«Байдың баласы емеспін». депутат Мади Ахметов сұхбат берді (ВИДЕО)
Қазақстандық парламентаризм тарихындағы ең жас депутат Мәди Ахмет ресми түрде қызметіне кірісті. Орталық сайлау комиссиясынан депутат куәлігі мен төсбелгісін алған жас депутат Мәжіліс төрінде адал қызмет етуге ант етті.
25 жастағы мандат иесі төменгі палатада қандай мәселелерді көтермек?
Ол Елбасыға ескерткіш орнату керек деп жастар атынан неге сөйледі? Мәди Ахмет байдың баласы ма? Ата-анасы кім? Сынға қалай қарайды? Осы және басқа да сұрақтарға жас депутат «Азат алаң» бағдарламасында жауап бепрді. 
Мәди Ахмет 1995 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мәжіліс депутаты болып сайланбас бұрын волонтерлық жұмыспен айналысты.
Сондай-ақ «Жас Отан» жастар қанатының Алматы қаласы бойынша филиалының төрағасы қызметін атқарған. 
sn.kz