Біздің шырқымызды Азарлар да, жылпылдақ "медузалар" да бұза алмайды!

Біздің шырқымызды Азарлар да, жылпылдақ "медузалар" да бұза алмайды!

Бірнеше күн бұрын «Медуза» деп аталатын сайтта «Өскемен халықтық республикасы. Қазақстанда орыстар «сыпайы адамдарды» күте ме?: Илья Азардың репортажы» атты мақала жарияланып, шу болған. Мақалада Қазақстанның шығысында Украинадағыдай сепаратистік «Өскемен халықтық республикасы» құрылуы мүмкін, ондағы орыс-славян ұйымдары Ресейден көмек күтіп отыр деген болжамды ой айтылған. Мақала авторы Илья Азар мұндай тұжырымды Өскемендегі орыс-славян ұйымдарының басшыларымен болған кездесуден кейін жасағанын айтады. Бірақ, бір-екі күн өтпей-ақ, орыс-славян ұйымдары «Өскемен халықтық республикасынан» бастарын ала қашты. Төменде сол мәлімдемені жариялап отырмыз.
Біздің бірлігімізді ешқандай арандатушылық бұза алмайды!
Кейінгі уақытта ғаламтор кеңістігінде Қазақстан халқына қатысты арандатушылық пиғылдағы материалдардың көрініс табуы қоғамда жағымсыз әсер қалдыруда. Әлемде болып жатқан шиеленісті оқиғаларды: сепаратистердің әрекеттері, тұрғын аумақтардағы әскери қимылдарды алға тарта отырып еліміздің сүттей ұйыған тыныштығын бұзғысы келетін сыртқы күштердің жоқ еместігіне көзіміз жетті.
Шығыс Қазақстанға кейінгі екі-үш айда батыстық БАҚ өкілдерінің ат басын бұруы жиілеп кетті. Олар келгенде де тек жүрмей «облыста өзге ұлттар өкілдеріне қысым көрсетіліп жатыр» деген жалған ақпараттарын тықпыштап, бейбіт жатқан елдің ішіне от тастауға барынша тырысып бағуда. Елді мекендерді аралайды, адамдарды сөзге тартып, қисынсыз сұрақтар қояды, былайша айтқанда, тырнақ астынан кір іздеумен айналысады...
Жақында Өскеменге Илья Азар дейтін тілші келді. Бізбен кездесуге ниет білдірді. Ұсынысын жерге тастамай келістік. Кездестік.
Кездесу барысында ол осындағы орыстардың жағдайы, мемлекеттік тіл туралы сұрады. Біз өз тарапымыздан Қазақстанда тұрып жатқан орыстардың жағдайы, біздің ортақ тарихымыз, мемлекеттік тілдің рөлі, бәріміз бір шаңырақ астында қалай өмір сүріп жатқанымыз жөнінде тәптіштеп тұрып айтып бердік.
Алайда біз «Өскемен халықтық республикасы. Қазақстанда орыстар «сыпайы адамдарды» күте ме?: Илья Азардың репортажы» атты мақаланы оқығанда жағамызды ұстадық. Мақала авторы айтылғандардың бәрін тонын аударып, басқаша жеткізген. Осы орайда журналистің бізді орыс шовинистері етіп көрсетуге тырысқан арсыздығынан бұрын, елімізге, оның ішінде қазақ халқына деген ащы өшпенділігі қатты ашуымызды туғызды. Сонда бізге Қазақстанда берік орнаған татулық пен тыныштықты бүлдіретіндей не көрінді?
Үлкен жауапкершілікпен айтамыз: мақала авторымен жазылғандардың бәрі жалған, ашық арандатушылық! Ойдан шығарылған әңгіме.
Құрметтен жұрдай болған Илья! Қазақстанда жерді, билікті және тілді дұрыс бөлмеген деп бізді сендіруге әрекеттенудің қажеті жоқ. Өйткені біздің елде бәрінің құқығы бірдей. Мемлекетіміздің экономикасы да өсіп-өркендеу үстінде. Біздің елде ешқашан ұлтаралық шиеленістер болған емес. Болмайды да. Себебі оған ешқандай негіз жоқ. Ең бастысы жүзден астам ұлттардың өкілдері ауызбіршілікте, ынтымақта ың-шыңсыз тұрып жатырмыз. Егер қандай да бір мәселе болса ол біздің ішкі шаруамыз, өзіміз шешіп аламыз. Оған араласудың қажеті жоқ.
Мемлекеттік тілді мәжбүрлеп үйретіп жатқан ешкім жоқ, тілді білу әрбір азаматтың еркіне, ар-ұяты мен қадір-қасиетіне байланысты. Ал орыс тіліне келсек, оған ешқандай қысым көрсетілмейді. Өскеменде барлығы 45 мектеп бар болса, соның 19-ы орыстілді білім ошақтары, 8-і мемлекеттік тілде сабақ береді. Қалғандары аралас мектептер. Біз балаларымызды қазақ мектептеріне мәжбүрліктен емес, олардың болашағын ойлағандықтан өз еркімізбен саналы түрде беріп отырмыз.
Сонымен қатар, қалалық мәслихаттағы депуттардың, мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының арасында ұлты орыстар жетерлік. Сондықтан жалған ақпараттарға құрылған бұл мақала Қазақстандағы орыстардың үні емес, тапсырыс бойынша сырттан тықпышталған арандатушылық идеология екенін жақсы түсінеміз және жауапты органдар тарапынан талдануы тиіс деп есептейміз!
Украинадағы жағдай туралы айтар болсақ, әрине біз олардың тағдырына алаңдаушылық білдіреміз. Себебі онда біздің бауырларымыз, достарымыз бен таныстарымыз тұрып жатыр. Сондықтан тыныштықтың сақталуын қалаймыз.
Біз Қазақстандағы орыстар жүзден астам ұлттардың өкілдерін бауырына басып, дос тұтқан қазақ-бауырларды аса құрметтейміз. Тілімізді, дініміз бен ділімізді, салт-дәстүрімізді жоғалтпай сақтауға, кейінгі ұрпаққа жалғастыруға барынша мүмкіндік туғызып отырғандығы үшін шексіз ризамыз. Оның дәлелі ретінде елімізде бірінші болып Өскеменде ашылған Достық үйі мен этноауылды мақтанышпен айтуға болады. Ал бәзбір арам пиғылды күштердің бірлігімізге сызат түсіргісі келген әрекеттері біздерді бір-бірімізге одан сайын жақындастырып, ұйыстыра түседі. Қадап тұрып айтамыз, біздің шырқымызды Азарлар да, жылпылдақ «медузалар» да бұза алмайды!   

 О.Навозов
«Лад» республикалық славян
қозғалысы» ҚБ-нің ШҚФ-ның жетекшісі,
О.Масленников,
«Қазақстанның орыс қауымдастығы»
ШҚФ-ның жетекшісі,
Н.Плахотин,
«Лад» республикалық славян
қозғалысы» ҚБ-нің белсендісі,
«Орыс әлемі» қорының өкілі,
В.Чмутов,
Ермак Тимофеевич атындағы
казак жерлестігінің атаманы 

serke.org

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста