Бағым бес елі екен

Бағым бес елі екен

1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланғанда Моңғолиядағы қазақтар өзі дауыс беріп, өзінің президентін сайлағандай қуанышты күй кешті. Ғасырлар тауқыметімен шет мемлекетте жүрсек те, қазақ деген халықтың рухы, Көк туы биікке көтеріліп, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы бекітіліп, алғашқы төл теңгесі шыққан кездегі жас мемлекеттің әрбір тарихи шешіміне, қуанышты сәтіне шаттанатынбыз.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев шет мем­лекеттерде жүрген қазақтарды тарихи Ота­нына оралуға шақыруы жүрегімізді ел­жіреткен еді. Қазақтың маңдайына біткен тұң­ғыш Президентінің  бұл үндеуін Моң­ғолиядағы қазақ қандастары да үлкен қуа­нышпен қарсы алып, ат басын тарихи Отан­ға бұрды. Бүгінгі күндері бұлардың са­ны жүз мыңға жетуі – Президенттің ұлт­тық мемлекет құрудағы үлкен көрегендік сая­сатының жемісі. Отанына орал­ған­дар­дың ішінде ғылым, білім, өнер қай­рат­керлері және ауыл шаруашылығы  ма­ман­дары аз емес. Қазіргі жағдайда Моң­­­­­ғо­­лиядағы қазақ диаспорасының бү­гінгі ұрпақтары Қазақстанның түкпір-түк­пі­ріндегі жоғары оқу орындарында мем­ле­кет­тік тілде білім алуда. Баян-Өлгей ай­­­­ма­ғында С. Аманжолов атындағы ШҚМТУ-дың филиалы он жылға жуық пе­дагог мамандарды тәрбиелеуде. Мұның өзі – шетелдегі қазақ жастарының ана ті­лін­де жо­ғары білім алуына жасалған Пре­зи­­ден­тіміздің тағы да бір қамқорлығы. Сон­дай-ақ Астанадағы әлемдік деңгейдегі На­­зар­баев университетінде де моңғо­лия­лық қа­зақ жастары оқи бастады.
Бүгінгі  Қазақстан экономикасы мықты, демократиялық дамыған мемлекет екенін бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстанның жоғары білімі халықаралық дәрежеге жетті деуге негіз бар. Қазақстан Республикасы Бі­лім және ғылым министрлігінің ше­ші­мімен шетел профессорлары мен ға­лым­дарын шақырып, дәріс оқыту жөніндегі бағ­дарламаға сәйкес мен қазір Д.Се­рікбаев атындағы ШҚМТУ-да жұмыс істеп жүр­мін. Оқу орнының ұстаздар құрамы ат­қа­рып жатқан жұмысқа жаның сүйсінеді. Уни­верситеттің оқу ғимараттары, зерт­ха­налары, басқа да инфрақұрылымдары кі­сі қы­зығарлық. Студенттердің барлығын ше­телде оқыту мүмкін еместігі белгілі. Ал Білім және ғылым министрлігінің аталмыш бағдарламасы бүкіл жер шарынан көрнекті профессорларды Қазақстанның  оқу орындарына шақырып, шәкірттерге дәріс оқытуы – жастарға жасалып отырған зор қамқорлық.
Астанада 29 қарашада Тұңғыш Назар­баев оқулары өтеді. Оның тақырыбы  – «Жа­ңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Оқу­лар­ға 50 мемлекеттен көрнекті сая­сат­керлер, сарап­шылар, ғалымдар қатысқалы отыр. Мен өзімді бағым бес елі адаммын деп са­наймын. Өйткені осы оқуларға қатысу ба­қытына ие болдым. Мұндай қуанышты сәтте Қазақстанға, оның Тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Білім және ғылым министрлігіне, елдің іргесін нығайтып жатқан бүкіл халыққа алғыс сезімімді білдіремін.
Шетел профессорлары мен оқыту­шы­ларын оқу үдерісіне тарту жөніндегі бағ­дар­ламаның берері көп. Д.Серікбаев атын­дағы ШҚМТУ-дың орман ресурс­тары,  ағаш өңдеу технологиясы және өң­деу өн­ді­рісі кафедрасында жұмыс істе­ген аз уа­қыт­та өзім де көп нәрсеге үйр­ендім. Сту­дент­­тердің білімге деген ынта­сы, сабақтағы белсенділігі қызықтырды. Білім беруге мол қаржы бөліп, болашақ мамандардың те­рең білім алуына  қам­қорлық жасап жатқан ел­дің болашағы жар­қын. Оның кепілі – Ел­басы Н.Ә.На­зар­баевтың білім саласына күн­делікті көңіл бөліп, оны әлемдік дең­гейге көтеру жөніндегі тапсырма­ла­ры­ның орын­далуына ұдайы бақылау жа­сай­тыны.
Назарбаев оқулары да кезекті бір шара емес, Қазақстанның білімі мен ғылымын онан  әрі дамытуға айтарлықтай үлес қосатынына сенімім зор.

• 29 қараша күні Астана қала­сын­да Тұңғыш Президент күні қар­са­ңында «Жаңа әлемдегі жаңа Қа­зақ­­стан» атты Назарбаев оқ­у­­ла­рының бірінші халықаралық форумы өтеді. Жиынға саясат­кер­лер, сарапшылар, көптеген шетел са­рап­шылары мен ғалымдары қатыспақ.
• Бүгінде Қазақстан халықаралық қауым­дас­­тықта ұстанымы берік, экономикасы мы­­ғым, демократия тұрғысынан дамыған мем­лекет.
• Қазақстанның өз егемендігін алғалы бе­рі қол жеткізген жетістіктері еліміздің ал­ғашқы Прездиденті Н. Назарбаевтың көш­бас­шылығы мен стратегиялық көреген қа­дам­дарының арқасында жүзеге асты. Бұл қа­зіргі таңда әлемдегі салиқалы зерттеу объек­тісіне айналып отыр.
• Аталмыш форум Тәуелсіз Қазақстанның өз сүрлеуін салудағы Ұлт көшбасшысының рө­лін айқындамақшы.
• Форумға қатысуға 1500-ден астам өті­ніш түсті. Олардың арасында Италия, Ұлы­бри­­­тания, Ресей, Румыния, Сингапур, АҚШ, Франция сияқты 51 елдің ғалым­да­ры да бар.

Бекет ЛҰҚПАНҰЛЫ, биология ғылымының докторы профессор. Моңғолия, Баян-Өлгей аймағы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста