Бірде-бір облыс әкімі «менің облысымда мынадай ескерткіш бар» деп айта алмайды

Бірде-бір облыс әкімі «менің облысымда мынадай ескерткіш бар» деп айта алмайды

Мадияр ЕЛЕУОВ, Археология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор:

– Мадияр Елеуұлы, қазіргі кезеңде ар­хеология ғылымының дамуы жай­лы археолог ғалым ретінде көз­қа­расыңыз қандай?
– Еуразияның тура кіндік тұсында тұр­ған біздің жеріміз ең ар жағы қола дәуірінен бастап (б. з. д. ІІ мыңыншы жылдық) эт­ни­калық, этно-мәдени процестердің қайнаған қа­ра қазаны болған сияқты. Қола дәуірінде кіндігі, өзегі қазіргі қазақ жерінде болған Андрон мәдени-тарихи бірлестігі өте кең-бай­тақ аумақты алып жатты. Әлем жұрт­шы­лығы 70-жылдары Қазақстанды Есiк қор­ғанынан табылған Алтын адам арқылы тағы бiр танығаны белгiлi. Жұртшылық кө­не Сақ дәуiрiнен берi сақталған адамның ал­тындалған әшекейлi киiмiне таңғалып, таңданғаны, тiптi сенсация болғаны мәлiм. Ал­тын адамның табылуы рухымызды кө­тердi, Тәуелсiздiгiмiздiң символына ай­нал­ды. Бұдан асқан мәртебе жоқ. Одан бертін са­раптай беретін болсақ, Шу мен Талас өңір­лері мен Оңтүстік Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық елді мекендері мен қа­лаларының пайда болу, қалыптасу, даму та­рихы, Ұлы Жібек жолының Қазақстан ар­қылы өткен бөлігі мен Қазақстанның ор­та­ға­сырлық керуен жолдары табысты зерт­теліп, біршама жаңалық ашылды.
Тарих қойнауында ғылыми тұрғыда зерт­­теліп, ашылмай жатқан қаншама та­ри­хи бағзы мекендер бар. Осындай та­қы­рып­тарды орындау мақсатында 2003-2007 жылдар аралығында Археология ғы­­лыми-зерттеу орталығының Тұран ар­хео­­­логиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақ­стан, Жамбыл, Қызылорда облыс­та­рында археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, осы уақытқа дейін ғылымға бел­гі­сіз болып келген 818 жаңа ескерткішті ашып, оларды ғылыми айналымға енгізді. Айта берсек, археология ғылымының да­муы барысында қазіргі кезде көптеген та­рихи-мәдени ескерт­кіш­термен, мұ­ра­лар­мен толығып жатыр. Алайда бағзыдан баян беретін ескерт­кіш­тердің ескерусіз қал­ған­дары да жетерлік. Табиғи апат немесе адам қолынан жойылып бара жатқан жә­ді­гер­ле­рі­міздің жайсыз күйі ғалымдарды қатты алаңдатуда. Қазақ­стан­ның мәдени мұрасын ашу, есепке алу, қор­ғау және сақтау ісіне терең мән беріп, тарихи жәдігерлерімізді жойып жібермей, сақтап қалуымыз керек. Өйт­кені келешек ұрпаққа өткен дәуірден жет­кен көне тарихи жәдігерлерді сақтап жет­кізу ұлт мүддесі үшін, тарих үшін керек.
– Сіз орта дәуірдегі Шу мен Талас өңірлері мен Оңтүстік Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық елді ме­кен­дері мен қалаларының пайда болу, қа­лыптасу, даму тарихында архео­ло­гия­лық қазба жұмыстарын жүргізіп келесіз. Ұлт тарихы үшін ерекше ма­ңыз­ды тарихи этнологиялық ерек­шеліктерге тоқталып өтсеңіз.
– 1975 жылдан бері Шу мен Талас өңір­лері мен Оңтүстік Қазақстанның ежелгі жә­не ортағасырлық елді мекендері мен қа­ла­ларының пайда болу, қалыптасу, даму та­рихын, Ұлы Жібек жолының Қазақстан ар­қылы өткен бөлігі мен Қазақстанның орта­ғасырлық керуен жолдарын зерттеп келемін. Зерттеу барысында мені алаң­да­татын үлкен бір мәселеге баса назар ау­дарғым келеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақ­стан, Қызылорда облыстары көлемінде ор­на­ласқан 61 ортағасырлық ескерткіш табиғи апатта тұрғанын анық білемін. Талас өзенінің бойында Түймекент, Қаратау жағындағы Тамды қаласын және тағы басқа ежелгі немесе ортағасырлық қала­лар­ды да су шайып жатыр, кейбірінің қал­дығы ғана қалды. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара суқоймасында Үтіртөбе деген қала бар. Оны су шайып, үтір сияқты болып қалған соң халық «Үтіртөбе» атап кеткен. Ол қала жылына 8-9 ай арал болып тұрады. Былтыр 12 маусымда моторлы қайықпен жарты сағаттай уақыт жүзіп бардым. Қала төңірегіндегі су тереңдігі 2-3 метр­ге барады. Міне, осындай ескерт­кіш­тер­дің су астында қалып жатқаны аянышты. Басқа да қалалар қазылып, зерттеліп жатыр, қарсы емеспіз, алайда ең алдымен бұзылып жатқан ескерткіштерді сақтап қалу керек емес пе? Бұл өткен тарихымызды толыққанды танытатын таптырмас дерек қой. Соңғы 2-3 жылда министрліктің таба­нын тоздырып жүріп, Жамбыл облысындағы үш ескерткішті «Мәдени мұраға» енгіздім. Олар – Тастұмсық, Түймекент, Тамды деген қа­лалар. Тамдының үштен екі бөлігін су шайып кеткен. Бұл қала ІХ-Х ғасырдан бұрын пайда болған сияқты. Қаланың сыр­ты­нан биіктігі 4-5 метрдей болатын қамал са­лынған. Қалаға келетін су құбырын аш­тық. Түрлі құрылыстар, қала ортасындағы дәліз­дер ашылды. Біз оны кең көлемде қазатын болсақ, қала туралы толық дерек алып, зерделеуге мүмкіндік туады. Ал оны зерттемесек, ол тарихтан жоғалып кетеді. Осындай қазуға қажет ескерткіштердің тек бір-екеуін ғана айтайын. Қызылорда об­лы­сы Қармақшы ауданының орталығы – Жоса­лы­дан он шақырымдай жерде Сор­тө­бе деген ескерткіш қала бар. Бұл VIII-IX ға­сыр кезінде пайда болған, беріде Сыр­да­рияда қатты ағын болғанда қаланың 50 пайызын су шайып, жоқ қылып жіберген десек те болады. Дарияның жағасын қап­тал­дай қара­саңыз, мәдени қабатты көріп, ішіңіз удай ашиды. Қабырғалар, үлкен-үл­кен үй бөлмелерінің қалдықтары көрініп жатыр. Ол қаланың тарих ғылымы үшін құндылығы мынау: Қазақстан тарихында оғыздардың мекені деп айтылғанымен, біз ортағасырлық археологияда оғыз кезеңін бөліп көрсете алмаймыз. Егер Сортөбе қа­ла­сына қазба жүргізетін болсақ, қаланың оғыз кезеңінде пайда болып, оғыз кезеңінің соңғы жағын­да өмір сүруін тоқтатқанын бай­қаймыз. Бұл – сол уақыттың дүниесі. Біз қа­лаға қазба жұмысын жүргізбесек, одан да айырылып қаламыз. Өйткені мұны да екі-үш жылда то­лық су шайып кету қаупі бар.
– Табылған жәдігерлерді, деректерді зерттеп, сараптап игеру жағы қалай болып жатыр?
– Тарихи қазбалардың деректерін зерт­теп, зерделеп шыққан кітаптар саусақпен санар­лық. Ал қанша миллион ақшаға қаншама қазба жұмысы жүргізілді. Нәти­жесі қайда? Құмға сіңген судай болып қал­ды. Сол табылған заттарды зерделеп, сарап­тап кітап жазатын уақыт өтіп бара жатыр. Бұл жағын біз ойлауымыз керек. Бұл – өте қажет мәселе. Қазіргі күнде жы­лына ғылыми есеп шығады, оны том-то­мы­мен шығаруда. Алайда ол үлкен моно­графия болып шығып жатқан жоқ. Қазба жұмысымен қатар, зерттеуді қоса алып жүруіміз керек. Сонымен бірге қазақта туристік нысан болатын қаншама құнды ескерт­кіштер бар. Біз бұл жағынан да кешеуілдеп жатырмыз. Талай жерде осы жайлы мәселе көтеріп жүрміз. Қазылған, зерттелген дүниенің нәтижесін осындай жол­дармен көрсетуіміз керек.
– Сіз ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында қандай экспедицияларға қатыстыңыз?
– 2001-2007 жылдар аралығында экс­пе­дицияларға жетекшілік еттім. Ұйым­дастыру нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Түркістан, Бәйдібек аудандарында, Жамбыл облысының Са­рысу, Талас, Жуалы, Жамбыл аудан­да­рын­да, Қызылорда облысының Шиелі, Жаңа­қор­ған аудандарында 800-ден астам археологиялық ескерткіш ашылып, ғылыми айналымға енгізілді. Археологиялық ғы­лы­ми-зерттеу орталығы елімізде алғаш рет 2004 жылы жеке ауданның архео­логиялық картасын жасап, «Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның археологиялық картасы: Түлкібас ауданы» атты энциклопедиялық жинақты баспадан шығардық. Сонымен қатар Түр­кістан, Бәйдібек, Шиелі мен Жаңақорған аудандарының археологиялық карталары жеке-жеке жинақ болып шығарылды.
Деректерге сүйенетін болсақ, Түймекент қала­шығы VІ-ХІІ ғасырлар еншісіне жатады. Бұл жөнінде алғаш рет 1894 жылы ғалым В.В.Бартольд жазған болатын. Кейінірек көне қалашық орнында – А.Бернштам, одан кейін ғалым Карл Байпақов бастаған арнайы археологиялық экспедициялар жұмыс жүргізеді. Ал тарихи орын 2000 жылы Қазақ­стан Ғылым академиясының Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық инс­ти­ту­тының күшімен түбегейлі зерттелді. Сөйтіп, мұнда бекіністер, қабырғалар, адырлар, мұнаралар болғандығы зерттелініп, Түй­ме­кент­тің қала болғандығы жө­нін­де анық­талды. Мұнда үш бөлме мен қа­малға кіретін дәліз орны ашылды. Қызығы, қаланы су шайып кеткен. Кейіннен кесек құйы­лып, қай­та қалпына келтіру қолға алын­бақ бол­ған тәрізді. Тағы бір кереметі – бұл бекініс VІ ғасырда емес, ХІ-ХІІ ғасыр­ларда салын­ған. Халық ең көп шоғырланған қалашық бол­ған. Егер қала орнын түгел ашса, мұнда аспан асты мұражайын ашуға болады. Ол, әри­не, тарихымызды терең зерттеп, зер­де­леуге мүмкіндік берер еді. Өкініштісі – мұнда бөлінген қаржы мен уа­қыт­тың тапшылығына байланысты архео­ло­гиялық барлау жұ­мыс­тарын әзірге тоқ­татуға тура келіп тұр. «Мә­де­ни мұра» бағ­дар­ламасына енбеген 70-тен аса мұраны аштық. Бүгінгі күні зерт­теу жұмыстары жүр­гізіліп жатқан көне та­ри­хи ескерткіштерді көп­шілікке насихаттаудың бір­ден-бір жолы – мәдени-туристік кешен­дер­ге айнал­ды­ру.
– Археологиялық ғылыми-зерттеу ор­талығы атқарып жатқан жұмыстардың бағыттарына тоқталып өтсеңіз.
– Археологиялық ғылыми-зерттеу ор­та­лығы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Ха­лықаралық қазақ-түрік университетінің қолдауымен ашылды. Қазіргі уақытта Оң­түстік Қазақстан археологиялық ескерт­кіш­тері негізінде «Ежелгі және ортағасырлық түркі өркениетінің сабақтастығы» – мем­ле­кеттік гранты бойынша, шаруашылық келі­сім­шарттар бойынша бірқатар зерттеу жүр­гі­зі­луде. Солардың бірі – бағыт бойынша Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында далалық археологиялық зерттеу жұмыстарын және ортағасырлық Қарашық қаласында қазба жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің «Ежел­гі және ортағасырлық Қазақстандағы археологиялық материал­дар бойынша адам, қоғам, мемлекет және мәдениет: Еу­ра­зияның дала өркениеті» атты 2006-2008 жылдарға арналған іргелі зерттеулер гран­ты бойынша «Қаратаудың археоло­гия­лық ескерткіштері» атты ғылыми жоба іске асырылды.
Археология ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын орындау мақсатында Ә.Х.Марғұлан атын­да­ғы Археология институтымен жасалған шаруашылық келісімшарттары бойынша 2005 жылдан бастап «Ортағасырлық Сау­ран қаласындағы қазба» деген тақырыпта ортағасырлық Сауран қаласында архео­ло­гиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Со­ны­мен қатар республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Қызылорда об­лы­­сының тарихи-мәдени ескерт­кіш­те­рінің жинағын баспаға даярлау» тақырыбын орын­дау үшін Ә.Х.Марғұлан атындағы Ар­хео­­логия институтымен 2004-2005 жыл­дар аралығында шаруашылық келісімшарт жа­салды.
– Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағ­дарламасы бойынша тарихымыз көп­теген тарихи-мәдени ескерт­кіш­тер­мен, мұралармен толықтырылды. Алайда ескерусіз қалған жайттар бар деп ойлайсыз ба?
– «Мәдени мұра» – жоғымызды түген­деп, барымызды байыптауға мүмкіндік берген бағдарлама. Ол ұлтымыздың тари­хи, мәдени құндылығын тануға, танытуға бетбұрыс жасады. Жалпы, бағдарлама аясын­да жасап жатқан шаралардың бәрін қолдаймын, құптаймын. Бірақ бір жайсыз жайт­қа назар аударғым келіп тұр. Күні бүгін­ге дейін біз Қазақстанда қанша архео­логиялық қазба жұмысы жүргізілгенін білмейміз. Бірде-бір облыс әкімі я болмаса мәдениет басқармасының бастығы «менің облысымда пәлен ескерткіш бар» деп айта алмайды. 2004 жылы «Мәдени мұра» бастал­ған жылы мен алғаш рет Түркістан ауданының археологиялық ескерткіштер жинағын шығардым. Сонда ауданда 200-ден астам ескерткіш бар болып шықты. Біз облыс көлемін білмейміз. «Мәдени мұ­ра­ның» кешеуілдеп жатқан жағы – бұл об­лыс­тардағы ескерткіштердің есебін алу. 2004 жылы басталғанда Қызылорда, Ал­ма­ты облысы үш жылдық бағдарламаға кірді, екі жылға ақша бөлінді де, үшінші жылға бөлінбей қалды. Алматы облысына 18 миллион бөлінгенімен, осы уақытқа дейін кітап шыққан жоқ. Сондықтан қазіргі таңда қазба жұмыстарын бастамай тұрып, алдымен еліміздегі ескерткіштердің санын білуіміз керек. Оны анықтап, заңды түрде бекі­ту керек. Сонда ғана оны мемлекет қор­ғайтын болады. Ал есепке алынбаған ескерткіштерді кім қорғайды? Ешкім де. Бірінші кезекте біз табиғи апаттан бұзылып жат­қан ескерткіштерді зерттеуіміз керек. Тек қазіргідей сарынмен жүре беретін бол­сақ, тарихымызды сөйлететін құнды ескерт­кіштерімізді жойып аламыз, оның санын да анықтай алмаймыз. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында зерт­теу жұмысын жүргізгенде жеті жылдың ішін­де ғылымға белгісіз болған Түркістаннан 1605 ескерткіш аштық. Көптеген маңызды дерек таптық. Егер осылай есепке алсақ, тың­ғылықты істер жүзеге асатын еді. Осы жа­ғы мені қинайды. Себебі көп ескерткіштің бұ­зылып жатқаны өкінішті. Бізде 1992 жы­лы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерт­теу және сақтау, пайдалану туралы заң қа­был­данған. Қазір ол заңның баптары жұ­мыс істе­мейді. Газ құбыры, үй немесе басқа құ­ры­лыстар салынатын болса, заң бойынша ол жерге археологтердің сараптамасынан өт­кізіліп, қорытындысынан кейін ғана рұқсат еті­леді. Тағы айтатын нәрсе – кейбір облыс­тарда ескерткіштер саны көп, бірақ құ­жат­тары толық емес. Құжат жоқ болса, оны еш­­кім қорғамайды. Тарихи-мәдени ескерт­кіш­­терге қатысты осындай заңдарға толықтырулар керек деп ойлаймын.
– Соңғы жылдары ашылған қазба жұмыстарының ішінде Кентау қала­сын­да табылған обаның қандай ерек­ше­ліктері бар?
– 2008 жылдан бері Кентаудағы тау басында орналасқан үлкен обаны қаза бастадық. Обаның аумағы 35 метр, биіктігі 5,5 метр. Ол жерден біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-І ғасырларға жататын қаланың қалдықтары табылды. Оба тоналып кеткен. Обадан бір бөлме ашылды. Ол бөлмеден үш құмыра, қола қазан, ат әбзелдері, алтын сырға шықты. Бұл обаның құндылығы – осы шағын ғана бөлмеден 30-ға жуық зат табылды. Олардың барлығы жердің астына бірге көмілген. Сондықтан ол «көмбе» деп аталады. Қаңлы кезеңіне жатады. Екін­ші­ден, табылған заттардың көбі таза күмістен жасалған. Ол заттардың жасалу техникасы өте бір ерекше. Осы жағынан құнды. Тағы бір қызық жайтты айта кетейін, обаны қа­зып, оның үстін жауып кеттік, былтыр барғанда менің қазып кеткен жерімде 2008 жылы төккен топырағымның үстіне бидай өсіпті. Оны орып алдық. Кезінде көмбенің сыртын сылағанда бидай қосқан. Сонда 2 мың жыл бойы сақталып келген. Әлі де сараптама жүргіземіз. Қандай бидай екенін анықтап, мүмкін, жаңа бір бидайдың сортын тауып та қалармыз.
– Қазақ мәдениетінің рухани да­муы­на қазіргі археологиялық зерт­теу­лердің қандай үлесі бар деп ой­лай­сыз?
– Жақында Елбасы белгілі өнер, мә­де­ниет және әдебиет қайраткерлерімен кез­дес­кен кезде осы «Мәдени мұра» бағ­дар­ламасына тағы да жақсы бағасын берді. «Биік мәдениет – ұлттың көрсеткіші. Бұл бағдарлама мәдени өміріміздегі тарихи оқиға болды», – деп нақты айтып кетті. Былтырғы жылдың басында Елбасының тапсырмасымен «Мәдени мұраның 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жос­пары» бекітілді. Осы жоспарды орындау үшін бірталай жұмыс атқарылуы тиіс. 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық бағдарламасы негізінде өткен жылдан бері Тараз қала­сындағы «Төрткүл» кешенінде жұмыстар жүргізіліп, осында «Төрткүл ХІ-ХІІ ғғ.» ас­пан асты керуен сарай мұражайы салы­нып жатыр. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қор­ғау және қалпына келтіру дирекциясы бүгінгі күні жамбылдық жұртшылыққа арнап «Жамбыл облысының туристік ба­ғыт­тары» атты «жолсерік» кітапша шығарып отыр. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археология ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе шығарылған бұл дүние аймаққа келген қо­нақтар мен көне жәдігерлерді аралап танысқысы келген көпшілікке таптырмас кітапша болатыны анық.
Ұлы Жібек жолы қазақ жері арқылы өткені белгілі. Қазақстанның ортағасырлық керуен жолдары табысты зерттелді десек те, әлі талай-талай тарихтан сыр шертетін көне қалалардың қазылып ашылуына қыр­уар күш керек. Бұл әзірге – уақыт енші­сін­де.
Жалпы, Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай­ғы кезеңде «Мәдени мұра» бағ­дарламасы аясында 2003 жылдан бастап біраз шара атқарылды, шетелдегі архив­тер­ден материалдар алып келінді. Рестав­ра­циялық, археологиялық жұмыстар жаса­лын­ды. Кітаптар шығарылып жатыр. Осының бәрі Тәуелсіздігімізді нығайтуға, ұлттық санамызды қалыптастыруға ықпа­лын тигізетін үлкен шаралар екені сөзсіз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Айшықты ой...
Қазіргі таңда қазба жұмыстарын бастамай тұрып, алдымен еліміздегі ескерткіштердің санын білуіміз керек. Оны анықтап, заңды түрде бекіту қажет. Сонда ғана оны мемлекет қорғайтын болады. Ал есепке алынбаған ескерткіштерді кім қорғайды? Ешкім де. Бірінші кезекте біз табиғи апаттан бұзылып жатқан ескерткіштерді зерттеуіміз керек. Тек қазіргідей сарынмен жүре беретін болсақ, тарихымызды сөйлететін құнды ескерткіштерімізді жойып аламыз, оның санын да анықтай алмаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста