Алматы «жалған урбанизацияның» құрбаны

Алматы «жалған урбанизацияның» құрбаны

Қазақстандағы урбанизация туралы айтылып та, жазылып та келеді. Десе де, халықтың жаппай қалаға ағылу үрдісі әлі реттелген жоқ. Урбанизацияның жүруі – заңдылық. Өркениетке қадам басқан құрлықтағы дамыған барлық мемлекет урбанизацияны бастан кешірді. 1900 жылы бүкіл әлемде қала халқының үлес саны – 13 пайыз, 1950 жылы – 29, 1950 жылы – 29, 1970 жылы 36 пайыз болса, ғасырдың соңында 50 пайыздан асты. Болжам бойынша, 2025 жылдары 61 пайыз болатын көрінеді. Сондықтан урбанизацияны реттеу дегенді қалаға көшуге тыйым салу деп түсінбеуіміз керек. Урбанизация кезінде әртүрлі келеңсіз оқиғалар болуы мүмкін. Жерге, баспанаға мұқтаждық әртүрлі жағдайларға әкеледі. Сондықтан заң шығарушы және атқарушы органдар осы мәселенің шешілуін қадағалау керек.
Қарқынды урбанизация енді басталады
«Урбанизация бүгін ғана басталған жоқ, байбалам салатын дәнеңе жоқ» деп ой­лайтындар да табылар. Бірақ Қазақ­стан­дағы шынайы әрі қарқынды урбани­за­ция – алдағы уақыттың еншісінде. Үде­ме­лі ин­дус­триялық-инновациялық мем­ле­кет­тік бағ­­дарламаның аясында салынатын өн­ді­ріс ошақтары халықтың жаппай қа­ла­ға кө­шуіне үлкен қозғаушы күш болуы мүм­кін. Соңғы 15 жылда Қазақстанда ур­ба­ни­зация жү­ріп жатыр. Соңғы санақ нә­ти­жесі көр­сет­кендей, қала халқының саны жыл санап артып келеді. Өркениет көшінен қал­мас үшін, қала халқының өскені жақсы. Әйтсе де, бұл құбылыстың жағымсыз тұс­та­ры да бар екенін естен шығармағанымыз жөн. Қа­зақстанда «жалған урбанизация» мә­селесінің бар екендігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Ең негізгісі, шаһардан нәпақа іздеп жөңкілетін ауылдықтар жұ­мыссыздар санын көбейтеді. Дағдарысқа де­йін құрылыс қарқынды жүргізілген кез­де көшіп келгендер жұмыссыздық дең­гейіне айтарлықтай әсер етпеген болатын. Ал қаржы дағдарысынан кейін құрылыстың бә­сеңдеуі жұмыссыздық мәселесін шы­ғарды.
«Жалған урбанизацияға» жол бермеу керек
Тұрақты жұмысы мен тұрғылықты жері ше­шілмей жатып қалаға көшіп келу «жал­ған урбанизация» жасап қана қоймай, әр­түрлі әлеуметтік қақтығыстарға да алып ке­луі мүмкін. «Жалған урбанизация» ең ал­ғаш рет Латын Америкасы, Оңтүстік-Шы­ғыс Азия мемлекеттерінде жүрген. «Жал­­ған урбанизацияның» салдарынан бұл елдерді жаппай жұмыссыздық жай­лап, әлеуметтік ахуал қиындай түскен. Біз­де Алматы, Астана сияқты маңызды қала­лар­ға көшіп келіп, қоныстанып жатқандарда қисап жоқ. Тұрақты жұмыстың жоқтығы да урбани­зацияға кедергі болмай отыр.
Урбанизация мен субурбанизация қатар жүрген қауіпті ме?
Әдетте, урбанизациядан кейінгі саты субур­банизация болады. Яғни урбани­за­ция кезінде халық ауылдан қалаға жөң­кілсе, субурбанизацияда керісінше, ау­қат­тылар, тұрмысы орташа азаматтар қа­ла­ның сыртына қарай жаппай қоныс­та­нады. Дәл қазір Алматыда урбанизациямен қа­тар субурбанизация үрдісі де жүріп жа­тыр. Ал Алматының сыртқы жағында, бар­лығы жақсы білетіндей, ауылдан қалаға ағылған адамдар тұрақтай бастаған. Жо­ғарыда келтірген Латын Америкасы, Оң­түстік-Шы­ғыс Азия елдеріндегі әлеуметтік қай­шы­лық­тардың біздің елде де шет-жағасы бар.
Урбанизацияның жеткілікті реттелмеуі. «Шаңырақ», «Бақай» елді мекендеріндегі жағдай, жуырда «Думан» ықшам ауда­нын­дағы түсініспеушіліктерге ұласты. Бір сөз­бен айтқанда, біздің елде урбанизация мен субурбанизацияның салдары қарама-қайшы келіп жатыр. Сонымен қатар су­бур­ба­низацияның нақты бір белгісі – халықтың жаппай автобильденуі. Көліктің күрт көбеюінің де өзіндік қиындықтары бар екенін мегаполис тұрғындары күн­де­лік­ті көріп жүр.

Бір пікір
Сайын Борбасов,
саясаттанушы:
– Урбанизация әлемдік процесс қой. Біздің елде тек Астана қаласында ғана ур­ба­низация – мемлекеттің назарында. Яғни, қаланың инфрақұрылымы есептеліп жа­са­лып отыр. Қала тұрғындарының саны қанша өссе де, Астанада қандай да бір қай­шылықтың орын алуы екіталай. Ал енді Алматы, Шымкент сияқты шаһарларға ха­лық стихиялы түрде қоныстанып жатыр. Оларды мемлекет тарапынан бақылау жағы же­тіспейді. Мемлекеттік жоспар болмағаннан кейін, ол «жалған урбанизацияға» апа­рып соғады. Содан кейін шығар, әртүрлі әлеуметтік қайшылықтар қайталанып оты­рады. Қазақстан урбанизацияны реттеуге, жоспарлы түрде жұмыс жасауға қау­қар­лы. Менің ойымша, бұл істі көп кешіктірмей қолға алу керек. Бір жағынан, «Ди­плом­­мен – ауылға!», «сыбаға» сияқты елді мекендерді дамытуға арналған түр­лі бағ­дар­­ламалармен жұмысты қарқынды түрде жүргізу қажет. Бұл өз кезегінде ха­лық­тың қа­л­аға беталды көшуін тежейді.

Керек дерек
Жапонияда қала халқының үлес саны – 79 %, Ливанда – 78%, Сауд Арабиясында 70 % болса, Латын Америкасында 75 %-дан асады. Сонымен қатар әлемде ірі қалалар саны күрт артуда. 1900 жылы халқы 1 миллионнан астам қалалар саны оншақты ғана болса, 1980 жылдары – 209, қазір 300-ден асқан көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста