Берік отбасының діңгегі – дәстүр

Берік отбасының діңгегі – дәстүр

Астанада «Берік отбасы – қоғамның тірегі» атты республикалық конференция өтті. Президент жанындағы әйелдер және отбасы ісі жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова, Парламент депутаттары және іскер, белсенді әйелдер бас қосқан маңызды жиында бірқатар мәселелер ашық айтылды. Мәселен, еліміздің солтүстік өңірлері мен Алматы қаласындағы әрбір үшінші отбасының шаңырағы шайқалады екен. Бұл мәліметтерді келтірген Мәжілістің Мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева аталған жағдай оңтүстік аймақтарда біршама жақсы екенін тілге тиек етті.
Қазіргі жаһандану, қарқынды бәсе­ке­лестік кезеңінде барлық мемлекет де­мо­графия мәселесін күн тәртібіне шы­ға­рып отыр. Ал демографияның қа­лып­ты ырғағын қалыптастыру үшін от­ба­сы құн­дылығына ерекше көңіл бөлінуі шарт. Отбасы құндылығы – кез келген мем­ле­кеттің ұстанып отырған басты сая­саты. Пе­дагогтер де, дін өкілдері де ша­ңы­рақтағы ата-ана, бала үштағанының үй­ле­­сімді да­муы мемлекет іргетасының б­ер­ік бо­луы­на қызмет ететінін айтады. Жо­ғарыда кел­тірілген деректер де­мографияны ұлт­тық саясатының не­гізі деп санайтын Қа­зақстан үшін жағымды мәліметтер емес.
Отбасы бірлігіне экономикалық жағдайдың ықпалы қаншалықты?
Демография мәселесін шешу үшін мем­лекет жыл сайын түрлі бағдарла­ма­лар­дың жүзеге асуына мұрындық бо­лып, көп­теген жобаны қаржылан­ды­ра­ды. Алай­­да қомақты қаржымен халық­тың са­ны көбейіп, отбасы құндылықтары артып отырмағаны белгілі. Мұны эко­но­микалық жа­ғынан қуатты қазіргі еу­ро­палық мем­ле­кеттер мен АҚШ-тың тә­жірибесінен анық аңғаруға болады. Ішкі жалпы өнімнің деңгейі жоғары мем­лекеттерде де отбасы құн­ды­лық­тарының жойылып бара жат­қанынан ха­­бардармыз. Осы ретте мы­на­дай қы­зық дерек келтіре кетсек: еуропалық со­циологтер ұйымы зерттеулер жүргізіп, ерлі-зайыптылардың айырылысуына эко­но­микалық жағдайдың ықпалы бар екенін дә­лелдеді. Отбасы мүшелері керісінше, эко­номикалық жағдай қиын кезде бір-біріне жақындай түседі екен. 2008 жылы кәріқұрлықты құрсауына алған әлемдік дағдарыс Испаниядағы ажырасулардың санын 12 пайызға дейін қысқартқан екен.
Отбасын ойрандайтын факторлар жиілеп келеді
Коммуникация жетіліп, ғылыми-тех­но­логиялық жаңалықтардың көптеп ашы­луы да шаңырақ көтерген жастар­дың жо­лын екіге айыруға ықпал етіп отыр. Мы­салы, әйгілі әлеуметтік желі – «Фэйсбук» АҚШ-тық әрбір бесінші от­ба­сының ажы­ра­суына әкеледі екен. Біз­дің елде кеңінен тараған «Мой мир» әлеуметтік желісінің, ұялы байланыс қыз­меттерінің де отбасы құн­дылығына теріс әсері көп.
Жанар, «Мой мир», «Фэйсбук» әлеуметтік желілерінің қолданушысы:
– Менің басымнан да, құрбыла­рым­ның басынан да түрлі оқиғалар өт­ті. Жалпы, әлеуметтік желілердің түпкі мақ­сатының өзі – әлемнің қай нүк­те­сі­нен болсын дос табу. Ин­тер­неттегі ше­тел­дік, отандық достарым­мен сөйлесіп отыр­ғанда отағасымен ке­ліспей қала­тын тұстарымыз болып тұрады. Қыз­ға­ну, ұрыс-керіс кейде сондай кезде туын­дап кетеді. Бір құр­бым әлеуметтік же­лі үшін сөз бай­ласқан жігітіне тұр­мыс­қа шықпай қал­ды.
Бұл – бір ғана мысал. Мысықтілеулі түр­лі діни ағымдардың жетегінде кеткен қан­ша­ма отбасының шаңырағы орта­сы­на түс­ті. Ұлттық ырым-тыйымдарды Құ­дайға се­рік қосу дейтін әсіредіншіл­дердің де от­ба­сының бірлігіне тигізер зияны бар­шы­лық. Мұндай оқиғаларды көптеп кез­дестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда, ал­дағы уақытта отбасының берекесін алатын фактор жиілей түс­пек.
Осы ретте «Берік отбасы – қоғамның тірегі» атты республикалық конфе­рен­ция­­да сөз алған Іскер әйелдер ассо­циа­ция­сы­ның президенті Раушан Сәр­сем­­бае­ва та­ма­ша ұсыныс айтты. Ол қазақ­стан­дық от­ба­сылардың берекесін арт­ты­ру үшін қа­зақтың отбасылық дәс­түр­ле­рін жаң­ғыр­ту ке­ректігін алға тарт­ты. Бұл ұсыныстың жа­­ны бар. Себебі осы жиында Мәжіліс де­пу­та­ты Динар Нөкетаева келтірген дерек­тер қа­зақтың дәстүрлі отбасы құндылығы сақ­талған жерде ғана отбасы бірлігі артып, де­мо­графиялық өсімнің арта түсетінін дә­лел­деп отыр. Жасыратыны жоқ, оңтүстік өңір­­лерде теріскеймен салыстырғанда қа­за­қылық басым. Сондықтан да шы­ғар, ша­ңырағы шайқалған отбасы­лар­дың са­ны аз, өмірге келген баланың қа­расы көп. Рау­шан Сәрсембаеваның ұсы­нысынан ке­йін еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау ми­нистрі Гүлшара Әб­діхалықова өзі бас­қа­ратын ұлттық комиссия жүргізген зерт­теу­лердің қоры­ты­н­дысына сүйене отырып: «Қа­зақы отбасы құндылығы әлі де болсын сақ­талған, тек оны әрі қарай дамытып, от­басы құндылығын кеңінен насихат­та­уы­мыз керек», – деді.

Бір пікір
Ал ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап, ұрпақ көбейтуінде олардың өз отбасынан алған тәрбиесінің рөлі ерекше деп есептейтін Зейнеп Ахметова апамыз былай дейді:
– Отбасыдағы бала тәрбиесі ту­ралы айтылғанда балабақша бар ғой деп ойлауы мүмкін баз бі­реу­лер. Шынын айту керек, ба­ла­бақ­ша – ата-аналар жұмыс істеу үшін ойластырылған заманның қа­жет­тілігі. Балабақшаның тәр­бие­сі мен ата-әженің тәрбиесін са­лыс­ты­ру­ға келмейді. Өйткені ата мен әже – шежіре, олар ата-бабасынан бе­рі қарайғының барлығын ба­ла­ға үйретеді. Ал балабақшада бірдей та­мақ ішетіні, бір өлеңді жат­тай­тыны, бір бөлмеде бәрі бір уа­қыт­та ұйықтайтыны, яғни жал­пыға бір­дей тәрбие берілетіні айтпаса да тү­сінікті. Бұл жерде бала тұлғалық қа­сиеттен айырылады, же­ке адам ре­тінде қалыптаса ал­май­ды, өзіне ға­на тән болмысы жо­­йылады. Ба­ла­бақшада өскен ба­ла­ның есінде еш­те­ңе қалмайды. Сон­дық­тан ұлттық пер­зентхана, ұлттық ба­лабақша аша­тын кез жетті.

Ұсыныстар
Қазақтың отбасы құндылығын жалпыхалықтық деңгейге көтеру үшін біраз мәселені қолға алу қажет сияқты. Бұл ретте бізде мынадай ұсыныстар бар:
• халықтың санасына, тәрбиесіне ықпалы зор телеарна арқылы отбасы құндылықтарын насихаттайтын бейнероликтер көрсету;
• прайм-тайм уақыттарда қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсететін бағдарламалар ұсыну;
• қай тілде оқытылсын, мектептер мен жоғары оқу орындарында отбасы құндылықтарын дәріптейтін сағаттар ашылуы қажет.

Түйін
60-80 жылдарда Батыс әлеміндегі субмәдениеттің кең қанат жайғаны белгілі. Субмәдениетті насихаттаушы алғашқы толқын бүгінде сарытісті қарияға айналды. Уақыт өткен сайын христиандық, еуропалық мәдениеттен жырақтап кеткен Батыс әлемінде отбасы құндылығы тозудың алдында тұр. Ерлі-зайыптылардың көптеп ажырасуы, демографиялық тоқырау – Батыстың басындағы бүгінгі дерт. Кезінде батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын...» – деген екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста