Ғылым мен техниканың дамуы қалтадағы диплом санымен емес, сол диплом иелерінің білім деңгейімен қамтамасыз етіледі

Ғылым мен техниканың дамуы қалтадағы диплом санымен емес, сол диплом иелерінің білім деңгейімен қамтамасыз етіледі

Әділбек БОТАБЕКОВ, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ректоры:

— Білім және ғылым министрі Б.Жұ­ма­ғұлов ЖОО-лардың санын 50-ге дейін қысқарту жөнінде ұсыныс айтты. Негізгі мақсат қысқарту арқылы білім сапасын арттыру болып отыр. Ендігі жер­де дұрыс маман даярлап шығара ал­маған ЖОО-лар колледжге айналуы мүм­кін. Бұған қалай қарайсыз? Шы­нын­да да, ЖОО-лардың санын қыс­қар­ту арқылы білім сапасын арттыра аламыз ба?
— Елбасы Жолдауында «Бүгінде да­мы­ған ел­дерде 1 миллион тұрғынға 1-ден       6 жо­­ға­ры оқу орнына дейін келеді. Қазақ­стан­да барлығы 149 жоғары оқу орны бар» деп атап көрсетті. Демек, бұл тұрғыдан қа­рай­тын болсақ, Қазақстан үшін 16-дан 96 жо­ға­ры оқу орны жеткілікті. Яғни білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың ұсынысы Ел­басының Жолдаудағы тұжы­рым­да­ма­сы­нан туындаған орта шама. Әйткенмен де бүгінгі таңда ешкім ЖОО-лардың санын қыс­қартуды төте мақсат етіп қойып отырған жоқ. Мәселе басқада. Елбасының Жол­дауын­дағы «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деген сөздеріне жүгінейік. Олай болса, қазіргі заман талабы – білім сапасын арт­тыру. Оған тек ЖОО-ларға қойылар та­лап­ты кү­шейту арқылы қол жеткізуге бола­ды. Талап күшейсе, сапаның артатындығы бар­ша­мыз­ға аян. Заманауи талапқа сәйкес, ел экономикасын шын мәнінде дамытуға лайық маман даярлап жатқан ЖОО-ны еш­кім қысқартуға тырыспасы нық. Бірақ, өкі­ніш­ке қарай, саны бар да сапасы жоқ ЖОО-лардың бар екені ешкімге де құпия емес. Елбасының Жолдауында ЖОО-лардың ин­но­вациялық қызметке көшу талабы қойыл­ған. Осыған орай ЖОО-ларды жіктеуді іске асыру міндеті тұр. Сондықтан ЖОО-лардың оңтайлы саны жуық уақытта білім сапасын арттыру мақсатында күшейтілген талап негізінде, табиғи сұрыпталу нәтижесінде бел­гілі болады деп ойлаймын. Бұдан Қазақ­стан үшін тек пайда болмаса, еш зиян жоқ.
— ЖОО-лардың білім беру жүйесі еу­ропаланып жатыр. Болон жүйесіне көш­тік. Осылайша біз бұрынғыдай тәр­бие мен білімді қатар алып жүруден айы­рылып, ұлттық құндылықтарды жа­һанданудың көлеңкесінде қалдырып кет­пейміз бе?
— Қазақстанның ерекшелігі де, өмір­шең­дігі де оның жаңашылдығында деп ой­лаймын. Оқу үдерісін ұйымдастырудың дү­ниежүзі қолданып отырған озық үлгілерін елі­мізде қолдануды неге жатсынуымыз керек? Бұл бағытта атқарылар жұмыс әлі ұшан-теңіз. Болон жүйесін толыққанды иге­­ріп алдық деуге әлі ерте. Әлемдік стан­дарт­тар­ға сәйкес құрылған, халықаралық ЖОО – Назарбаев университетінің үлгісі не­гізінде шын мәніндегі жүйелі нәтижелерге қол жет­кізу – таяу меже. Тәрбие мен білімді қа­тар алып жүруге Болон жүйесінің еш ке­дергісі жоқ. Ел ертеңіне шын жанымыз ашыса, өс­келең ұрпақтың тәрбиесін аса ма­ңызды мемлекеттік мәселе деп қарас­ты­руымыз қажет. Соған сәйкес қажырлы еңбек етуімізге қазіргі уақытта барлық мүм­кіндік бар. Ме­нің­ше, қазіргі жастарымыздың бойында ұлт­тық құндылықтардың күннен-күн­ге ар­тып келе жатқанын байқау қиын емес.
–  Бүгінде ЖОО-дағы жастар ара­сын­да құқықбұзушылық, нашақорлық пен әртүрлі діни секталар мен ұйым­дар­ға еніп кету байқалуда. Сіздер оқу орнын­да­ғы жастардың жүріс-тұры­сын­дағы мәселелерге, әлеуметтік қа­лып­тасуына тиісті шаралар қолданып тұ­расыздар ма? Жалпы, өзіңіз сту­дент­термен жиі кез­десу өткізіп, олардың мә­селелері мен ұсыныс-тілектеріне қан­шалықты назар аударасыз?
– Студент жастар арасындағы қазіргі кез­дегі тәртіп бұзушылықтар мен басқа да жаман қылықтар Кеңес дәуіріне қарағанда көбейіп кетті дегенге қосыла алмаймын. Біз­дің жас кезімізде «жапырақтың жа­сыл­дау, ас­панның көктеу» «болғандығын» ұмыт­пайық. Жоғарыда айтқанымдай, тәр­бие жұмысына Болон жүйесінің еш қатысы жоқ. Керісінше, іске асыра алғанға бүгінгі таң­да тәрбие жұмысын кешенді жүргізуге жағ­дай жеткілікті. Қазіргі жастар – өте ақыл­ды, за­ман­ауи ақпаратқа қаныққан, дү­­ние­танымы талғампаз, жаңашыл да жалындап тұр­ған жандар. Егер жастар тарапынан жа­ман қылық болып жатса, оның себебін олардан емес, керісінше, солардың бүгінгі даму дең­гейіне сәйкес тәрбиелеу жүйесін қолдана алмай жатқан өзімізден іздеуіміз керек. Сондықтан мен үшін жастар тәрбиесі, олар­дың мұң-мұқ­тажы мен ұсыныс-ті­лек­тері өте маңыз­ды. Студенттермен жүйе­лі түрде кездесіп тұра­мын. Ол кез­де­су­лер әр­түрлі жағдайда өте­ді. Оқу ауди­то­рия­ла­рында, академияның сал­танат залында, сту­­денттер үйінде (жа­тақ­­ха­на­лар­ды біз солай деп атаймыз, өйт­кені олардағы тұр­мыс жағ­дай­ла­ры ондай атқа лайық) және спорт­зал­дар­да жиі кез­де­сулер болып тұ­рады. Барлық кез­де­су­лерді тізіп жату мүм­кін емес: студент ма­ған, мен студентке жа­қын­мын деп айта ала­мын.
– Қазір ЖОО-лардың барлығы кре­дит­тік жүйеге көшті. Алайда кейбір ма­ман­дар «Біздің ЖОО-дағы білім беру жүйеміз кредиттік технологияға икем­дел­­ген жоқ, керісінше, ЖОО-лар оны өзіне қарай икемдеп алды» дейді. Кре­диттік технологияны жаппай енгізіп ал­ғанымызбен, оны әлі тура мағы­на­сын­да қолдана алмай жүрміз. Tiпті біреу­лер «кредиттік технология білім бе­­рудің емес, пайда табу, ақша жа­сау­дың механизміне айналып кетті» дейді. Бұ­ған не айтасыз?
– Жоғарыда айттым ғой, кредиттік жүйе­нің қазақстандық үлгісі әлі толық да­мымаған. Оқу үдерісін ұйымдастыруды рет­тей­тін мемлекеттік жетекші құжаттар әлі жо­ғары сапада емес. Қазақстанда білім бе­ру­дің кредиттік технологиясы жаппай қол­да­нысқа 2004 жылдан бастап енгізілуіне қа­ра­мастан, әлі де шешуін таппаған мә­се­лелер бар. Өйткені Қазақстанда кредиттік тех­но­ло­гия бұрынғы кеңестік дәстүрлі жүйемен бу­дандастырылған. Осыған бай­ланысты көптеген қайшылықтар туын­дау­да.
Тегі, оқытудың кредиттік техно­ло­гия­сының анау айтқандай алып бара жатқан өзгешелігі жоқ. Кредит дегеніміз – студент пен оқытушының оқу жұмысы көлемінің өл­шем бірлігі. Кредиттік технологияның басты мақсаты – студенттің өз оқу жұмысын сана­лы түрде жоспарлап, мамандық бойын­ша тиесілі білім көлемін меңгеріп шығуы. Яғни ЖОО студентті жетектеп оқы­татын орын емес, керісінше, студент өз бе­тінше белгілі бір жүйеге арқа сүйей оты­рып оқитын, ал оқытушылар болса – студенттің мақ­сатына жетуге мейлінше білім мен ғы­лым тұрғы­сы­нан жағдай жасайтын орын. Бі­рақ осыны көп­шілігіміз түсіне бермейміз. Тү­сініс­пеу­шілігіміздің басы, жоғарыда айт­қа­нымдай, жетекші құжаттардың кем­шілігінен бас­та­ла­ды. Егер оқытудың кре­дит­тік технологиясын қол­дануға көшкен бол­сақ, онда барлық жетекші құжаттар ке­шенді түрде қайта қара­лып, сол жүйенің мақ­сатына жұмыс істеуі шарт. Ал бізде бол­са бір құжаттың талабы екіншісіне қайшы келіп жатады. Сондықтан да қазіргі білім және ғылым министрі, кешегі еліміздің ЖОО-ларының қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­те­тінің ректоры болған, білім мен ғылым жүйесінің бүге-шігесін жетік меңгерген көр­некті ғалым Б.Жұмағұлов жоғарыда ай­тыл­ған кемшіліктерді жояды деген ой­да­мын.
– Қазақ көлік және коммуникациялар ака­демиясы авиациядан басқа, темір­жол, автокөлік, су және құбыр көліктері бойынша мамандар даяр­лайды. Жас­тар арасында осы салаға қы­зы­ғу­шы­лық танытатындар қаншалықты дең­гейде? Сіздерге оқуға тапсырғысы ке­ле­тіндер көп пе?
– Жеткілікті. Бүгінгі жастар заман ағы­мын, экономиканың бетбұрысын жақсы тү­сінеді. Соған сәйкес өз болашағын саналы жос­парлайды. Біздің академиядағы ма­ман­дықтар – өз құндылықтарын ешқа­шан­да да жо­ғалтпайтын өмірлік мамандықтар. Елі­мізде салынып жатқан Жетіген-Қорғас және Ақтау-Түрікменстан жаңа темір­жол­да­ры, Батыс Еуропа-Батыс Қытай ав­то­мо­биль жолы секілді көптеген мұнай құ­быр­лары, сондай-ақ соңғы кездері іске қо­сы­лып жатқан вагон және локомотив зауыт­тары – жастардың жіті көз тігіп отырған ны­­сандары. Оның үстіне, жақында ғана Ел­ба­сының Қы­тай­ға іссапары кезінде келісілген Алматы мен Астана қалаларының арасында жүретін ұшқыр теміржол құры­лы­сының басталуы академиядағы ма­ман­дықтар салаларына деген жастар қызы­ғу­шылығын күрт арт­ты­ра­ры сөзсіз.
– Бізде Кеңес өкіметінен қалған бip қы­зық үрдіс бар. Мысалы, тeміржол, ав­токөлік мамандарын дайындайтын ака­демияда психологияны, философия мен политология секілді толып жатқан пәндерді оқытамыз. Студент осы ара­лық­та қаншама алтын уақытын текке өткізеді. Яғни бірінші-екінші курста жал­­пылама білім алып, кейін арнайы білімге көшеді. Ал кейбір шетелдерде аталмыш мамандықты бір-екі жылда-ақ дайындап шығады екен. Демек, олар­­­да қажетсіз пәндерді тықпалай бер­­­мейді, студент өз мамандығына ғана байланысты білім алып шығады. Неге біздің де ЖОО-лар тура осылай қыс­қа мерзімде маман даярлауды қол­ға алмасқа?
– Жоғары білікті маман болу үшін тек тех­никалық пәндерді меңгеріп шығу жет­кіліксіз. Академия түлектерінің ертең өн­ді­ріс ұжымдарын басқаратын жетекші, ғы­лым­ды дамытатын ғалым, болашақ ма­ман­дарды тәрбиелейтін ұстаз, мекеме яки аудан, немесе облыс басқаратын ел ағасы, сондай-ақ саясаткер болатынын ескерсек, адами құндылықтарды жастар бойына сіңі­ретін әлеуметтік пәндердің жас маман үшін қаншалықты маңызды екендігін аң­ға­рамыз. Ал ондай пәндер көлемінің қан­ша­лық­ты болу қажеттігі ойландыратын мә­селе. Менің ойымша, жалпы оқу уақытының 25% әлеу­мет­тік-адами пәндер үшін оң­тай­лы. Ал енді шетелдердегі сияқты ма­ман­дар­ды бір-екі жылда-ақ дайындап шығуға келсек, ол Қазақстанда көптен қолданылып келе жатқан жағдай. ЖОО-ларда орта кә­сіп­тік білім негізінде қысқа мерзімде маман даяр­лау іске асырылады. Біздің академияда кол­ледж түлектері екі жыл мерзімде жо­ғары білім алып шығады.
– Жұмыс беруші өзіне қазіргі заман та­лаптарына сай жоғары деңгейлі ма­ма­н­дарды алғысы келетіні ақиқат. Ол үшін оқу орындарындағы маман даяр­лау үдерісіне қатысып, көз жеткізу тиім­­­ді екенін уақыт көрсетіп отыр. Алай­да бұл үрдіс бүгінде керісінше бо­лып тұр­ған секілді. Жас маман көп уа­қытын жұ­мыс іздеуге жұмсайды. Сіз­дер­­дің «Қазақ­­стан теміржолы» ұлттық ком­­паниясымен байланыстарыңыз қа­лай?
– Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар ака­де­мия­сы – салалық мамандандырылған біре­­­гей техникалық жоғары оқу орны. Темір­жол саласына келер болсақ, бар­ша­мыз­ға мәлім, теміржол Қазақстанның бар­лық өңі­рін­де бар. Оған қосымша салынып жат­­қан­дары қан­ша­ма? «Қазақстан темір­жолы» ұлттық ком­па­ниясында 150 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Теміржол – күн­діз-түн немесе дем­алыс-мерекеге қара­мас­тан, тоқ­тамай жұ­мыс істейтін Қазақстан эко­но­ми­касының кү­ретамыры. Сондықтан мұн­дай салаға жо­ғары білікті маман даярлау құр­метті де жауапты іс. Осы мақ­сатқа сәй­кес болу үшін мұны оқу орны да, жұмыс бе­руші кәсіпорын да түсінуі керек. Академия мен «Қазақстан темір­жо­лы» ұлттық ком­па­ния­сының қарым-қатынасы осы мақсатқа толық сәйкес. Бұған 2009 жылдың қараша айында қол қойылып, қолданысқа енгі­зіл­ген М.Тынышбаев атындағы ҚазККА мен «ҚТЖ» ҰК арасын­да­ғы Бас келісімшарт айғақ. Осы құжат ая­сын­да болашақ жас ма­манды даярлау үшін оңтайлы да озық, ака­демия тарихында бұрын-соңды бол­ма­ған жағдайлар пайда болды. Атап айтсақ, олар: академия ұстаз­да­ры мен «ҚТЖ» ҰК мамандарының бір­лесіп оқулықтар жазуы; «ҚТЖ» ҰК қол­да­ныс­тағы техникалардың құ­жаттарының оқу үдерісінде пайдалану үшін академияға берілуі; студенттердің өндірістік тәжіри­бе­ден өту орындары мен жағдайларының қам­та­ма­сыз етілуі; ака­де­мия ұстаздарының «ҚТЖ» ҰК-да біліктілігін жоғарылатуы сияқты басқа да жағдайлар. Тура осындай Бас келісімшарт жуырда ғана (2010 жыл­дың желтоқсан айында) «Мет­ро­политен» мемлекеттік кә­сіп­орны мен ака­демия арасында жасалды. Бұл бағыт­тағы шара­лар­дың да болашағы орасан зор. Биылғы жылы Алматы қала­сын­да Қазақ­стан тари­хын­да тұңғыш метро көлігі іске қо­сылғалы жатқаны белгілі. Жалпы айт­қан­да, біздің академияны бітірген жас ма­ман жұмыс іздеп аяғынан тозбайды, кері­сін­ше, жұмыс таңдап есі шығады. Өйткені жылда дәстүрлі түрде академияда наурыз айында өткізіліп тұратын жас мамандарды жұмысқа жіберу кезінде кейбір түлектер жұмыс беруші кәсіпорындардың ұсы­ныс­та­рын қабыл­да­май жатады. Осы жұмыс ба­рысында кәсіп­орын өкілдерінің кей­бір түлектерге таласып қа­луы да біздің ака­демия үшін үйреншікті көрініс.
– Сіздердің мекемелеріңізде мем­ле­кеттік тілге қаншалықты көңіл ау­да­рыл­ған? Мұны сұрап отырған себебіміз, жуыр­да ғана сіздердің сайттарыңызға кір­генде, ондағы сайтты безендіру іс­те­рінің барлығы және ақпараттардың рес­ми тілде берілгенін байқадық. Ал қазақ­­ша мәліметтер мүлдем аз. Бұған не дейсіз?
– Академияда мемлекеттік тілге мем­лекеттік маңыз беріп, көп көңіл бөлеміз. Қа­зір академияда оқитын студенттердің 97%-ы – қазақ балалары, студенттердің 66%-ы қазақ тілінде оқиды. Жыл сайын қазақ тілінде оқитын студенттер саны кө­бейе түсуде: егер үшінші курста олар 53% болса, екінші курста – 66%, ал бірінші курс­та – 72%. Күнделікті жұмыс барысында да тіл­дер­дің қолданысы осы көрсеткіштерге сәй­кес. Ісқағаздар екі тілде қатар жүр­гізіледі, бұл ретте еш қиындық сезілмейді. Яғни қос­тілділік академияда толық мең­ге­ріл­ген.
Ендігі меже – үштілділік. Оған қол жет­кізу үшін қазір студенттердің және жас оқы­тушылардың ағылшын тілін меңгеруіне күш салудамыз. Ол үшін академия тарапынан қосымша сабақтар ұйымдастырылып, са­бақ беру және меңгеру сапасы қатаң ба­қы­лауға алынуда. Академия сайтына келсек, «қазақ­ша мәліметтер мүлдем аз» деу қия­нат бола­ды. Байқасаңыз, тілдер қол­да­ны­сының қа­ты­­сы жоғарыда келтірілген көр­сет­кіштерге сай­ма-сай. Әйтсе де қазіргі уа­қытта ака­де­мия сайтының дербес үш­тіл­ді­лігін қам­та­ма­сыз ету­ге жұмыс істеу­де­міз.
– Оқу орнында оқулық мәселесі қа­лай шешілген? Жалпы, техникалық салаға қатысты қазақша оқулықтар аз емес пе? Қазақ тілін техниканың тіліне айналдыру үшін не істеу керек?
– Академияда оқулық мәселесі өз шешімін тапқан. Бірақ қазақша оқулықтар жеткілікті десем, жалған сөйлеген болар едім. Бұл мәселе барша Қазақстан ЖОО-ларына ортақ жағдай. Сондықтан да қазіргі кезде жалпы республика бойынша оқу­лық­тардың жаңа буынын жасау қолға алынуда. Қазақ тілін техниканың тіліне айналдырудың еш қиындығы жоқ. Оған аздап көңіл бө­лі­ніп, намыс жігерлендірілсе болғаны. Кейбір қазақша оқулықтардың сапасы сын көтер­мей­ді, сөйлемдері шұбалаңқы, мағынасы күңгірт. Неғылса да олар орыс тілінен сөзбе-сөз аударылған болса керек. Ондай оқу­лықтардың студент үшін пайдасы ша­ма­лы. Өкінішке қарай, техника сала­сын­да оқулық жазатын ғалымдарымыздың көп­ші­лігі ұлты қазақ болғанымен, орыстілді азаматтар. Дәл осы орайда студенттердің қостілді бо­луы өте пайдалы. Дегенмен қазір ака­де­мияда сапалы дайындалған қазақша оқу­лық­тарды қазақтілді редак­тор­лардың бақы­лауымен шығару ісі күн тәртібінде. Жалпы, академия бойынша 2011-2012 жылдары шы­ғарылуға 30 оқу­лық дайындалып жатыр, олар­дың басым көп­шілігі қазақ тілінде шығады.
– Академия ғалымдары ғылымның дамуына қаншалықты үлес қосып отыр? Олар жасаған ғылыми жобалар өн­дірісте іске асып отыр ма? Жалпы, Қазақ­­станда ғылым мен өндіріс ара­сында тығыз байланыс орнату үшін не icтеу керек?
— Елімізде қазіргі уақытта салынып жат­қан Жетіген-Қорғас және Ақтау-Түрік­мен­стан секілді жаңа теміржолдардың құ­ры­лысы академия ғалымдарының жобасы негізінде іске асырылуы М.Тынышбаев атын­­дағы Қазақ көлік және комм­уни­ка­ция­лар академиясы мен өндіріс арасында қан­ша­лықты тығыз байланыс бар екенін көр­сетеді. Ғылым мен өндіріс арасында ты­ғыз байланыс орнату екі жаққа да, көп жағ­дай­да ғылым ордасына байланысты. Өйт­кені өндіріс әр уақытта озық технология мен ғылыми шеберлікке қаныққан қон­дыр­ғы­лар­ға мұқтаж. Өндірістің сұранысын алдын ала болжай білу, соған сәйкес ұсыныстарды оларға уақытында ұсына білу – білім мен ғылым ордасына сын. Ондай ұсыныстарды мейлінше бағалай білу және дер кезінде қаржыландырып, отандық ғалым­да­ры­мыз­дың мерейін асыра білу – өндіріске сын.

Алашқа айтар датым...
Қазір кейбіреулер «оқу ақысы тым аспандап барады» деп түрлі уәждер ай­туда. Алайда сапалы білім арзанқол болуы мүмкін емес. Білім беруді жо­ғары деңгейде қамтамасыз ету үшін оқу үдерісі заманауи құрал-жаб­дық­тар­мен толықтырылуы қажет. Жоғары білім жалпыға міндетті орта білім емес. Жоғары білім шын мәнісінде жоғары әрі толыққанды болуы керек. Олай бол­ма­са, ел экономикасының дамуына қол жеткізе алмаймыз. Ғылым мен тех­ни­каның дамуы қалтадағы диплом санымен емес, сол диплом иелерінің білім деңгейімен қамтамасыз етіледі. Өкінішке қарай, халқымыз әлі де «баламның қалтасында бір жапырақ диплом болса жерде қалмайды» деген ойдан арыла алмай келеді. Мұндай ой бүгінгі күн талабына еш сәйкес емес. Білімнің арзан-ба­ғалы емес, құнды да қадірлі болғаны дұрыс. Қоғамымызда жоғары білімді адам­ға биік құндылықтарға қол жеткізген зияткер де еңбекқор, зейінді де зерек ғұлама тұлға ретінде сый-қошеметпен қарайтын тәрбиені қалып­тас­ты­румыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста