашылған ғылыми-зерттеу орталықтары зерттеу объектілерінен ұзақ болмауы тиіс деп ойлаймын. Мысалы, мен білетін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің құрамында механика және математика, эксперименталды және теориялық физи­ка, жаңа химиялық технологиялар мен мате­риалдар, экологиялық мәселелер, биоло­гия және биотехнология мәселелері, ғылы­ми-зерттеу институттары, физика-хи­мия әдістерін зерттеу және талдау орталы­ғы, ашық түрдегі ұлттық нанотехнология зерт­ханасы, ғылыми-технологиялық парк, Кон­фуций институты, қазақ-үнді ақпарат­тық технологиялар орталығы жұмыс істеу­де. Мәселен, эксперименталды және тео­рия­лық физика ғылыми-зерттеу институты­ның ғалымдары DAAD, CRDF, BENSC, INTAS, NATO, МАГАТЭ, МНТЦ, ЮНЕСКО халықара­лық ұйымдарының қаржысы есебінен халы­қаралық ғылыми жобаларға қатыса­ды, ал ашық түрдегі ұлттық нанотехно­логия зертханасы көпдеңгейлі үзіліссіз білім беру үрдісін ұйымдастыруға және наноғылым, нанотехнология, наноинженерия саласын­да инновациялар енгізуге, жаңа ғылыми білім беру мектептері мен наноиндустрияны дамытуға ықпал етеді. Бұл орталықтарда студенттер, магистранттар және PhD докторанттары іс-тәжірибеден өтеді, яғни алған білімдерін практикада қолданады.
– Жалпы, осы жоғары оқу орындарының жанынан зерттеу орталықтарын ашу өзге мемлекеттерде қалай?
– Түркияда білім алғандықтан, Түркия Республикасы мысалында ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметі жайлы айта кетейін. Гази университеті сонау Ататүріктің басшылығымен құрылған Түркия Республи­касының алғашқы университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі кезде бұл универ­ситет құрамында 15 факультет, 4 жоғары мектеп, 9 мамандандырылған жоғары мектеп және 6 институт бар. Мен оқыған Әлеуметтік ғылымдар институты 1982 жы­лы құрылып, ЖОО-нан кейінгі маман­дарды, яғни магистранттар мен PhD док­торанттарды дайындаумен қатар, ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады. Институтта 19 мамандық бойынша 51 ма­гис­тратура, 3 диссертациясыз магистратура және 26 PhD докторантура, жалпы, 80 бағдарлама  бойынша мамандар әзірленеді. Докторантураның білім мерзімі 12, ал магис­тратура 6 жартыжылды  құрасты­рады. Мұнда құқық, экономика, тарих, түрік тілі және әдебиеті, әлеуметік-саяси мамандықтар бойынша мамандар дайын­далады. Бұл институтта білім мен ғылым өзара сабақтасып, магистранттар мен PhD докторанттары ғылыми-зерттеу жұмыс­та­рына тартылады. Ғылыми-зерттеу жұмысын дайындау барысында шетелдік ЖОО-мен байланыс орнатылып, міндетті түрде қазіргі кездегі өзекті тақырыптарды зерттеуге ден қойылады. Ялова университетінің құра­мын­да да Әлеуметтік ғылымдар институты бар. Бұл институт та ЖОО-нан кейін білім мен ғылымға үлкен мән беріп, магистрант­тар мен PhD докторанттарды дайындайды. Түйіп айтқанда, шетелдік университеттерде білім мен ғылым өзара байланысып жүр­гізіледі.
– Ғылым саласынан өзге сұрақтар қойсам ба деп отырмын. Түркияда білім алып, түркітілдес мемлекеттерді аралап қайтқан екенсіз. Тарихшы ретінде түркітілдес мемлекеттердің болашағы туралы сұрағым келіп отыр...
– ХХ ғасырда М.Шоқай, Т. Рысқұлов, М. Сұлтанғалиев, Зеки Велиди Тоған т.б. «Түрік бірлігі» идеясын ұсынған кезде Ресей империясы жаңа отарлық саясатқа қадам басқан күннен бастап ұлт зиялыларын «пантүрікшілдер» деп айыптап, бұл қозға­лыс­қа агрессиялық, ұлтшыл және регрес­шіл сипат берген еді. Алайда «Түрік бір­лігі» идеясының өміршеңдігін және тек өзара мәдени-интеграциялық бірлікті алға тартқандығын бүгінде К. Есмағамбетов,           М. Қойгелдиев, К. Нұрпейіс т.б. ғалымда­ры­мыз өз еңбектерінде ғылыми тұрғыдан дәлел­деген. Түркі әлемінің бірлігі жайлы 1990 жылдардың басында Түркия Респу­бликасының Президенті марқұм Тұрғыт Өзал практикалық мағынада қайтадан күн тәртібіне қойды. Елбасы Н. Назарбаевтың даналық саясатынан оның түркі әлеміне үлкен мән беріп отырғандығын байқаймыз. Бұл – Республикамыздың көпвекторлы саясатының бір бағыты ғана. Бірінші кезекте Елбасы Орталық Азия Одағын құру идеясын ұсынды. Сонан соң Нахичеван қаласында өткен саммитте Түркі мемлекеттерінің Ақсақалдар кеңесінің құрылуына, Астанада Түркі академиясының ашылуына тікелей өзі мұрындық болды. Әрине, бұл түркі мемлекеттерінің өзара тығыз байланыс­тарының жемісі болып табылады. Жаһан­дану кезеңінде аймақтық интеграцияны әрі қарай дамытпасақ, алпауыт елдердің неоколониалдық саясатына төтеп бере алмаймыз.
– Әңгімеңізге рақмет.

Алашқа айтар Датым...
Діні бір, тілі бір, мәдениеті мен салт-дәстүрі бір түркі мемлекеттері Еуропа мемлекеттері іспетті мәдени-интеграциялық ұйым құрғаны дұрыс болар еді. Бұл бірлікке жету үшін де халықтың санасын ұлттық бағытта дамытқан абзал. Ол үшін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тәжірибесінен үлгі алып, орта мектептер мен жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына «түркі халықтарының тарихы» немесе «жалпы түркі тарихы» атты пән енгізілсе дұрыс болар еді.

Маман ұсынысы
Ендігі жерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын патенттеу және оны комерциялау басты міндет болып тұр. Бәсекелестікке қабілетті білім мен ғылымның Қазақстанға келуі үшін біз осы мәселені қолға алуымыз қажет. Мәселен, Түркиядағы Билькент университеті ғылыми жобаларды коммерциялаудың арқасында университет бюджетін арттырумен қатар, ел экономикасына қыруар қаржы тартып отыр. Сондықтан қабылданған жаңа «Ғылым туралы» Заң Қазақстанның білім мен ғылым саласын жаңа сатыға көтеретіні хақ деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста