Әлемге танымал көшбасшылардың аналары

Әлемге танымал көшбасшылардың аналары

Бұл әйелдер тарих көлеңкесінде қалып қойғанымен, ұл-қыздарының биікке жетуіне себепші болған. Балалары өз елінің тарихында айшықты із қалдырып жатқанда, әркез жанынан табылған аналары туралы не білеміз?

NUR.KZ порталы ZTB.KZ-ке сілтеме жасап мемлекет басшыларына өмір сыйлаған тұлғалардың фотосын назарларыңызға ұсынады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың анасы – Әлжан (1910-1977).

0FBE4D27-83FB-42D3-9A8A-0C9FE3DCC2D7_mw1024_mh1024_s

20100113115121981

Ол Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық (бүгінде Талапты) ауылында дүниеге келгенн. Әкесі Ұлы жүздің дулат руынан шыққан Жатқанбай молда. Ол өмір бойы ұжымшарда қызмет етіп, үй шаруашылығын қатар алып отырған. Болашақ президенттің ата-анасы бір-бірімен Түріксіб құрылысында танысқан. Әбіш ол жерде өз еркімен жұмысқа тұрса, Әлжанның отбасы еркінен тыс жұмыстарға салынған. Екеуі 1934 жылы отау құрады. Алғашқы 6 жылда ортақ балалары болмайды. Сол себепті, көптен күткен мұрагердің дүниеге келуі олар үшін үлкен қуаныш болған.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың анасы – Екатерина Трофимовна Лукашенко.

1432640692_lukashenko

1924 жылы дүниеге келіп, 2015 жылдың 26 мамырында дүниеден озды. Екатерина Лукашенко александриялық мектептің 4 сыныбын бітірген. Ерте жұмыс істеуге кірісіп, 1944-1949 жылдары темір жолда еңбек етеді. Кейін құрылыста, зауытта жұмыс атқарады. 1957 жылы Александрияға қайтып оралып, 1979 жылға дейін сол жерде сауыншы болып қызмет етеді. Зейнетке шыққаннан кейін Екатерина Лукашенко тағы 4 жыл жұмысын жалғастырған. Түрлі дипломдар мен марапат қағаздарына ие болған.

Ресей президенті Владимир Путиннің анасы – Мария Ивановна Шеломова (1911-1998).

image237

Тверск облысының Заречье ауылында шаруалар отбасында дүниеге келген. Зауытта қызмет етіп, Ленинградты қоршауды басынан өткерген. “Ленинградты қорғағаны” үшін медальмен марапатталған.

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың анасы – Энн Данхэм.

_____________________

1942 жылдың 29 қарашасында АҚШ-тың Канзас штатындағы Уичито елді мекенінде дүниеге келген. Энн алғашқы күйеуі, Гавай университетінің африкалық студенті, үлкен -Барака Обаманы орыс тілінен сабақ алу кезінде жолықтырған. 1961 жылдың 4 тамызында олардың ортақ ұлдары Барак Хусейн Обама дүниеге келеді. Данхэм күйеуімен 1964 жылы ажырасу туралы өтініш жасап, 1964 жылдың 20 наурызында екеуі айырылысады. Үлкен-Обама ұлы кіші-Обаманың тек 1971 жылы бір-ақ рет көрген. Ол кезде болашақ президент небәрі 10 жаста болатын.

Энн Данхэм антропология мен жергілікті аймақты дамытудың маманы болған. 1995 жылдың 7 қарашасында қатерлі ісіктен көз жұмған.

АҚШ-тың 43-ші президенті кіші-Джордж Буштың анасы – Барбара Буш.

_____________________ (1)

Барбара Буш 1925 жылы дүниеге келген. Болашақ күйеуі Джордж Бушпен 16 жасында рождестволық балл кезінде танысқан. Бір жарым жылдан кейін Буш әскерге кетпес бұрын онымен сөз байласады. 1945 жылдың 6 қаңтарында олар некелерін қиып, соғыс біткенде Мидлендке (штат Техас) көшіп барады. Ортақ алты баласы дүниеге келеді, олардың ең үлкені – Джордж Буш. Қазіргі уақытта Барбара Буш күйеуімен бірге Хьюстонның Техас штатында тұрып жатыр.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің анасы – Юлия Вениаминовна Медведева (күйеуге шықпай тұрғандағы тегі- Шапошникова).

________________

1939 жылдың 21 қарашасында дүниеге келген. Филолог, А. И. Герцен атындағы педагогикалық институтта дәріс берген, кейін Павловскіде экскурсия жетекшісі қызметін атқарған.

Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Борис Ельциннің анасы – Клавдия Старыгина (1908-1993).

____________

Екі баланы дүниеге әкелген, шаруалар отбасынан шыққан, тігінші.

Сталиннің анасы – Екатерина Георгиевна Геладзе (1858-1937).

b74bf6cefaaa5904c2ebb9ef4a6b1c49

Екатерина (Кеке) Геладзе православиялық грузин ауылында дүниеге келген. 17 жасында Виссарион (Бесо) Джугашвилиге тұрмысқа шығады. Иосифтің туылған соң Виссарион қатты ішкілікке салынады. Сол себепті,  Кеке оны тастап кетеді. Сталиннің анасы өте қатыгез және қатал адам болатын. Көп жұмыс істеп, баласы үшін бәрін беруге тырысқан. Оның шіркеу қызметкері болғанын қалаған.

Михаил Сергеевич Горбачевтің анасы – Мария Пантелеевна Гопкало (1911-1993).

__________________

Ол қарапайым шаруа болатын. Өмір бойы ұжымшарда жұмыс істеп келген. Әскери кезеңнің алғашқы қысында қамауға алынып, бірнеше күнін аудандық түрмеде өткізген. Күйеуінің қазасынан кейін үйінде жалғыз өзі тұрып, зейнетақы алып отырған. Бақшасын күтіп, өмір сүрген. Алайда Горбачев барлық шенінен айырылғаннан кейін оған бұрынғыдай күтім жасалмады. КСРО-ның құлағанын сынаған көршілері одан теріс айналады.

АҚШ-тың 42 президенті Уильям Джефферсон (Билл) Клинтонның анасы – Вирджиния Делл Кэссиди (1923-1994).

______________

Луизиана штатының анестезиолог-медбике мамандығына дәріс алып жүргенде өзінің болашақ жары Уильяммен танысады. 1943 жылы екеуі некелесіп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Уильям Мысыр мен Италияға борышын өтеуге аттанады. 1946 жылдың 17 мамырында Чикагодан қайтып бара жатқан жерінде жол апатынан қаза болады. Билл 4 жасқа келгенде анасы екінші рет тұрмысқа шығады.

Билл Клинтон сұхбаттарының бірінде анасының қолдауымен ғана мұндай жетістіктерге жете алғанын айтады.

Италияның экс-премьері Сильвио Берлусконидің анасы – Розелла Босси (1911-2008).

Milan, ITALY:  Conservative Prime Minister Silvio Berlusconi (L) and his mother Rosa  vote, 09 April 2006 in Rome.Polling in Italy's first general election for five years opened Sunday, beginning two days of voting after a vitriolic campaign between centre-right Prime Minister Silvio Berlusconi and his centre-left challenger Romano Prodi.  AFP PHOTO / FILIPPO MONTEF0RTE  (Photo credit should read FILIPPO MONTEF0RTE/AFP/Getty Images)

Үй шаруасындағы әйел. Оны бүкіл ел Роза ана деп атап кеткен. Жағдайлары шалқып тұрмаса да  ол күйеуімен бірге ұлының лайықты білім алуына жағдай жасайды. Сильвио мектеп қабырғасынан бастап кәсіпкерлікке қабілеті барын байқатады. Алғашқы ақшасын тегін қуыршақ спектакліне билеттер сатып тапқан Сильвио сыныптастарына үй жұмысын орындауға да көмектесіп жүрген. Әрине көмегі тегін болмаған. Есесіне тәттілер немесе ақша алып отырған. Егер көмектескені іске аспай, оқушы төмен баға алса, ол ақшасын қайтарып беріп отырған.

Германия канцлері Ангела Меркельдің анасы – Герлинда Каснер.

Angela Merkel (L), leader of the Christi

1928 жылы Гданьскіде дүниеге келіп, 1936 жылға дейін Эльблонгте тұрған. Ағылшын және латын тілдерінің мұғалімі болып қызмет еткен.

Франция экс-президентінің анасы Николя Саркози – Андре Саркози (Малла).

Chinese President Hu Jintao (R) welcomes

Париждің 17 округіне танымал дәрігердің отбасында дүниеге келген ол заң факультетінде білім алып, адвокат атанады. Әкесі Андре – Бенедикт Малла еврей-сефард әрі Салониктен келген иммигрант болған. Анасы Адель Бувье – Савойиден келген католик діні ұстанатын француз әйелі болғандықтан, әкесі де католик дінін қабылдайды.

Лениннің анасы – Мария Александровна Бланк (1835-1916).

____________ (1)

Мария Александровна тұрмыста болған кезінде 8 баланы дүниеге әкелген: 4 ұл мен 4 қыз. Оның 4 қызы революционер жолына түскен. Өзі Владимирді қашан да қолдап, екі рет оны көру үшін шетелге шыққан (Францияға 1902 жылдың жазында және Стокгольмге 1910 жылдың күзінде барады).

Джон Кеннедидің анасы – Роуз Фицджеральд (1890-1995).

______________ (2)

1914 жылы Джозеф Патрик Кеннедиге тұрмысқа шығады. Роза мен Джозефтің 9 баласы болған.  1969 жылы Роза Кеннедидің күйеуі қайтыс болып, өзі 104 жасында 1995 жылы өмірден өтеді. Тоғыз баласының 4-еуі және үш немересі көзі тірісінде қайтыс болған.

Ұлыбритания  патшайымы II Елизаветаның анасы – леди Елизавета Боуз-Лайон (1900-2002).

___________________2

VI Георг патшаның жұбайы. Шотландтық ақсүйек Клод Джордж Боуз-Лайонның отбасында дүниеге келген. 1923 жылы  Йоркский герцогы Альбертке тұрмысқа шығады. “Жүзінен күлкі кетпейтін” герцогиня ретінде танымал.

NUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста