Астананы гүлдендірген құрылысшылар құрметіне ескерткіш неге орнатпасқа?

Астананы гүлдендірген құрылысшылар құрметіне ескерткіш неге орнатпасқа?

Елбасының ел астанасын ауыстыру туралы мәселе көтергеніне де биыл дәп 20 жыл болыпты. 1994 жылдың 6-ы шілдесінде Жоғарғы Кеңес депутаттарының алдында Президент Назарбаев астананы Алматыдан ел орталығына көшіру идеясын жариялап, бас шаһарды Ақмолаға ауыстырудың қажеттілігін қисынды тұрғыдан негіздеп берген екен. Бұл идея 1998 жылы түбегейлі іске асып, ресми түрді Ақмола қаласы ел астанасы ретінде жарияланған болатын. Астананың сән-салтанатын асқақтатқан құрлысшылар жайында "Алаш айнасы" ой толғайды.
Сөйтіп Астананы жариялағанымызға да 16 жылдың жүзі болды. Бар-жоғы 16 жыл ішінде бір кездегі провинциялық қала қалай құлпырды? Тың игерушілердің тұрпайы сахнасынан арыға аса алмаған ескі орталық Еуразияның көз тартар кіндігіне қалай айналды? Астана әсемдігі жағынан ғана емес, әдемілігі, өмірге жайлылығы жағынан да дүние жүзіндегі ең озық қаланың біріне айналып отыр. Әлбетте, бұған ең алдымен елорданың Бас сәулетшісі, шаһарда дүниеге келіп жатқан ғажайыптардың тікелей авторы Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі ұшан теңіз. Елорданың символына айналған Бәйтеректен бастап, әрбір ғимараттың орналасу-тұрысынан Елбасының қолтаңбасын көруге болады. Астанадағы әрбір қағылған қазық та, қаланған кірпіш те Мемлекет басшысының жіті бақылауында болды. Тіпті Нұрсұлтан Әбішұлы «Бәйтерек» монументі, Президенттік мәдениет орталығы, «Пирамида», «Отан қорғаушылар» архитектуралық ансамблі, «Хан Шатыр», «Астана Опера», «Мәңгілік Ел» кешендері секілді Астананың бірқатар қайталанбас һәм бірегей ғимараттарының үлгісін өз қолымен сызып, кәсіби шеберлерге олардың бейнесі мен идеясын ұсынғанын да жұртшылық жақсы біледі. «Астана – Президенттің төл перзенті» деуіміз де сондықтан. Ендеше, осындай әлем тамсанатын, барша қазақстандықтар мақтанатын Елордасын дүниеге келтірген Елбасының ерлігі ерен.
Екіншіден, бас шаһардың гүлденуіне қарапайым астаналықтардан бастап қала әкімдігінің де үлесі зор. Дегенмен, біз бұлардан бұрын ең алдымен осынау айбынды Астананы салудағы ерлігі үшін құрылысшы қауымға ерекше құрмет көрсетуге тиіс секілдіміз. Шындығында, құрылыс саласы қала экономикасының флагманы болып табылса, құрылысшының «елордадағы ең беделді мамандық» деген атаққа иеленуге де толық қақысы бар. Айталық, егер осыдан 16 жыл бұрын байырғы Целиноградта 139,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген болса, 2012 жылдың өзінде бұл көрсеткіш 1,3 миллион шаршы метрге жетті. Тұтастай алғанда, осы кезең ішінде салынған тұрғын үй алаңдардың көлемі 15 миллион шаршы метрге жуықтап та қалды. Яғни, осының өзінен жыл сайын ондаған мың астаналық отбасында қоныс тойлары өтеді деген сөз. Қарапайым тілмен айтсақ, бір ғана құрылысшылардың өзі жыл сайын ондаған мың адамға бақыт сыйлап келеді деген сөз. Ал бұдан өзге, қала сәулетін ажарландыра түсетін әкімшілік ғимараттар, мәдени сәулет орындары қаншама? Соның бәрі кімнің қолымен тұрғызылып жатыр? Бұны ерен еңбекке балауға болмай ма?
Осы тұрғыда баса назар аударатын тағы бір мәселе Елбасы жастарды адал еңбек етуге шақырып қана қоймай, қарапайым еңбек адамын құрметтеу мәселесін де ұдайы айтып келеді. Бұл ретте Президенттің: «Астана құрылысшыларының еңбектегі ерлігі - бүгінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құрушы бүкіл қазақстандықтар үшін, біздің жастарымыз үшін үлгі тұтатын жарқын өнеге болмақ. Мен Қазақстанның алдындағы өздерінің патриоттық парыздарын орындай отырып, Астананың құрылысын салуға қатысқандарға және қатысып жүргендердің барлығына ризамын», - деген болатын.
Бір жылдары өндірісімен бүкіл одаққа аты шыққан Қарағандыда шахтерлар құрметіне арналған арнайы ескерткіштің орнатылғаны бар емес пе? Ендеше дәл сол секілді бір кездегі борпылы басып жатқан иен даланы бүгінгі әсем Астанаға айналдырып, әлемнің көрікті шаһарларының бірі еткен құрылысшылардың ерлігі де жоғары бағалануы тиіс емес пе? Қалаға қайран қалатындар қарапайым құрылысшының еңбегін әркез есте ұстауы тиіс деп те ойлаймыз. Ендеше Елорданың төрінен бір еңселі ескерткіш құрылысшыларға сұранып тұр емес пе?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста