Әлеуметтік лифтісіз әлеуетіміз көтерілмейді

Әлеуметтік лифтісіз әлеуетіміз көтерілмейді

«Баяғыда ақымақ Иван есімді бір еріншек бала болыпты. Ол пештің үстіне жатып алып, ұйықтай бергенді жақсы көреді екен. Күндердің күнінде оның жолы болып, патшаның қызына үйленіп, ел басқарыпты». Ертегідегі мұндай сюжеттерді кез кел­ген халықтың әдебиетінен кездестіруге болады. Әдебиеті былай тұрсын, бұл көріністі шынайы өмірден де кездестіруге болады. Әрине, кейіпкеріміздің бәрі қазақ ертегісіндегі Аяз бидей ақыл­ды, данышпан болып шықса игі. Ал ақымақ Иван секілді еріншек әрі ебедейсіз болып шықса, бұл көпшіліктің соры болар еді.
Міне, сондықтан да бүгінгі әлем үшін «әлеу­меттік лифті» терминінің маңызды­лығы зор. Бүгінгі дәуір кездейсоқ адамдар­ды қош көрмейді. Бүгінгі заман бәсекеге төтеп бере алатын интеллектуалдардың, бі­лікті кадрлардың тиісті орында отырға­нын қалайды, яғни меритократиялық та­лап­та­ры орындалғанның аты озатын ке­зең. Бү­гінде қарапайым жұмысшының қыз­ме­ті­нен шексіз өрлеуіне мүмкіндік болуы ке­рек, бірақ ол төте жолмен емес, біліктілі­гі мен қабілетін дәлелдеуі арқылы жасалуы тиіс.
Дәл қазір әлеуметтік лифті ережелері­нің мәнін жақсы түсініп, оны тәжірибе жү­зін­де сәтті жүзеге асырып жүрген елдердің бірі – Қытай. Жұңғо елінде қарапайым мұ­ғалімдіктен бірден ел басқаруға, немесе пар­тия басшылығына өтіп кету – мүлде кез­дес­пейтін жайт. Оған тіпті заңмен мүм­кін­дік берілмейді. Көпшіліктің тағды­рына жа­уап бере алатын құзыретті иелену үшін әуе­лі шағын елді мекен басшының орын­ба­сары, сосын басшысы атану керек. Ары қа­рай қызметіңе адалдығыңа және атқар­ған ісіңе қатысты өрлеу басталады. Бір жақ­сысы, аймақтағы партия өкілдігі кішігі­рім шенеуніктен бастап, үлкен шенеунік­тер­дің әрбірінің қызметтегі белсенділігін сырттай да, ресми әдістермен де бақылап жүреді. Кәдуілгі лифті секілді қызметте де өрлеу бар, құлдырау бар. Қыз­метіне са­мар­қаулық танытқандар қо­ғам­дық және пар­тиялық бақылау тетіктері арқылы тө­мен тү­сіп отырады. Міне, осын­дай жүйені әлеу­меттік лифтісі дұрыс жұ­мыс жасап тұрған ел деп атауға болады. Қытайды жиі сынға алатын батыс елдерінің өзі мұндағы қыз­меттік лифті мәселесінде сабақ алар­лық артықшылық­тар бар екенін мойын­дайды.
Қазақстанда әлеуметтік лифтіні дамы­ту­ды қолға алу мәселесінің көтерілгеніне көп уақыт болған жоқ. Күні кеше Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков бірнеше әріп­тестерінің атынан Үкіметке арнайы сауал жолдаған болатын. Онда негізінен Қазақ­стандағы жастардың жұмыссыздығы, ең­бек нарығын реттеу жолдары және әлеу­мет­тік лифтіні дамыту мәселесі қозғалып, бұл мақсатта қандай іс-шаралар жасалып жатқанын сұрайды. Сондай-ақ елдегі жо­ға­ры білімді жастардың көп болғанына қарамастан, кей саладағы кадр тапшылы­ғы пайда болатыны да сөз болды.
Ұласбек СӘДІБЕКОВ, Мәжіліс депутаты:
– «Жұмысқа орналасудың қиындығы мен теңсіздігі жастардың ең басты мә­селесі болып отыр. Жастардың да­муы­на жағдай жасаудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қа­зақ­станның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында «жастар саяса­ты туралы жаңа заң аясында әлеу­мет­тік еңбек орындарында жас қазақ­стан­дықтар үшін «әлеуметтік лифтілер­дің» тетіктерін құру маңызды» деп ерек­ше атап өткен болатын. Бағдарлы білім болған жағ­дай­да ғана әлеуметтік лифтінің әрекеті бо­лады. Біз­дің қоғамда жастарды қолдау деген ұғым көп қолданылады. Ал кері бай­ла­ныс­қа көп назар аударылмайды. Яғни мемле­кет пен жастар арасында алшақ­тық айқын көрінеді. Сондықтан да мем­ле­кет тарапы­нан біржақты қолдаумен мәселе шешіл­месі анық, яғни жастар та­ра­пынан да мем­лекетке деген ниет қа­лыптасуы қажет. Бұл дегеніміз, әлеуметтік серіктестік, яғни екі тараптан да әрекет бол­ғанда жақ­сы нәти­же болады. Сон­дық­тан да Үкімет әлеумет­тік серіктестіктің стандарттарын қа­лыптас­тырмай, әлеу­мет­тік лифтіні да­мы­ту орын­сыз болады деп пайымдаймын.

Расында, қазір жұмысқа орналасудың қиындығы мен теңсіздігі – жастардың ең басты мәселесі. Осы уақытқа дейін Мемле­кет басшысы Үкіметке «жастарға арналған әлеуметтік лифті жүйесін құрудың заңдық және әлеуметтік-экономикалық шарала­рын әзірлеуді» бірнеше рет тапсырған. Ал­айда тек жастар арасындағы жұмыссыз­дық­пен айналысу мүмкін емес нәрсе, се­бебі еңбек нарығы адамның жасына емес, қабілеті мен тәжірибесіне қарайды. Деген­мен жұмыссыздықты белгілі бір деңгейге дейін төмендетудің көзге көрініп тұрған әдістері жиі айтылып жүр. Ол – білім беру саласында мемлекеттік гранттар тарату мәселесінде кадрлық қажеттілікті дұрыс сараптай білу. Алдағы он-он бес жылдан кейін қандай мамандықтардың маңызы артады? Жиырма бес-отыз жылдан кейін ше? Дәл осы бағыттағы мемлекеттік зерт­теу­лерді қоғам әлі көрген жоқ. Мәжіліс депутатының кешегі көтерген сауалы да осыны талап етеді.
Жыл сайын мемлекет 35-40 мың жас­қа мемлекеттік грант тағайындайды. Сту­дент­тердің төрт-бес жылдық оқуына мем­лекет­тен қыруар қаржы бөлінеді. Ресурс­тық жағынан бұл – жақсы көрсеткіш. Ал­ай­да қазір қай саланы алсаңыз да, жөні дұ­рыс кадр таппай, әлектеніп жүрген көрі­ніске көз жеткізесің. Жастардың интеллек­ту­алды және физикалық потенциалын пай­даланудың жүйелі жоспары жоқ. Бұл жоспарды Мемлекеттік қыз­мет істері жө­нін­дегі агенттігі жасап, өз тұжырымдары­мен Білім және ғылым министрлігімен бөлісіп отыруға тиіс деп есептейміз.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының Алматы филиалының хатшысы:
– Бізде дипломының тақырыбы мен қазіргі қызметінің бағыты сай келе бер­мейтін жағдай тым көп кездеседі. Соның бәрі кадрлық жүйесіздіктен туын­дап жа­тыр деп ойлаймын. Әрі кім өз саласында, өз біліміне, тәжірибесіне сай қызмет жа­сап, өрлеп жатқанын бәріміз сирек кө­ре­міз. Әлдебір мүмкіндіктермен өзіне ешбір қатысы жоқ саланың басына ба­рып отыра­ды. Сол арқылы бүтіндей бір меке­менің жұ­мысын кенжелетеді. Мұ­ның елдегі жұ­мыссыздыққа тигізіп отыр­ған әсері үлкен.

Қазақстанда баланы өмірде жауапкер­шілікке тәрбиелейтін дәстүр жоқ. Ата-ана да, мемлекет те жастарға барлық жағ­дай­ды жасап беруге тырысады. Мем­лекет оқуы­ның ақысын көтерсе, ата-анасы киім-кешегі мен тамағын мойнына алады. Осы­лайша, жастар жатыпішерлікке бейімде­леді. Сон­дықтан мемлекеттің олар­ға жаса­ған ең үл­кен қамқорлығы жұ­мыс орында­рын тауып беру болуы керек. Тіпті қара жұ­мысқа болса да міндеттеу керек. Қазақ­стандағы жол құ­ры­лысын, тұр­ғын үй құ­ры­лысын жүргізіп жат­қан ком­панияларға тендер тарату бары­сында қа­за­қстандық жас­тарды да жұмысқа тарту мәселесін негіз­ге алу қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста