11 қыркүйек оқиғасының шындығы енді ашылды

11 қыркүйек оқиғасының шындығы енді ашылды

2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараты мен Пентагонға лаңкестер ұшағы соғылып, 3 мың адам ажал құшқан. Бұл лаңкестік әрекетке АҚШ Иракты айыптаған. Бірақ Бағдаттың жазығы болмай шықты.
Таяуда Орталық барлау басқармасы (ОББ) құпия құжаттың мәліметтерін жария етті. Оған сәйкес, 2003 жылы АҚШ әскері басып кірген Ирактың 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестікке еш қатысы жоқ екені белгілі болған.
Сенатор Карл Левиннің сұрауы бойынша жазылған құпия хат жайында «РИА Новости» хабар таратты, деп жазады Лента.ру.
Аталмыш хат 2001 жылғы лаңкестікті ұйымдастырушылардың бірі Мохаммед Атта Прагада Ирак барлау қызметінің өкілімен кездесті деген болжамды жоққа шығарды. Бұл болжамды сол кездегі АҚШ вице-президенті Дик Чейни бірнеше мәрте қайталап, ақыры соңында АҚШ-тың Иракқа басып кіруіне себеп болды.
Ал Ирактың лаңкестікке қатысы, сондай-ақ елде жаппай қырып-жою қаруы бар деген болжамдардың бәрі күні бүгінге дейін расталмаған еді. ОББ 2003 жылдың өзінде-ақ Аттаның Ирак барлаушысымен кездесті деген болжамға күдікпен қарады, деп жазылған ОББ директоры Джон Беннанның сенатор Левинге жазған хатында.
Левин бейсенбі күні сенатта бұрынғы вице-президент Чейниді сынап баяндама жасап: «Вице-президент Дик Чейни бірнеше рет, сондай-ақ телеарналар арқылы да, аталмыш кездесу туралы жар салып, оны дәлелдейтін айғақтар барын да мәлім еткен болатын. Бұл кездесу қоғамдық пікірді Саддам (Хусейн) 11 қыркүйекте шабуыл жасаған «Әл-Каида» лаңкестерімен бірге болды деген болжамға сендірудің негізгі дәйегі болды», - деді.
Түрлі мәліметтер бойынша, АҚШ-тың Иракқа басып кіруі кезінде 100 мыңнан аса адам опат болды, оның 4,5 мыңы – АҚШ әскери қызметкерлер екендігі анықталған.


turkystan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста