Наурыздың терең дүниетанымдық, ұлттық мәні бар мереке екенін ұғынатын кез жетті

Наурыздың терең дүниетанымдық, ұлттық мәні бар мереке екенін ұғынатын кез жетті

Молдабек Жанболатұлы, Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі, этнограф:

– Сіздің Кеңес үкіметі кезінде Семей өңі­рінің бірнеше ауданында басшылық қыз­меттерде болғаныңызды білеміз. Не­гі­­зінен, руханият саласына жетекші­лік ет­тіңіз. «Саптыаяқтан ас беріп, са­бы­на қа­рауыл қойған» кер заманның қиын­­дық­тарына қарамастан, ұлттық өнер, халық­тың салт-дәстүрін жаң­ғыр­ту жолында үл­кен істер атқардыңыз. Әң­­гімеміздің әл­қиссасын осы тұрғыдан өр­бітсек...
– Біз бір әке-шешеден алтаумыз. Оны ай­­тып тұрғаным, бәріміздің бойымызда өнер­­ге деген Алланың берген дарын-қа­бі­леті бар. Мысалы, ағатайым Ордабек КСРО-ға ең­бегі сіңген геодезист, топограф еді. Мен ке­йінірек қаламгерлікке бет бұр­дым. Өзімнен ке­йінгі інім Мейрамбек ау­дан­дық партия комитетінің хатшысы бол­ды, аудандық газетті басқарды. «Домбыра», «Са­­ғындым Сары­ар­қаны», «Са­ғы­ныш» се­кіл­ді 60-тан астам әннің ав­торы, Қа­зақ­стан­ға еңбегі сіңген журналист атан­ды. Одан кейінгі інім – Болатбек суретші, саз­гер, ре­жиссер, әнші. Қарындасымыз Ер­кеш қо­лы ше­бер, өзі әнші. Республикалық, об­лыстық байқаулардың лауреаты. Одан ке­йінгі кіші ініміз Мұратбек – мүсінші. Се­мей­дегі мү­сіннің дені соның қолынан шыққан. Қыс­қа­сы, біздің қа­­нымызда өнерге деген жа­қын­дық, негіз бар. Бұл – ішкі қуат. Ішкі қуат сыртқа шықпай қой­­майды. Мұны не үшін айтып отырмын? Өйт­­кені қанында бар қасиет, көзін ашып көр­гені, түйгені, ұққаны, білгені сол болғандықтан, со­­ған бейім тұрады. Мысалы, мен өзім та­би­ға­тымда суретші болуым керек еді. Өйткені мек­­теп бітіргеннен кейін педучилищеде оқып жүр­генде көрмелерге жиі қатысатынмын. Бір күні директор шақырды. Директорге ша­қы­ру деген – біз үшін мәртебе. Бірақ не болып қал­­ды, не жаздым деп ойладым іштей. Кел­дім. Кел­­сем, директордың кабинетінде бөг­де екі адам отыр екен. Директор: «Біздің су­ретші ба­­ламыз – осы», – деп мені та­ныс­ты­рып жа­тыр. Сасқалақтап тұрып аты-жөн­де­рін есіме сақ­­тамаппын. «Көрмеге қа­ты­сып­сың. Жүлделі орын алыпсың. Сені Ал­ма­тыға оқуға ша­қы­рып отырмыз», – деді. Ол оқу орны қазіргі Кә­кімжан Наурызбаев атындағы көркемсу­рет училищесінің жаңа құрылған кезі болуы ке­рек. Соған таңдау жасап жатыр екен. Шы­ным­ды айтсам, бар­ғым-ақ келді. Бірақ ше­шем­мен ақылдасу ке­рек. Ауылға телефон соқ­тым. Анам бір­ден қарсылық білдірді. «Сені оқуын бітіріп ке­леді, мұғалім болады. Біз­ді асырайды, іні­леріне пана болады деп отыр­мыз. Су­рет­ші деген не мамандық?! Бар­май­сың», – де­ді. Болды. Ертеңінде әлгі кі­сі­лер­ге бар­май­тынымды айттым. Егер мен ол оқу­ға түсіп кет­сем, жазушы да емес, басшы да емес, су­ретші болуым мүмкін еді. Одан ке­йін пед­у­чилищені бітіріп, ауылға бардым. Му­зы­ка­дан хабарым бар. Сурет саламын. Сы­зу­дан сабақ бердім. Физикадан да құр ­алақан емес­­пін. Сөйтіп жүргенде «мына кісі өнер­паз адам екен» деп, комсомолға жұ­мыс­­қа ша­­қыр­ды. Екінші хатшы болдым. Ұмыт­­­па­сам, 1961 жылы. Біздің жұмыс қан­дай? Жас­тарды ұйым­дастырып, концерт қоя­мыз, кеш өт­кі­зе­міз. Осындай қат-қабат жұ­­мыс­тар­ды атқа­ру­дан қол тимей жүргенде «мә­­де­ниет, руханият жа­ғын жақсы біледі екен­сіз» деп, аудандық мә­дениет бөліміне бас­­тық қылып қойды. Қыс­қасы, барлық өнер­ді тас­тап, ұйым­дас­ты­ру­шы болып кет­тім. То­ғыз жыл салынбай қал­ған Мәдениет үйі бар екен. Әлгі ғимаратты са­луымыз ке­рек бол­ды. Жалғыз адамның қо­лынан ке­ле­тін шар­уа емес, мәдениет бөлімінің бар­лық жас­тарын жұмылдырдым. Құрылыс аяқ­­тал­ды. «Қарагөзбен» сахнаны аштық. Бір кү­ні прокуратура шақырады. Ойымда еш­­те­ңе жоқ. Алып-ұшып жетіп бардым. «Сен бә­­лен­бай «нарушение» жасапсың. Бар­лық ма­те­риал­ды қаладан спецма­ши­на­мен та­сы­ғансың. Қыз­меткерлеріңе жұмыс уа­қ­ы­тын­да қара жұ­мыс істетіпсің», – деді. Со­дан не керек, еш­қан­дай жазығым бол­ма­са да, на­ғашыларым бір сиырын сатып, қаржылық заң бұзу­шылықтарды жауып аман қалдым. Бі­рақ бір нәрсеге көзім жетті. Мен мәдениет ісін ұйым­дас­тыруға төселген қызметкер екен­мін.
– Абай ауданында құрылған атақты «Абай» халық театрын, «Қаламқас» ан­­сам­блінің негізін салушылардың бірі өзі­­ңіз екеніңізді білеміз. Осы жөнінде тар­қа­тып айтсаңыз...
– 1917 жылы Шыңғыстаудың Ойқұдық де­­ген жерінде тіркелініп тігілген қазақ үйде «Ең­лік-Кебек» спектаклінің қойылғаны бел­­­гілі. Ол кезде көп адам хат танымайды. Мұх­тар Әуе­зов өзі суфлер, өзі режиссер бол­­ған. Спек­такльде екі әйел адамның рөлі бол­ған. Бі­рақ сол рөлде ойнайтын әйел за­ты табыл­ма­ғаннан кейін Еңлік болып Ахмет Әуе­зов ой­наған. Мұхтардың туған ағасы. Та­ғы бі­ре­уін­де ұлы Абайдың Жағыпар де­ген немересі ой­наған. «Бұл қазақ сахна­сы­ның алғашқысы еді» деп баға береді әйгілі театр сыншысы Ба­ғы­бек Құндақбаев. Бір қы­­зығы, 1940 жылы ер-азаматтың бәрі май­­­­данға аттанғанда ау­дан­дағы театрда Ал­памыс, Қобыланды, Тө­ле­ген спек­такль­де­рін қойғанда жігіттердің рө­лін әйелдер ой­наған. Қысқасы, Шыңғыс елі­нің сахна өне­­ріне деген түсінігі терең. Со­ның арқасы шығар Мәдениет үйінің драмалық ұжы­мы 1966 жылы облыста жеңімпаз болып, рес­публикалық байқауда «Қарагөз» тра­ге­дия­сын көрсетіп, 1967 жылы «Жалбыр» тра­ге­диясымен Мәскеудің Кремль сахнасында қо­йып, бүкілодақтық фестивальдің лау­реаты атанған еді.
1967 жылы осы спектакльдің, «Еңлік-Ке­­­бек­­тің» жазылғанына, қойылғанына, сах­­на­ға шық­қанына 50 жыл толды. Сол кезде га­зетке «Киіз үйден Кремль сахнасына де­йін – 50 жыл» де­ген мақалам шықты. Осы ұран­мен ау­дан­дық халық театры «Ең­лік-Ке­бекті» қайта қой­дық. Спектакльге бұ­рын-соңды қатысқан адам­дарды ша­қы­рып, кә­дім­гідей той жаса­дық. Осылайша, ау­дандық ха­лық театры өзі­нің аппогейіне жет­ті деп ой­лаймын. Содан ке­йін Қайнарда ха­лық теа­трын құрдық. Оған біз­дің ау­дан­дағы театр ұжымынан екі адамды ар­найы жі­­бер­дім. Содан кейін Құндызды, Бір­лік пен Сар­жал ауылдарының өнерпаздары үш-төрт жылдан кейін халық театры атағын алып шықты. Мұның бәрі ауданның өнерге де­­ген жо­лын ашты. Енді өмір театрмен шек­­телуге бол­майтынын көрсетті. Содан музы­калық-эстрадалық ансамбль құрсақ па деген ой кел­ді. Ойымызды жүзеге асыр­мақ ниетпен ан­самбльге халықтық атақ бе­ру туралы 1968 жы­лы республикалық ко­мис­сияға бағ­­дар­ла­ма­мызды ұсындық. Бі­рақ ан­сам­бльдің аты қо­йылмаған. Халықты жиып алып ақыл-ке­ңес сұрадық. Біреулер Сары­ар­қа, Қарагөз, Тоғ­жан болсын деді. Түр­­­лі ұсы­ныстар ай­тыл­ды. Содан ойлана ке­ле, тол­ғана келе, Қалам­қас­қа тоқтадық. Сөй­тіп, «Қаламқас» ансамблі өмір­ге келді. 1971 жылы ансамбльге халық­тық вокал­дық-инструменттік ансамбль деген атақ берілді. Одан кейін ансамбль талай мәр­те шетелдерде сәтті өнер көрсетті.
– Кезінде Жидебайдағы Абайдың мұ­­ра­жай-үйін қалпына келтіру жұ­мыс­тары мен Абайдың сегіз қанатты ақ ор­дасын қайта көтеруге өзіңіз ара­ласқан екенсіз. 
– Ұлы Абайдың 125 жылдық ме­рей­той­ы­­ның алдында мен аудандық атқару ко­ми­­те­тінің орынбасары қызметіне таға­йын­далдым. Ау­дандағы барлық мәдени іс-ша­ра менің ал­дымнан өтеді. Сол кезде Абай­­дың сегіз қа­нат­ты қазақ үйін көтеру және Жидебайдағы үйін қай­та салу міндеті қойылды. Біреулер ғи­ма­рат­ты түгелдей сы­пы­рып алып тастап, қайтадан салу керек дес­­ті. Біреулер «бұл – Абайдың қолы тиген то­пырақ, табиғи қалпы сақталуы керек» деді. Қысқасы, неше түрлі пікірлер айтыл­ды. Мемлекет бұл мәселені жан-жақты қа­ра­ған болуы керек, «ештеңені өзгертпей, үйді өз қалпына келтіру керек» деген шешім қабылдады. Бір күні облыстық мәдениет бө­­лімінің бастығы маған телефон соқты. «Ана үй­ді қайта салатын болдық. Бұрынғы эт­­но­гра­фия­лық қалпын сақтау керек. Сон­дық­тан сіз Абайдың алғаш салынған кездегі үйінің си­пат­тамасын жасаңыз», – деді. Біздің әкеймен құр­дас Мұхтар Бәшеев де­ген ақсақал болды. Сол кісіге бардым. Сыр­қат­танып үйде жатыр екен. Үйді қайтадан жөн­дейтінімізді естіп қуан­ды. «Шаршаң­қы­рап отырмын. Ертең кел» деді. Келдім. Аз­дап тынығып, сауығып қа­лыпты. Бәрін ай­тып берді. Қанша есік, те­резе, қанша қа­зан-ошақ, қандай өзгерістер бол­ғанын айт­ты. Бәрін қағазға түсіріп, Жи­де­бай­ға бар­дым. Қарасам, қайда, қағаздағының бә­рі басқаша. Сол уақытта кезінде Абайдың қо­лында тұрып, шай қайнатып беріп, үй жұ­мы­сында болған Қатпа деген кісінің бәйбішесі Ма­қып анамыздың көзі тірі еді. Сол кісіге бар­дым. Жағдайды түсіндірген соң, сайрады дей­сің. Бәрін айтты. Қағазға түсіріп, үш күнде әзір­леп қойдым. Айт­қандай, үш-төрт күннен ке­йін облыстық атқару комитеті төрағасының орын­басары Ар­ғынғазы Қайсаханов, об­лыс­тың құ­ры­лыс­шылары – бәрі Жидебайдың ба­сына кел­ді. Сөйтіп, құрылыс басталды да кет­ті. Аре­кең мені үй құрылысының эт­но­гра­фиялық, мемориалдық қалпын сақтау жө­ніндегі технадзорым деп таныстырды. Мен кү­нара, қолым тисе, күнде барып жүрдім. Не ке­рек, Абайдың үйі салынып біткенше жарғақ құ­лағым жастыққа тимей басы-қасында жүр­дім. Түрлі қызықтар да орын алды. Әсіресе то­шала құрылысын салу кезінде. Құры­лыс­шы­лар да, басшылар да тошаланың не екенін біл­мейді. Тошала деген – қазақтың то­ңазыт­қы­шы, тамақ сақ­тайды, ет қақтайды. Осыны құ­ры­лыс­шы­лар­ға түсіндіру қиямет-қайым іс бол­ды. Ұқ­пайды. Содан не керек, біздің ескі үй­де тошала бар болатын, бірақ аздап құлап тұрған. Құрылысшыларға соны көрсеттім. Сөй­тіп, тошаланы жасаттық. Қора-жайдың қабырғасын қалаудың да қиындығы бол­ды. Бір күні келсем, құрылысшылар қалай болса солай, үлкен-үлкен тастарды әкеліп қа­бырғаға қойып жатыр. «Ой, айна­ла­йындар-ай, қазақ тасты бұлай қаламайды. Қа­лағанның өзінде тура қиғандай қылып қоя­ды», – дедім. Тағы түсінбестік басталсын. Ақыры екі-үш шақырым жердегі бір тас­қораны көрсетіп, сол үлгіде қалауды талап етіп орындаттық қой.
– Енді әңгіме ауанын Наурызға қа­рай бұрсақ. Сіз Наурызды ұзақ жылдар зерт­теп, зерделеген адамсыз. Бі­луі­мізше, сіз Жаңасемей ауданында бас­шы­лық қыз­мет­те жүргенде Наурыз ме­рекесін ал­ғаш­қы болып аймақта атап өту­ді ұйым­дастырған екенсіз.
– Оның рас. Нақтырақ айтсам, бұл ау­дан­­ға 1988 жылы аудандық атқару ко­ми­тетінің бі­рінші орынбасары болып қызметке кел­дім. Міне, осы уақытта Алматыда Өз­бек­әлі Жә­ні­бе­ков, Мырзатай Жолдас­беков се­кілді аға­ларымыздың бастауымен Нау­рыз алғаш рет атап өтілді. Ауданға келген­нен кейін алғашқы жұ­мысты осы Наурыз ме­рекесін атап өтуден бас­­тадық. Жаңасемей ауданында алғашқы жы­лы Наурызды бір күндік, келесі жылы екі күн­дік, үшінші жылы үш күндік бағдарламамен ме­реке қылып өткіздік. Бұл – Семей өңіріндегі ал­ғашқы Наурыз болатын. Ұмытпасам, 1989 жылы. Семей қаласының өзінде Наурыз 1901 жылы өткізілді. Қалай өткіздік? Қазақ үйді тіге білетіндер де жоқ. Өрнек тоқу де­ген не? Бәйге деген не? Көкпар деген не? Қыс­қасы, ұлттық өнердің барлық элементін қам­туға тырыстық. Әр совхоз екіден-үштен үй тікті.
Ол кезде Семей өңірінде Наурызды ға­на емес, ұлттық өнеріміз – айтысты жаң­ғыр­туға да үлес қостық. Облыста айтыс де­ген мүлде ұйым­дастырылмай келді. Бас­та­йық десек, мә­дениет басқармасы қол­да­майды. Сосын орысшасы басым болса да Жаңасемей ау­да­нын­­дағы барлық қазақ тілі мұғалімдерінің ба­­сын қостым. «Ақындар айтысын өткіземіз», – дедім. «Ой, аға, қа­зақ­ша дұрыс оқыта ал­май жүргенде оқу­шы­ларды қалай айтыс­ты­ра­­мыз?» – дейді мұ­ғалімдер. «Сендер не оқы­тып отыр­сың­дар, үш ауыз өлең шығаратын бала тәрбие­ле­месеңдер?! Екі ауыз өлең шы­ғар­майтын қазақ жоқ. Шығарып беріңдер. Жат­тасын. Алып кел де, айтқыз», – дедім. Сөй­тіп, ал­ғаш­қы жылы әрбір мұғалім, ел ішін­дегі ақын­дар балаларға өлеңдер шы­ға­рып бе­ріп, олар жаттап келіп айтысты. Келесі жы­лын­да айтысқа қаладағы қазақ мек­теп­те­рі­нің оқушыларын шақырдық. Одан кейінгі жы­лы облысқа хабарладық. Екі-үш аудан­нан айтысқа адамдар келді. Ұмытпасам, бү­гінде есімі елге белгілі айтыскер ақын Дәу­леткерей Кәпұлы да осы айтысқа қа­тыс­қан болатын. Оқушыларға әуелде сөздерін әзір­леп беретін болсақ, екі-үш жылдан ке­йін өздері суырып са­лып айтысатын болды. Үш-төрт жылдан ке­йін облыстың өзге өңір­ле­рінде осындай ай­тыс­тар ұйымдастырыла бас­тады. Бір сөзбен айт­қанда, біз қозғаушы күш болдық. Сөйтіп, Се­мейдің ақындары бір­те-бірте республикаға та­нылды. Ауданда құ­рылған «Семейтау» ан­самблі, мәдениет бө­лімі,«Жаңасемей аруы», «Се­мейтау се­рісі», «Билер соты», «Келбетті келін» деген се­кілді байқаулар ұлттық рухты оятатын сол кез­де қолға алынды.
– Наурыз демекші, жалпы, біз Нау­рыз­ды қалай тойлап жүрміз? Наурызды той­­лауда үстімізге шапан киіп, ай­нал­ды­ра киіз үй тігіп, ас ішіп, аяқ босатудан аса ал­май жүрген сияқтымыз.
– Иә, Наурыз өз деңгейінде аталып өт­пей жүр. Мысалы, әр жылдың өз эмблемасы бо­­луы керек. Қазір бәрібір. Түйенің эм­бле­ма­сын да қоя салуы мүмкін. Бірақ он екі жыл­дың ішін­де түйе жоқ. Осындай талап­тар­ды ескер­ме­гендіктен, көп нәрсе өзінің та­рихи, тәр­бие­лік мәнін жойып келеді. Ал­ғаш­қы кезде ұлт­тық салт-дәстүр үлгісін бар­лығын қамтуға ты­рысқанымыз рас. Ол уа­қытта солай жасау ке­рек болды. Енді Нау­рыздың терең дүние­та­нымдық, ұлттық мә­­ні бар екенін ұғынатын кез келді. Тек кон­церт қойып, той-думан жа­сау­дың лайығы жоқ. Наурыз тойының өзінің ба­йырғы түп­нұс­­қасын таба алмағандықтан, Наурыз то­йын жылдың қай уақытында да өте беретін «Тұсау кесу», «Бесікке бала салу», «Қыз ұза­ту», «Беташар» сияқты тұрмыстық салт-дәс­түрлердің байқау-көрмесіне ай­нал­ды­рып алдық.
Мысалы, Наурыз тойы кезінде кей киіз үй­­лерде қуыршақ баланы бесікке салу рә­сімін көр­сетіп жатады. Біріншіден, қазақ бос бесікті тер­бетпеген. Екіншіден, ол рә­сім­ге еркектер қа­тыспаған. Ол – тек әйел ба­ратын рәсім ғой. Бе­сікке баланы кім са­лады? Оның үлкен тәр­биелік мәні бар. Ұр­лық-қарлығы бар, өсекке жа­қын әйел­дерді бесікке жолатпаған. Қыс­қа­сы, біздің өткі­зе­міз деген шарамыздың әр­қай­сысында те­рең мән болуы керек. Наурыз жаппай тойлана бастаған 90-жылдардың ба­сында ұлттық салт-дәстүрлердің бәрін қозғау қа­жет те болған шығар. Бірақ бүгінде ол ша­ра­­лардың жасандылығы басым болып ба­ра­ды. Ол әдет-ғұрып үлгілері өзінің негізгі рә­сі­мін сақтай алмай, тек сыртқы көрінісін ғана көрсетіп жүр. Ең өкініштісі, осының бә­рі ұлт­тық нәрі жоқ, жол-жора үлгісі сақ­тал­маған, жа­­лаң театр­ланған әрекет кү­йінде өмірге сі­ңіс­ті болып бара жатыр. Мұн­дай талғамсыз­ды­ғымыз енді жарас­па­сы анық.
Бұдан былай көсемдеп ат жеккен күміс ар­ба немесе шанамен Қызыр бабаның ке­луімен бастап Жаңа жылды қарсы алуға бай­ланысты рәсімдер мен ойын-сауықты, өнер сынын қамтуды қалыпқа түсіруіміз керек.
Тағы бір жайт: «әзір асқа – тік қасық» деп, Нау­рыз думанын енжар, тек «мені қуант, күл­дір» дейтін дағдыдан арыл­ға­нымыз абзал. Бұл Наурыз күнінің ұраны – теңдік. Бұл күні хан мен қара да, бай мен кедей де, әйел мен ер­кек те, жас пен кәрі де тең. Наурызда мол дас­тарқанның бол­ға­ны дұрыс-ақ. Бірақ адал асқа кейде ішім­дікті араластыру немесе дос­тық деген ұран­мен өзгенің өнерін ма­дақ­тау кең өріс алып барады.
Менің ұсынысым – мынау. Наурыз да­йын­­дығын Жаңа жылдағыдай бірнеше ай бұ­­рын бастап, Наурыз бағдарламасына, Нау­­рыз­дың эмблемасына, Наурыз туралы ән­­дерге, Наурыз әнін орындаушыларға кон­курс ерте жарияланса. Жөн білетін ақ­са­қал, білімді аза­маттарды жинап, ақыл­дас­са деген тіле­гі­мізді жергілікті билік ба­сын­дағыларға жылда ай­тамыз. Сол секілді істер ертерек қолға алынса, ұлан-ғайыр жұ­мыс­тар істеуге болады. Сонда Наурыз өз мә­нінде өтер еді, халықтың Наурызға деген ын­тасы, ықыласы ауар еді.
– Әркім өз білгенімен жасап жүрген нау­­­рыз көженің жайына тоқ­тал­са­ңыз...
– Әу баста жылдың алғашқы күні «жақ­сы та­мақ қалғанша, жаман қарын жа­рыл­сын» деген түсінікпен тоқшылығы жыл бо­йы­на жалғасады дағдысы сақталғандықтан, оны бірде «көп көже», бірде «тоқ көже» деп ата­ған. Ол Наурыз тойына келген жұрт­қа түрі, тү­сі, көлемі бірдей жеті ыдыспен та­ратылады. Қы­­зыр түні өтіп, Жаңа жылдың ал­ғашқы таңы атып, Жаңа күн жер-дүниеге ша­пағын шаш­қан­да, одан құт құйылады деген түсінік бар. Күн көкжиектен көтеріле бас­таған алғашқы екі сағат бойында жа­сал­ған тамақ мейлінше тәт­ті, ерекше қа­сиет­ті, мол ырысты болады деп есептеледі. Ол «құт» кейде, біз түсі­не­тін­дей, дүние-мү­лік, мол қаржы түріндегі заттық қа­зына емес, ол – нұр, сәуле – адамның ру­хани жан дүниесін байытатын, тазартатын, сәу­ле­лендіретін құдіретті, киелі ұғым.
Жеті деген – жеті қат көк, жеті қат жер, ай­­та берсең көп. Оның бәріне Әнет ба­ба­ның берген түсінігі бар. Осының барлығы – біз­дің Шығыс халықтарының даналығын та­нытады. Мысалы, қазақ қызылсырап тұр­мын десе, ол – ет жегім келіп тұр дегені, ақ­сырап тұрмын де­се, айран-сүт ішкім ке­ліп тұр дегені. Қазақ тұзды қарабастұз дей­ді. Жерден өніп шығатын арп­а, бидай, та­ры, тағы басқа дәнді – жасыл, май­ды сары май­дай сақтаған асылым деп есеп­тейді. Міне, осылай Наурыз көже – жеті түс­ке лайық жеті түрлі қазанға түсірілген та­мақ. Бізде кө­жеге тары да, арпа да, күріш те, ет те салады. Бағанағы бесікке бала салған тә­різді оның этнографиялық мән-ма­ғы­насын түсінбей, қор етіп жүргендер де аз емес.
«Жеті» санының қазақ үшін қастерлі екенін жас бала да біледі. Наурыз көженің нұр сәу­лені түзетін жеті түрлі түске орай жеті түрлі топ­тамаға кіретін дәм-тағамнан құ­ралатын нәрлі де қуатты, қасиетті ас екені бел­гілі: 1. Көк – су. 2. Қызыл – ет (соғымнан сақ­талған мү­ше, сүрі, арнайы сойылған мал­дың жас еті...). 3. Жасыл – дән (бидай, ар­па, тары...). 4. Ақ – сүт (сүт, сүттен жа­сал­ған тағамдар, қа­тық, айран...). 5. Сары – са­ры май, тоң май... 6. Қоңыр – талқан, ұн, кеспе... 7. Қара – қа­рабастұз. Ақ пейілді ас­паздың дәмді етіп пі­сіріп, ықыласымен ұсын­ған құнарлы асына Жаңа жылдың ал­ғаш­қы күнінің сәулесі түсіп, нұры сіңген ас қасиетті болмағы ақиқат.
– Тағы бір түйткіл. Ауызекі әңгімеде жиі айтылатын Қыдыр кім, Қызыр кім, Қадыр кім? Біз осылардың ақ-қарасын ажырата алмай жүрген секілдіміз...     
– Біресе Қызыр, біресе Қыдыр, біресе Қа­­дыр деп шатастыра береміз дейсің ғой. Үш­е­уі үш бөлек. Қызыр – тек қана жаңа жыл­­да шы­ғар күннің рәмізі. Ал Қыдыр – 365 күн елдің ор­тасында жүретін әулие. Қы­дыр қашан қо­нады деп әркім дәметеді. Қы­дыр байбатша, ке­дей-кепшік болып келуі де мүмкін. Ел Қы­дырдың келіп қо­нуы­на, оның ырза болуына ықы­ласты болған. Қы­рықтың бірі Қыдыр ри­за болса, ол үйге қы­дыр қонады, бақ да­ри­ды.
Қызыр деген – тек Наурыз күні келетін әу­лие, қасиетті ұғым. Бұл жыл он екі айда адам­­ға күннің нұры, қария бейнесінде бір-ақ рет кө­рінеді. Одан кейін Қызырды ізде­сең де, тап­пайсың. Қызырдың құдіреті – Нау­рыздың ал­ғашқы атқан таңымен, күн нұ­рымен ке­ле­тіндігі. Қызыр келіп, ықыласы түссе, ол үйде, ол ауылда, ол халықта жыл бойында жақ­сылық болмақшы.
Иран патшасы секілді, қазақ та шыққан күн­ге маңдайын тосып, Қызыр бабаны қар­сы алған. «Жалғыз шала сәуле болмас, жал­­ғыз шы­рақ тәубе болмас» дейтін халық да­­на­лы­ғын­дай, Қызыр түнінде шырақ, шам-шаб­дал­ды қос-қостан жағып қою ғұр­пы болған.
Бұл күнгі ниет-пейілдің кеңдігі жыл бой­­ғы жақ­сы нышан саналғандықтан, әр­кім осы Ұлы күнге әліне қарай әзірлік жа­са­ғ­ан, жасау-мүлкін жинаған, жақсы күнге ірік­кен дәм-тұ­зын дастарқанына салған. Бұл күні таңға де­йін ұйықтамай, Қызыр тү­нін өткізіп, қыз бен жі­гіт, қайын мен жеңге ай­тысып, жұмбақ ше­ші­сіп, жаңылтпаш ай­ту, күш сынасу т.с.с. толып жатқан өнер са­йы­сы таңға дейін жалғасқан. Одан қалса, «Орамал тастау», «Ұшты-ұшты», «Селт еткізер», «Ұйқы ашар» тағы басқа ойындар­мен таңның қалай атқанын білмей де қала­тын болған.
– Наурыз халықтық мереке дейміз. Бірақ мейрам кезінде тігілген әдемі киіз үйлер мен мол дастарқанға әкім-қа­ралардан басқа жұрттың кіре ал­майтыны бар.... Киіз үйдің ішіне тамақ тол­тырып қойып, есігін жауып алып, ко­миссия келіп көргенге дейін ешкімді кір­гізбейтін әдеттен қалай құтылуымыз ке­рек?
– Наурыздың өз табиғатына сай рәсім­де­рі көп. Мысалы, Шүлен тарату деген дәс­түр бар. Ол – халыққа тегін қызмет ету, ас та­рату, күй-жайы нашар адамдарға тегін дү­ние тарату. Наурызды мейрамдамақ бо­лып келген ел жеткенінше алып жеуі керек. Аластау рәсімінде оттың арасына түтіндеген ша­ла тастап, одан жастар қарғып өтіп, қарт­тар етегін жиып, аттап өткен. Мұның өзі рухани тазару, адами қасиеттерді сақтау, имандылықты қалыптастыру ниетін оятпақ. Содан кейін барып дастарқаннан дәм тат­қан. Бәрін тойғызу шарт емес, әр адам Жа­ңа жылдың дастарқанынан дәм татуы тиіс. Оның өзінің астарлы сыры бар. Ол үшін үш-төрт жерден қазан көтеріліп, наурыз көже жасалады. Одан мұқым халық дәм татып шығуы керек.
– Наурызды ай бойы тойлап жата­мыз ғой...
– Асылы, Наурыз деген айдың аты емес еді. Ол көкек айынан бастап 40 күнге созы­ла­тын, 40 күн Наурыз деп аталатын Жаңа жыл мерекесінің алғашқы күні болатын. Кө­кектің 10-жұлдызында Отамалы деген амал келеді. «Жақсы болса, от алғанша, жа­ман болса, оталғанша» деп есепшілер ерек­ше мән беріп, айрықша зер салып, Жа­ңа жылдың қандай боларын сол күнмен ша­малауға, болжауға тырысатын күн еді. Ол күні торғай аузын шылайтындай күн жы­лып, қар ерісе, жаздың шыққаны, бол­ма­са, жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілетін қа­ра­өзек шақтың нышаны деп есептелген.
Наурызда қар жауса, қарға құмалақ ша­шып, көктемнің ерте я кеш шығатынын бол­жаған. (Наурыз күні қарға түскен құма­лақ батып кетсе, көктем ерте шығады, ал қар­дың үстінде қалса, көктем қырық күн кеш шығады).
Ең бастысы, 40 күн наурызда ауыл ақ­са­қалдарының бастауымен әр ауылға жи­налып, наурыз көже ішіп, ойнап-күліп қана қоймай, бірлі-жарым адамның қолынан келмейтін құдық аршу, тұма басын көзеу, атыз тазарту, арық қазу, қора-жайды түзеу, жы­лқы таңбалау, қой қырқу, киіз басу, ар­қан есу, кірпіш құю, қойшы, әйтеуір, ағаш отырғызу, егін егу ісін бастау секілді қат-қабат шаруаларды атқара жүріп, тойды жалғастырған. Малын сақтай алмай, жүдеп қалғандарға жылу жинап беріп, саяқ жүр­гендердің басын қосып, алдына мал салып, басына үй көтеріп беру, кембағал, жетім-жесір, кәрі-құртаңды қамқорлыққа алып, бір­лі-жарым қазанбұзар тентектерді ты­йып, қыруар шаруа атқарған. Мұның бәрі береке емес пе? Наурыз тойын халықтың рухани өмірінің барлық сәтін ойластырып, оның сыртқы көрінісі ғана емес, ішкі мәніне көңіл бөлмек керек. Ол жөнінде «Таным, талғам, тағылым», «Наурызнама» кітап­та­рым­да айтып, жазған едім. Оның бәрін бі­рер сөзбен жеткізу мүмкін емес.
– Салиқалы сұхбатыңызға рақмет.

Оқшау ой
«Көш жүре түзеледі». Бұл – өте жақсы мақал. Бірақ бүгінде өте жаман мақалға айналып бара жатқандай. Мысалы, мен менің өкшемді басып келе жатқан адамдардың қатары сиреген сайын біз ұлттық рухымыздан қашықтай береміз бе деп қорқам. Өйткені кейінгі ұрпақ басқа идеологиямен қаруланып бара жатыр. Қазіргі жастар «Абай» эпопеясын оқи ма? Жоқ! Немесе қазіргі жастарға домбырамен ән тыңда десең, көкірегіне қонбайды. Айғай секілді түсінеді. Көш он жылдан кейін түзелмек түгілі, құлдырай береді. Сондықтан рухани өмірде бұл мақалды қолданбасақ деймін.

Алашқа айтар датым...
Қазір менен «қазақтың тілі дами ма?» деп сұраса, мен «жоқ» деп айтар ем. Неге? Тіл, тіл дейміз. Тілді аюға да үйретуге болады. «Бар, жоқ, келдім, кеттім» дегенді. Бірақ одан қазақ жасай алмайсың ғой. Қазақтың өз менталитеті, өз психологиясы, өз дағдысы бар. Тілді дамыту үшін мұқым қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көтеру қажет. Сол уақытта ғана тіл тіл болады. Құр айқайдан ештеңе өнбейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста