Бипатрид дерті: Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ азаматтық алуға бола ма?

Бипатрид дерті: Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ азаматтық алуға бола ма?

«Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді». Екі кемені қайдам, жаһанданудың дәуірінде бір мезетте екі немесе үш елдің азаматтығын алып, бірнеше кеменің «құлағында ойнайтын» ұрпақ дүниеге келді. Олар түрлі саяси шиеленістер бола қалса, Отанынан сырт айналып кете бармай ма? Жалпы, қос азаматтық деген не? Осы қос азаматтықты қай елдер заңдастырған? Қазақстанда екі-үш елдің төлқұжатын төс қалтасына салып алғандар бар ма? Бар болса, олар кімдер? Екі немесе үш елдің төлқұжатына иелік етіп, алшаң басып жүргендерден Отанымызға қандай қатер төнуі мүмкін? Осындай сансыз сұраққа «Алаш айнасы» жауап іздеп көрген еді.

Бипатрид деген немене?
Сіз қос азаматтық дегенді қалай түсінесіз? Ғылыми һәм заңдық тұрғыда бұл мәселе қалай шешімін табады? Халықаралық құқықта бір мезгілде екі немесе бірнеше елдің азаматтығын алғандарды «бипатрид» деп атайды-мыс. Бұл бипатридтің екі түрі бар.
Біріншісі – заңды бипатридтік. Кейбір елдерде қос азаматтық мемлекеттердің заңнамасымен рұқсат етіліп, мемлекетаралық келісімдерге сәйкес заңды деп танылады. Мәселен, Аргентина, Бразилия, Барбадос, Канада, Перу, Колумбия, Ямайка, Уругвай, Мексика, Пәкістан, АҚШ, Германия, Латвия  мемлекеттері қос азаматтықты заңдастырған. Бұл елдің кез-келген азаматтары бір мезетте екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы атануға толық құқылы. Сондай-ақ іргеміздегі Ресейдің өзі өзге елдер тарапынан шектеу қойылмаса, қос азаматтықты беруге қарсылық білдірмейді.
Екіншісі – заңсыз бипатридтік. Жоғарыда аталған мемлекеттерден басқа елдердің бәрі қос азаматтықты қолдамайды. Мысалы, 2004 жылы «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Қазақстан азаматы өзге елдің азаматтығын алған жағдайда автоматты түрде Қазақстанның азаматтығынан айырылатыны жазылған. Бірақ, Заңда осылай көрсетілсе де, елімізде заңсыз бипатридтікке ұмтылу фактілері азайған емес. Тіпті, осыған дейін заңсыз бипатридтікке қол жеткізгендер жайлы ресми орындар нақты деректер жариялаған емес. Осының салдарынан арамызда қазақтың төлқұжатын ұстағанымен, жүрегі басқа Отан үшін соғатын қанша «қосмекендінің» бар екенін білмейміз. Ой кешірерсіз, биология ғылымында «қосмекенділер» терминін құрлық пен суда қатар тіршілік ететін жәндіктерге, яғни бақаларға бағыттала айтатын еді ғой. Қос азаматтықты «қосмекенділерді» теңеу қаншалықты орынды екенін білмейміз. Білетініміз, бақа уылдырығын шалшық суға шашады...
Қазақстандықтар қос азаматтыққа қалай қол жеткізеді?
Бақа уылдырығын шалшық суға шашады. Сол уылдырық жетіліп, «ит-балыққа» айналады. Ит-балық өсе келе су мен құрлықта қатар өмір сүре беретін бақа болады. Мұны неге айтып отырмыз? Қазір Қазақстанның байлары да «бақа-ғұмыр» сүре бастады. Мета.kz сайтының жазуынша, еліміздің манаптары жаппай әйелдері мен келіндерін АҚШ-та босандыруды қолға алған. Сұраныс бар жерде тауар да өтімді. Тіпті, АҚШ-та әйел босандырумен айналысатын арнайы орталықтар жұмыс жасайды екен. Ол орталықтар бір келіншекті босандырудың құнын 20 мың АҚШ долларына бағалайды. Аз ақша емес, әрине, Соның өзінде бұған елімізден күніне 3-4 азамат қызығушылық білдіріп, телефон шалады-мыс. Бұл АҚШ-та медицинаның дамығанының белгісі емес, керісінше біздің қалталылар осындай оңай жол арқылы балалары мен әйелдеріне АҚШ азаматтығын алып жатыр. Өйткені, АҚШ-та туған бала автоматты түрде сол елдің азаматы атанады. Егер де оның ата-анасы өзге елдің азаматы болса, бала 18-ге келген кезде таңдауды өзі жасайды. Мысалы, 2010 жылы тура осы жолмен Қазақстанның 350-ден, 2011 жылы 370-тен астам баласы құрама штаттардың азаматтығына қол жеткізген.  Демек, әр жыл сайын 400-ге жуық сәбиіміз «қосмекендіге» айналып жатыр деген сөз. Шет елде туған бұл балалар елшілік арқылы Қазақстанның да құжатын ала алады. 
Бұл біздегі кәмлеттік жасқа толған азаматтарды былай қойып, бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндердің өзінде қос азаматтық бар екенінің белгісі емес пе?
Қош бол қазақ, сәлем «Хасакэсытань»
«Pew Research Center» зерттеу орталығының 2012 жылғы мәліметтеріне сүйенсек, тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанмен 4 миллион 150 мыңнан астам азамат қоштасып кете барған. Олардың 2 миллион 130 мыңы (51 пайызы) – мұсылман (яғни көбі қазақтар деген сөз), 560 мыңы (14 пайызы) – христиан және бір пайызға жетер-жетпесі (10 мыңға жуығы) – иудейлер екен. Сол зерттеуге сәйкес, қазақстандық мигранттардың 89 пайызы Еуропаға (олар -  3 миллион 710 мың адам), 350 мың адам (сегіз пайыз) Азия-Тынық мұхиты аймағына, 30 мыңы – АҚШ-қа (бір пайыздан кем), 30 мыңы – Таяу Шығыс елдеріне қоныс аударған. Кейбір сарапшылар бұл азаматтардың барлығы дерлік шет ел аспағанын, тек сол елдердің азаматтығын алғандарын алдыға тартады. Нақты дерек болмаған соң, бұл жайды індете зерттеу қиын болып тұр. Десе де, қазақта «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген сөз бар.
Сол «қош болғырлардың» орнын кешегі күнге дейін шеттегі қандастарымыз толтырып келді. Ал, енді... Көш тоқтады. Содан болар, біздің ресми орындар кезінде Қазақстаннан кетіп, қайта көшіп келіп жатқандар жайлы мәліметтерді жиі айтып, «тақиясын аспанға лақтырып» жатыр. Мәселен, олардың дерегіне сүйенсек, осы уақытқа дейін Германияға көшкен 3 мың неміс, елімізге қайтып оралыпты-мыс. Шындығына келсек, Германия – қос азаматтыққа рұқсат беретінін ел. Тек, бұл мемлекеттің «қосмекенділері» басқа елде әскери борышын өтемесе болғаны. Елге оралған немістердің нақ Германия азаматтығынан бас тартқанына кепілдік бере аламыз ба? Қош!
Мамандар сыртқа кеткендердің орнын Қытайдан келген азаматтар (қандастарымыз емес) басып жатқанын айтады. Бейресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде 500 мыңға жуық қытай тұрып жатыр. Оның 5 мыңы азаматтық алып үлгерген. Олар азаматтыққа қазақтың қыздарына үйлену арқылы қол жеткізетін көрінеді (қытайлар ғана емес, түрік, неміс, ағылшын, ауған, пәкістандық, т.б осы жол арқылы Қазақстан азаматы атануда). Бұл орайда некеге тұрудың өзі бизнеске айналып бара жатқанын айта кеткен жөн (шетелдіктер басы бос кез-келген әйелге ақша беріп, ресми некесін қиып, азаматтық алып жатыр).
Қытай елі демографиялық дүмпудің алдын алу һәм ғаламды экономикамен жаулап алу үшін өз азаматтарын әлем елдеріне жіберудің түрлі айла-шарғыларын ойлап табуда. Бұл бағытта түрлі астыртын ұйымдары жұмыс жасайды-мыс. Мәселен, ол ұйымдар шетелдің азаматы атанғысы келетіндерді қаржыландырады екен. Еуропаға көшкендердің қоржынына 8-10 мың доллар, Ресейге қоныс аударғандардың қалтасына 2,5-3 мың доллар қаржы салып береді. Ал, Қазақстанға қатысты нақты дерек жоқ. Олар «Қазақстанда тұрақты мекен-жайға тіркелу үшін 100-200 доллар жеткілікті деп» мысқылдайды екен. Рас, та шығар... Бірақ, Қытай елі қазақ жеріне азаматтарын көшіруді мықтап қолға алғанын «Хасакэсытан хуацяо бао» деген (бұл газет Қазақстандағы қытай диаспорасына арналған) газет шығарып жатқанынан-ақ анық байқауға болады. 
Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ азаматтық алуға бола ма?
Бай-шонжарлар бесіктен белі шықпаған балаларына АҚШ азаматтығын «сыйға» тартып жатыр. Қытай болса, қазақ еліне анталап тұр. Ал, іргеміздегі Ресей ше? «Ауруын жасырған өледі» дейді қазақ. Қазақстанда бипатридтердің көбеюіне Ресей тарапы да «қомақты» үлес қосып жатыр. Ғаламтор беттерін ашсаңыз «Қазақстан азаматы Ресей азаматтығын қалай алады?» деген секілді талқылаулардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ең сорақысы сол, заңдық тұрғыда Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ Ресей азаматтығын алуға болады екен. Оны Ресейдің Қазақстандағы елшілігі жүзеге асырады. Жарнамасына қарасаңыз, жағаңызды ұстайсыз. Онда азаматтықтың құжаттарын Ресейде гөрі, Қазақстанда рәсімдеу жылдам, әрі тиімді екені жазылған. Талаптары да қызық... Егер де Сіздің әкеңіз немесе шешеңіз Ресей азаматы болса, 2002 жылдың 1 шілдесінен кейін Ресейдегі арнаулы немесе ЖОО-да оқысаңыз, кезінде КСРО азаматы болып, қазір ешбір елдің азаматығын алмаған болсаңыз Ресейдің елшілігіне барасыз да, қызыл төлқұжатты жан қалтаңызға басып шығасыз.
Бұл нені білдіреді? Еліміздегі кез-келген адам Ресей мемлекетінің азаматы бола алады деген сөз. Олар Ресей азаматтығын алғаннан кейін көшіп кете ме? Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. А, айтпақшы орыс тілінен сынақ тапсыруға міндеттісіз. Ол сынақтың өзін Қазақстандағы «Знание» қоғамдық қоры өкілдері қабылдайды.

«Алаш айнасының» түйіні
Қос азаматтықты кімдер алады? Әрине, бұл қадамға қазақ елін Отаным деп есептемейтін, оның болашағына күмәнмен қарайтындар барады. Олар «Қазақстан азаматтығы маған осы елде тұру үшiн, басқа елдің азаматтығы қорғаныш үшiн қажет» деген санамен өмір сүруде.  Бипатридтердің дені қазақтан шыққан шенді мен шекпенділер һәм қазақтың тәуелсіздігін мойындамайтын өзге диаспора өкілдері... Егер де Отанымызда әлдебір саяси шиеленіс орын ала қалса, олар бізге ордалы жыландай у-ын төгеді, я болмаса «Гуд бай, Kazakhstan, Зәй жиән, Хасакэсытань, До свидания, Казахстан» деп қол бұлғап кете барады.
Арнайы «Алаш айнасы» үшін

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста