Ата Заңның авторы – Қазақстан халқы

Ата Заңның авторы – Қазақстан халқы

Қазақстанның қастерлі күні жақындаған сайын Ата Заң туралы айтылар келелі пікір, алқалы жиын-шаралар көптеп ұйымдастырыла бастаған сыңайлы. Бұл – өткен он бес жыл ішінде уақыт тезінен де, тәжірибе сынынан да өткен негізгі заңға деген зор құрметтің көрсеткіші болса керек. Соның бір көрінісі ретінде кеше елордадағы Ұлттық кітапханада өткен Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияны атауға болады. Осыған орай, аталмыш басқосуда негізгі құжат төңірегінде айтылған пікірлерден там-тұмдап оқырманға жеткізгенді жөн санадық.

Николай АКУЕВ, тұңғыш Конституция жобасын әзірлеу тобының мүшесі, заң ғылымының докторы:
– Қазақстан Ата Заңының әлеуетін, ерекшеліктерін көптеген беделді де білікті халықаралық сарапшы-құқықтанушылар мойындайды. Ендеше, Қазақстан Конституциясының үлгісі, оның ерекшелігі туралы ой қорытуға, оны дәріптеуге, онымен мақтануға да тиіспіз. Мәселен, біз конституцияның америкалық үлгісі, француздық, ресейлік үлгісі туралы әңгіме айтуды әдетке айналдырдық. Ал қазақ Ата Заңының олардан ерекшелігі не? Осы тұрғыдан келетін болсақ, әлемде конституцияның кемшіліксіз үлгісі, барлық заманға, барша халыққа арналған нұсқасы жоқ деп білемін. Менің ойымша, белгілі бір халықтың, белгілі бір мемлекеттің белгілі бір даму сатысындағы мүддесі мен сұраныстарын аса жоғары қамтып, көрсете алатын конституция, бұл – ең үздік, ең жақсы конституция. Ендеше, Қазақстанның негізгі заңын да осы санатқа жатқызуға болады. Оның үстіне, Қазақ елінің Конституциясы басқадан көшірілмеген, оны заңгерлер де ойлап таппаған. Ата Заң Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы тәжірибенің, практиканың жемісі, ал оның авторы – Қазақстан халқы.


Тастемір ӘБІШЕВ, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия хатшылығының меңгерушісі:
– Конституцияның рөліне келетін болсақ, Ата Заңымыз елдің негізгі заңы болып қана қоймайды, ол ішкі-сыртқы саясаттың басым бағыттарын, мемлекетіміздің экономикалық, құқықтық және мәдени дамуын айқындайды. Ал адам құқы тұрғысынан қарасақ, Қазақстанның Конституциясына БҰҰ сарапшылары да жоғары баға береді. Мәселен, ағымдағы жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесте адам құқы бойынша халықаралық міндеттемелерді қорғау барысында сарапшылар, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдері Қазақстан Конституциясының ережелеріне жоғары баға берді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы наурызда нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы ұлттық баяндаманы қорғау барысында БҰҰ-ға қарасты осы комитет төрағасы Әнуар Кемал мен оның 17-сарапшысы да Қазақстан Конституциясы ережелерін жоғары бағалады. Сонымен қатар мамыр айында Экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдениет құқықтары туралы халықаралық пакті бойынша бірінші Қазақстандық ұлттық баяндаманы қорғауда да Ата Заң ережелері ерекше әрі бірауыздан биік бағаланды. Жалпы, халықаралық сарапшылар Қазақстан Ата Заңының қуатын мойындай, оны жоғары бағалай отырып, оның қолданыстағы әлеуетін толық пайдалану туралы ұсыныстар жасап отыр.


Аида БАЛАЕВА, Астана қаласы әкімінің орынбасары:
– Қазақстан Конституциясы қоғамдық өмірдің барлық тетіктерін үйлестіруді сәтті жүзеге асыруда. Соның негізінде Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы еркін идеялар бекітілді. Ал ең басты жетістігіміз – елімізде демократияның шынайы іргетасы қаланды. Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістер саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға жол ашты. Бұл бағытта еліміздегі азаматтық қоғам институттары тең еркіндік, бірдей мүмкіндік алып, жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінгі күні елдегі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді азаматтық қоғам институттары арқылы шешудің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Бір ғана мысал, жылына 20 мыңнан астам елорда халқы қоғамдық ұйымдар арқылы мәселелерін шешуге мүмкіндік алып келеді. Мұның ішінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы 10 мыңнан астам тұрғын әлеуметтік көмекпен қамтылады. Бұлардың қатарына заңдық-құқықтық кеңестерді, қайырымдылық шараларын, түрлі акцияларды қосуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста