Билік босқындар мәселесімен әкімдердің айналысуына тыйым салуы керек

Билік босқындар мәселесімен әкімдердің айналысуына тыйым салуы керек

Украинадағы жағдай Қазақстан үшін сабақ қана емес, бірқатар бас аурудың созбалаңын да тудырған тәрізді. Өйткені, бүгінде Украинадағы әскери қақтығыстардан сауғаланып, өзге елге паналай қашқан босқындар мәселесіне келгенде, Қазақстан қоғамының екіге айырылған ғана емес, билігінің де «екі оттың арасында» қалып отырғанын аңғаратындаймыз. Айталық Қазақстан ондай азаматтарды құшақ жая қарсы алса, ресми Киев пен оның артында тұрған АҚШ үшін содырларды қабылдап, Украинаның территориялық тұтастығына қарсы шыққандай боламыз. Олай істемесек, босқынды жаппай қабылдап жатқан Ресейге жақпай қалуымыз кәдік. Қалай болғанда да еліміздің ресми билігі, орталық органдар босқындарды қабылдау, я қабылдамау мәселесіне қатысты өзінің нақты ұстанымын жарияламай отырған сыңай танытады. Есесіне жергілікті жерде әңгіме жетеді. «Алаш айнасы» осы мәселеге де назар аударған болатын.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде «Қазақстанның ресми билігі неге үнсіз? Украинадан келетін босқындарды қабылдаймыз ба, жоқ па?» деген сұрақтардың төңірегінде тартыс көп. Ал ауыз ашпай отырған министрліктерге келсек, олар екі түрлі себеппен қорғанып бағуда. Дегенмен, ең бастысы, ресми биліктің нақты мәлімдемесі болмағаннан шығар, бәлкім, украин босқындарын «өз үйінде» қабылдауға әзір тұрған әсіре белсенділердің қарасы көбейіп барады. Отқа дем үрлеген қайсыбір жергілікті билік өкілдерінің саяси сауатына қатысты шудың бас-аяғында да осы көрініс табады. Халықты сабаға түсірудің орнына жылу жинап, Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына көмек береміз деп жар салғанындарға да қоғамның бір тобы наразы.
Сонымен билік бұғып отырған екі себептің біріне келсек, Украинаның территориялық тұтастығын қолдаймыз деп қайта-қайта айту, Қырымның бөлінуіне қарсылық танытуды білдіреді. Ал сөйте тұра сол жақтан келген босқындарға қамқорлық жасау, Киевтің сепаратистер деп таныған аймақтарына қолдау білдіргеніміз болып шықпай ма? Ендеше мұндайда «үндемеген үйдей бәледен құтылады».
Екінші себеп – Украина босқындарына қатысты нақты ұстанымды жариялауға негіздің жоқтығы. Өйткені, Украинадан Қазақстанға келіп, босқын мәртебесін сұраған әзірше бірде-бір адам жоқ сияқты. Алайда ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы украин жерінен келуге ниет танытып жатқан адамдардың барын жоққа шығармайды. «Әзірше, бізге босқын мәртебесін сұрап, арыз түсірген бірде-бір адам жоқ. Босқын атану үшін алдымен арыз жазу қажет. Содан кейін арнайы комиссия барлық өтініштерді қарайды. Ондай комиссия әрбір облыста бар. Бүгінге дейін осы сипаттағы арыздар түспеді. Алайда Украинадан Қазақстанға келуге тырысып жатқан азаматтар баршылық», – дейді министрліктің көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Еркін Байбатша бұқаралық ақпарат құралдарының берген сұхбатында. Оның айтуынша, «Қазақстанға келуге тырысып жатқандар» қонаққа, яғни осы жақтағы ағайын-туыстарына келгісі келеді, осында айлап жатқысы да келуі ықтимал. «Енді, бірден көшіп келу оңай шаруа емес қой. Олар осы жақтағы тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік мүмкіндіктерді қарап жатқан болар. Әзірше, адамдар тек өз туыстарын көру үшін ғана келіп жүр. Оған қоса, осы мәселеге қатысты Украина мен Қазақстан арасында рәсімделген бір келісім бар. Соған сәйкес, сол елдің азаматтары 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Яғни, қазір сондай (90 күн бойы жүре беретін-ред.) адамдар бар. Олар нақты бір шешімге келмеген шығар. Ең бастысы босқын ретінде өтініш сұрағандар жоқ. Алайда өтініш түссе, барлық арыздар дер кезінде қаралатын болады. Меніңше, оң шешімдер шығарылуы әбден мүмкін», – дейді көші-қон полициясының өкілі.
Демек, түсінгеніміз Украинадан келіп жатқан адамдар Қазақстанда бар. Бірақ олардың нақты қай аймақтардың тұрғыны екені белгісіз. Батыс жақтың украиндары болса, үш ай бойы Қазақстанда тұруға, ағайынын аралап, айлап жатуға да құқылы. Ал Донецк пен Луганск сияқты оңтүстік-шығыс жақтан келгендер босқын мәртебесін сұрауы әбден мүмкін. Ондай азаматтар бар көрінеді. Алайда көші-қон полициясының басшылығы ол туралы мәліметті алға тарта алмады. Заң бойынша босқын мәртебесі үш айдың ішінде беріледі. Алайда қосымша тексеріс керек болса, оны бір жылға дейін созуға болады.
Қош. Сөйтіп, Қазақстанға Украинадан келуі мүмкін, келіп жатқан немесе алдағы уақытта келетін босқындар мәселесі әлі де ашық күйде қалып отыр. Алайда, қоғамды толғандыратыны олардың біздің Қазақстанымыздың ұлттық қауіпсіздігіне қаншалықты сәйкесетіндігінде? Ең ақыры Украинадан боса келгендер Қазақстаннан «өз елімде тепкі көрдім» деп саяси баспана сұрай ма, әлде «соғыстан жан сауғаладым» деп босқын мәртебесін беруді сұрай ма? Ол жағы да екіталай дүние. Дегенмен, саясаткерлердің сөзіне жүгінгенді жөн көрдік.
Дос КӨШІМ, саясаттанушы:
– Қазір Қазақстанда екі тілді орта бар. Олардың көзқарастары, таңдаулары, тіпті оқитын кітабы мен газеті де, көретін телеарналары да екі түрлі. Сондықтан біздің қоғамда кез келген мәселеге екі түрлі көзқарас беріледі. Сол сияқты Украина шиеленісіне байланысты қазақ тілді баспасөз, жалпы қазақ тілді азаматтар украин халқының тұтастығын қолдаса, орыс тілділер – Ресей жағында. Бүгінде Қазақстанда украин босқындары ресми түрде тіркелмесе де, туған-туыстарын паналап жүрген адамдар бар. Үкімет оған ешқандай тоқтау қоя алмайды. Олар қыдырып келе ме, қонаққа келе ме, оны өздері ғана біледі. Шыны керек, қазір ресми билікте Украина мәселесіне қатысты нақты тұғырнама жоқ. Сол себепті төменгі жақтағылар, жергілікті әкімқаралар ойына келгенді істеп жатыр. Әрине, бұған әкімдердің қосылуы үлкен қателік деп айта аламын. Билік басындағылар бұған тыйым салу қажет. Олар (облыстар, аудандар – авт.) бөлек бір мемлекет емес қой босқындарды қабылдайтын. Сондықтан ең болмағанда, соған тыйым салу қажет еді. Негізі, босқындардың ішінде әртүрлі адамдар бар ғой. Бала-шаға мен кемпір-шалдар болса, онда бір жөн. Олардың сол соғысқа ешбір қатысы жоқ. Босқындардың ішінде соғысқа қатысқандар, Ресейді қолдап, Украинаға қарсы белсенді үгіт-насихат жүргізгендер де болуы әбден мүмкін. Біз солардан сақтануымыз қажет. Себебі Қазақстанда да тура сондай жағдайдың болуы ғажап емес. Сондықтан жеке азаматтар ма, үкіметтік емес ұйымдар ма осы мәселені жергілікті жерлерге жеткізіп, түсіндіре білуі тиіс. Басқа жол жоқ. Менің ойымша, Украинаның ресми үкіметі «біздегі халықтың қырылып жатқанына байланысты біздің босқындарымызға көмек беруді сұраймыз» деп бір ауыз айтса, сол уақытта ғана біздің мемлекет белгілі бір шешім шығарады. Украина оны айтқан жоқ. Тағы бір мәселе бар. Ресей орыс тілді азаматтардың құқықтарын қорғаймыз деп ұран тастады. Енді, қазір өздеріне келіп жатқан адамдардың барлығын қабылдап, орналастыра алмай отыр. Демек, оларды бізге қарай жіберулерінде бір ой бар шығар. Өйткені олар келсе тек Ресей арқылы келіп жатыр бізге. Олардың келуі ертең біздің де тыныштығымызды бұзуы әбден мүмкін. Мен өзім жеке азамат ретінде ешкімді кіргізбеуге тырысатын едім. Себебі азаматтық соғыс кезінде бір жаққа көмектесу дегеннің өзі сол жаққа шығудың белгісі болып саналады.
Досым СӘТПАЕВ, саясаттанушы:
– Қазақстанның босқындар құқықтарын қорғау бойынша бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойғанын ұмытпау қажет. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеміз. Онда да тиісті құжаттар бар. Демек, босқын мәртебесін сұрайтын адамдар болса, Қазақстан олардың өтініштерін қарауға міндетті. Кеңес одағы ыдырығаннан бері ондай жағдайлар болды. Ауғанстан және Орталық Азияның басқа да елдерінен келіп, саяси баспана сұрағандар шыққан. Ал Украина мәселесіне келер болсақ, олар қандай босқын аталмақ? Мәселен, Украина азаматтары саяси босқын мәртебесін сұрады дейікші. Ресми билік олардың тарапынан түсетін барлық арыздарды белгілі бір уақыт ішінде қарап шығуы шарт. Сол кезде қалай болса да, сыртқы істер министрлігіне ресми мәлімдеме жасауға тура келеді. Меніңше, ондай жағдайда Қазақстан адам құқықтарын қорғау бойынша рәсімдеген халықаралық құжаттарға сүйену керек. Ол мәлімдеме Киевке немесе Мәскеуге ұнай ма, ұнамай ма, ол жағына бас қатырудың қажеті жоқ. Қазақстан өзін егемен ел ретінде жариялады ма? Болды. Босқындардың құқықтары мен міртебесі туралы халықаралық құжаттарды негізге ала отырып, өз ұстанымын жариялау қажет. Егер Қазақстан саяси ойындарға қатыса берсе, онда бізді халықаралық қауымдастық өзге біреудің жетегінде жүреді деп, дербес ел ретінде қабылдамайды. Меніңше, біз кез келген жерде өзімізді тәуелсіз мемлекет деп жариялап жүрсек, онда сыртқы саясатта да осы ұстанымды көрсете білуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста