Белгілі мемлекет қайраткері Сарыбай Қалмырзаев өмірден озды

Белгілі мемлекет қайраткері Сарыбай Қалмырзаев өмірден озды

Ұзаққа созылған науқастан кейін 64-ке қараған жасында белгілі мемлекет қайрат­кері Сарыбай Қалмырзаев өмірден озды.


Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев 1949 жылдың 10 маусымында Жамбыл облы­сы­ның Шу ауданында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистика институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын экономика мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1971 жылы бастап, Қазақ КСР Орталық ста­тистика басқармасында аға экономист, бөлім бастығы, басқарма бастығы, бас­қар­ма бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 1987-1997 жылдары – Қазақ КСР Мемлекеттік статистика комитеті төр­аға­сы­ның орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орын­басары, төрағасы. 1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкім­шілігінің басшысы, Жамбыл облы­сының әкімі. 1999-2002 жылдары Пре­зи­дент Әкімшілігінің басшысы, Әкімшілік басшысының орынбасары болған. 2003-2004 және 2008-2011 жылдары ҚР Пре­зидентінің іс басқарушысы болып жұмыс істеген. 2004-2008 жылдары Қазақстан Респуб­ликасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне басшылық жасаған. 2011 жылдың сәуі­рінен ҚР Президенті Іс басқармасы «Мем­лекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК-нің директоры болған. Құрмет, Парасат, Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ор­дендерімен және жеті медальмен ма­ра­патталған.
                                                        ***
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы және Президенттің бұрынғы Іс басқарушысы Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаевтың қайтыс болуына байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан жеделхат жолдады

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста