Африка толқулары: себеп пен салдар

Африка толқулары: себеп пен салдар

Соңғы кездегі Тунис, Мысыр, Алжир, Судандағы шиеленісті оқиғалар шетелдік басылымдарда «Африканың оянуы» деген атқа ие болды. Біздіңше, тұтас Африкадан гөрі, «арабтық солтүстік Африканың оянуы» деген қисындырақ сияқты. Тунистегі төңкерістен 23 жыл билеген ел президенті Бен Әли қуылып, Сауд Арабиясын паналаса, Нілдің атырауындағы Мысыр елі нілдей бұзылды. Каир, Александрия, Порт-Саид, Суэц қалалары ереуілшілерге лық толып, қалың бұқара 30 жыл елді билеп-төстеп келе жатқан Хосни Мүбәрактың кетуін талап етіп жатыр. Тунистегі төңкеріс өзге араб әлеміндегі елдердегі тәртіпсіздіктерге түрткі болып, Мысыр, Алжир, Йеменде толқулар басталса, іргелес Сирия мен Иорданияда тұрақсыздықтың оты тұтануы мүмкін.
Билігі төңкерілген Тунис
 Тунисте «жасмин төңкерісі» кезінде 80-нен астам адам қаза тауып, жүздеген жан жапа шекті. Елдегі дүрбелең салдарынан мемлекетке 1,6 миллиард доллар материалдық шығын келген. Бұрынғы президент Бен Али отбасымен Сауд Арабиясына қашып паналаған соң, Тунистегі билік тізгіні Конституциялық Кеңестің ұйғаруымен парламент спикері Фуад әл-Мабзаға табыс етілді. Туниске 22 жылдан кейін қайта оралған исламшыл «Ан-Нахд» партиясы­ның серкесі, премьер-министр Рашид әл-Ганнушиге тез арада уақытша коалициялық үкімет жасақтау, алдағы сайлауға әзірлік жасау тапсырылды. Шетелдік басылымдар Тунис билігіне радикалды исламдық күш­тер келгенін жарыса жазып отыр. Еуро­одақ Тунистің бұрынғы президенті мен оның зайыбының есепшотын құлыптады. Муаммар Каддафи билеп отырған іргелес Ливия елі бір кездері Тунисті өздеріне қосып алмақ болған. Бұдан ештеңе шықпады.
Судан екіге бөлінбек
Суданнан бөлінуге байланысты өткізіл­ген референдумда Оңтүстік Судан тұрғындарының 99 пайызы жақтап дауыс берді. «Егер Солтүстік Суданның исламдану үрдісі күшті екенін мойындасақ, оның Мысырға атой салып, Халифат құруы ға­жап емес», – дейді ресейлік саясаттанушылар. Мысырдың араб әлеміндегі өте ық­пал­ды ел екенін ескерсек, ондағы тәртіп­сіздіктің теріс салдары көп болмақ. Әсіресе, мұнайлы араб елдеріндегі тұрақсыздық әлемдік нарыққа кері әсерін тигізіп отыр.
Мазасыз Мысыр
Бір қызығы, араб елдерінің көпшілігін геронтократтар билеп-төстейді екен. Сарапшылар аузынан құрамы әртекті – ауыл­дық, қалалық тұрғындар, студенттер құрайтын ереуілшілердің басым бөлігі болып саналатын жастардың ондаған жыл ел билеген геронтократтық отбасылық кландар­ға қарсы реакциясы деген пікірлер айтылады.Мысырдағы тәртіпсіздіктен елдің ірі қалаларын қамтып, жанғыш бөтелкелерден талай ғимарат өртке оранып, дүкендер тоналып жатыр. Мысырдағы қарақшылар тобы Каир орталығындағы ұлттық мұражайға басып кіріп, перғауын­дардың екі мумиясына залал келтірген. БҰҰ деректеріне қарағанда, жаппай тәртіп­сіздіктен 300 адам құрбан болған. Осындай үлкен толқу 1977 жылы нан бағасы қымбаттаған кезде болған екен. Елде ко­мен­данттық сағат енгізіліп, Каир көшелерін 20-30 мың полицей күні-түні күзеткенімен, мыңдаған ереуілші қатыс­қан толқудың толастар түрі жоқ. Керісінше, миллион адам­дық шеруге ұласпақ. Азық-түліктің қым­бат­шы­лығынан, жаппай жемқорлықтан және жұ­мыссыздықтан ашынған жұрт «Хосни Мүбәрак биліктен кетсін, режим өзгерсін» деген талап қойып отыр. Мысыр телеарналарында сөз сөйлеген Хосни Мүбәрак жақын маңда саяси реформалар жасаймын деп уәде етіп, үкіметті отставкаға жібергенімен, шерушілер көшелерді босат­қан жоқ. АҚШ, Британия, Франция, Германия билігі Мы­сырдағы ахуалға алаң­даулы екенін мәлім­деді. Мысыр билігі заң жүзінде ты­йым салынған «Мұсылман бауырлар» партиясын елді арандатуға ша­қыр­ғаны үшін, тәртіпсіздіктер үшін айыптайды. Мыңдаған тұтқын түрмеден қашып шығып, соның ішінде «Мұсылман бауырлар» ұйымының 34 серкесі де абақтыдан босады. Шетелдік басылымдардың сөз саптауына қарағанда, Израиль, жалпы батыс елдері Мысыр билі­гіне «Мұсылман бауырлар» ислам қозға­лы­сының келуінен сескенеді. Негізі, мысырлық диссиденттер либерал-демократтар және исламшылдар деп бөлінеді. Либерал-демократтар тобы­ның көшбас­шысы МАГАТЭ-нің бұрынғы жетекшісі, Нобель сыйлығының иегері әл-Барадеи. Оның қолтығына су бүркуші ел – АҚШ. Келесі толқын – ислам­шылдардың діңгегі «Бауырлас мұсылмандар» партиясы. Мы­сыр­дағы аса ықпалды бұл партия 2005 жыл­ғы парламент сайлауында 80 өкілін өт­кі­зе алған. Исламшыл қалың топ тұрған­да либерал-демократ әл-Барадеиге билікке қол жеткізу айға шапқанмен бірдей. Мы­сырда биыл күзде өтуі тиіс Президент сай­лауына Мұхаммед әл-Барадеидің кандидатурасы ұсынылған еді. Қазір ол үйқа­мақта.
«Мысырдың соңғы перғауыны» деген атқа қалған Хосни Мүбәрактың ел билейді деп сенген мұрагер екі ұлы Лондонға қарай тайып тұрған сықылды. Хосни Мүбәрак көпшілік араб елдеріндегідей демократиялық монархияны сақтап, тақты ұлына қалдырғысы келген-ді. Мысырлық­тар Хосни Мүбәрактың ұлы Гамальдің ел билегеніне наразы-тұғын. Хосни Мүбәрак­тың өзі кезінде Садаттың вице-президенті болған. Садат қайтыс болғаннан кейін президент атанған Хосни Мүбарак өзіне 30 жыл бойы вице-президент тағайын­дамай келді. Тек кеше ғана, 29 қаңтарда Мысырдағы толқулар барысында өзінің ізбасарларының бірі деп айтылатын Омар Сүлейменді вице-президенттік лауазымға отырғызды. Алайда елді дағдарыс­тан шығару жоспарын жария еткен сол вице-президент Мүбарактың биліктен кетуін талап етті. Шетелдік сарапшылардың пі­кірін­­ше, арнайы қызмет пен күштік құры­лым­дар Мысыр билігін алуы мүмкін. Бұл – тәжірибе жүзінде дәлелденген жағдай. Мәселен, Иорданияның королі бұрынғы коммандос, Сирияда билік тізгінін қолға алған Асадтар әулеті де бұрынғы жоғары шенді әскерилер, Алжирге әскери хунта иелік етеді, ал Мысырды Гамаль Абдель Насерден бері әскери элита билеп келеді. Бүгінгі президент Хосни Мүбәрактің өзі – әскери ұшқыш.
Мысырға іргелес Иордания мен Сирия­ның да (Азия елдері) тынышы кетті. Иордания оппозициясы мен кәсіподақтары үкіметтің кетуін талап етсе, иордан мұсылмандарының көшбасшысы Химам Саид жақтастарын билікке қарсы бір майдан болуға шақырды. Ереуілдерден сескенген Сирия президенті Башар Асад дереу көмекке мұқтаж отба­сыларға 250 млн доллар қаржы бөлдіру жө­ніндегі жоспар құрды. Сириядағы 22 мил­лион халықтың бестен бір бөлігі – жұ­мыс­­­сыздар. Ливия көсемі Муаммар Каддафи режиміне қарсы толқулар болды.

Ой-тұжырым
Біреулер араб Африкасындағы тәртіпсіздіктер диктаторлық режимдерге қарсы демократияның бас көтеруі десе, енді бірі исламның саяси күшке айналуы деген дәйек келтіреді. Сарапшылар «араб елдеріне ортақ жайт – геронтократиялық әскери хунта және фундаменталды ислам» дейді. Ал оның саяси салдары ауыр болары сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста