Ауғанстан басшысы Қазақстанға алғыс білдірді

Ауғанстан басшысы Қазақстанға алғыс білдірді

Дүйсенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулда бір күндік сапармен болған ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Ауғанстан басшысы Хамид Карзаймен кездесіп, онда екіжақты қарым-қатынастар және Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі жұмысына байланысты біраз мәселелер сөз болды.

Келіссөз барысында Ауғанстан басшысы Хамид Карзай Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізу және оның күн тәртібіне «ауған тақырыбын» енгізу идеясын қолдайтынын білдірді. Ол сондай-ақ еліне көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмектер үшін қазақстандық жоғары оқу орындарында 1 мың ауған студентін дайындау жөніндегі еліміз қолға алып отырған білім бағдарламасы үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғыс білдірді. Кабулда Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының сауда-өнеркәсіптік палатасының арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімге сәйкес, Ауғанстанда Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасының өкілдігі ашылады.

Кеше ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қанат Саудабаев Душанбеде өткен Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 37-ші сессиясына қатысып, конференцияға мүше елдердің сыртқы істер министрлерімен бірқатар кездесулер өткізді. Тәжікстан астанасындағы сессияда Душанбе қаласын Ислам мәдениетінің елордасы деп жариялау рәсімі өткізіліп отыр.

ЕҚЫҰ төрағасы Қ.Саудабаев «Халықаралық коалицияның «Талибан» қозғалысына қарсы әскери операциясы Орталық Азия елдері үшін тікелей террорлық қауіп-қатерді біршама азайтқанымен, бүгінгі таңда ауған проблемасын әскери жолмен шешудің тығырыққа тірелгені айқын» дей келе, Ислам конференция ұйымының аймақтың баяу дамыған елдеріне қаржылық-экономикалық ұзақ мерзімдік көмек көрсету бағдарламасын қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ ол ИҚҰ өкілдерінің Қазақстан басшысының Қырғызстандағы жақында болған жанжал мен дағдарысты реттеудегі күш-жігерін айрықша бағалап отырғанын атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста