Астана – бірліктің символы

Астана – бірліктің символы


Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі:
– Астана – халқы­мыз үшін Тәуел­сіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Прези­дент­тің перзентіндей болған Астанаға Ел­ба­сының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ. Қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді, дәулетін әлді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшы­сы болды. Сондықтан да Елбасы мен елорда – егіз ұғым.
Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана — тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімі­нің көрінісі. Арманы мен тілегінің кепілі. Сон­дықтан бас қалаға деген талап та, талғам да қа­шанда жоғары. Бұл орайда, оның үдесінен шығып, үлгілі үлгерім көрсету – өңірлерге өне­ге болып отырған Астанамызға қойылар басты талап.

Төлеген Мұхамеджанов, Парламент Сенатының депутаты:
– Астананы Тә­уел­сіздіктің символы демеске амал жоқ. Өйткені Тәуел­сіздігімізді алған­нан кейін ғана егеменді ел болып, Ел­ба­сымызды сай­лағаннан кейін ға­на Елбасының ше­ші­мі­мен осындай аста­наға қол жеткі­зіп отырмыз. Бұлай болмағанда, еліміздің ортасынан ойып алып қаланған астанамыз бол­мас па еді? Астана – халқы­мыздың өзі еркімен таңдап алған астанасы. Өйткені мұ­ның алдында бізге Ресей Орын­борды, Қызыл­ор­даны, Алматыны астана қылып берді. Бұл қала­лар өзіміздің таңдауы­мызбен болған емес. Сон­дықтан да Ақмо­ла­ның Астана болып қа­лануы, Есілдің сол жа­ға­лауында 10 жыл­дың ішінде жаңа қа­ланың ерте­гілердегідей пай­да болуы ғажап дүние болды. Бұл басында Пре­зи­дентіміздің арманы бол­ған. Ал қала салынып болғаннан кейін, Астана барлық қазақ­стан­дықтардың арманына айналды. Себе­бі әрбір қазақстандық осы қа­ла­ға келгісі, Ас­та­наны көргісі келеді, біреулер осында балала­рын оқытып, енді біреулер тұр­ғысы келеді. Астана – егемен­дігі­міздің символы ғана емес, Тәуел­сіз­дігіміздің жеңісі мен же­­місі. Астана – шыққан шың­ымыз бен бағын­дырған беле­сіміздің көрі­нісі. Қиын-қыстау кезеңде, әлем­де дағ­дарыс болып жатқан кезде еліміз әсем қаланы тұрғызып, әлемге паш етті.

Мырзатай Жолдасбеков, Президенттік мәдениет орталығының директоры:
– Астана бүгінде Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемдік руханияттың аста­на­сына, әлем­дік сая­саттың ордасына ай­нала бастады. Был­тырғы өткен Ас­та­на саммиті, биыл­ғы Ислам ын­ты­мақ­тастық ұйымына, Түркі мемлекеттер кеңесіне, Шан­хай ын­ты­мақ­тастық ұйымына төраға­лы­ғымыз, сон­дай-ақ әлемдік деңгейде дүбірлеп өтіп жат­қан форумдар, жиындар Аста­на­ның мәмі­легерлік, Қазақстанның дип­лома­тиялық дең­гейін көр­сетеді. Тәуелсіздік ал­ған кезде иттің күшігі сияқты босағадан сы­ғалаған ел едік, қазір әлемнің төріне шықтық. Біз — өзімізбен-өзіміз болып осы уақытқа дейін орда тікпеген елміз. Кеңес өкіметі заманында Орынбор, Қызыл­орда, Алматы қалалары астана болды, бірақ олар өз қалауымызбен астана болмады. Өзіміз өз болғалы осы Астананы астана қылып, орда еттік. Еңселі, іргелі ел болдық. Бізді әлем таныды, мойындады, әлем­ге сөзіміз өте бастады, ықпалды мемлекет бол­дық. Осы сая­саттың бәрі Астанада жүзеге асып жатыр. Бұрын Тәуелсіздік арман болса, бүгінде Астана арман қалаға айналды. Қай жағынан қарасаң да, Астана мемлекетімізді алға сүйреп келе жатқан локомотив тәрізді. Тәуелсіздік арманы даму болса, дамудың айқын мысалы – Астана. Қазір Қазақстанның барлық қалалары Аста­наға қарап бой түзейді. Екі дәуірдің тоғы­сында Қазақстаннан басқа астана салған мемлекет жоқ. Сондықтан мен Астананы жер бе­тін­де, аспан астында Құдайдың құдіретімен пай­да болған құбылыс деп есептеймін. Осы­ның қадіріне жетіп, аялай білуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста