Будапешттің өз Астанасы бар

Будапешттің өз Астанасы бар

Бүгінде Астанада венгрлік кәсіпорын жоқ, өзара тауар алмасу аз. Дегенмен екі муниципалитеттің басшылары Венгрия мен Қазақстанның бизнесмендері үшін «ынтымақтастық есігін ашуға» дайын. Бұл туралы Кеше Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Будапешт мэрі Иштван Тарлош айтты.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Будапешт мэрі өзінің қа­зақстандық әріптесіне қос муниципалитетті астаналар арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын тапсыра отырып, онда ең бірінші кезекте гумантиралық сала – мәдениет, спорт және білім бойынша ын­тымақтастық мүмкіндіктері қаралғандығын атап көрсетті. «Мәдениет пен спорт сала­сындағы байланысымыз ерекше екпін алса дей­мін.  Біздің музыка әлеміне, ансамбль­дер мен ұжымдар арасында тәжірибе ал­масып, бірлесе музыкалық фестивальдер ұйым­дастыруда ынтымақтастық алаңымыз ашық. Жоғары оқу орындары мен универ­ситеттер арасындағы өзара әріптестіктің арта түскені де өте маңызды деп санаймын. Будапешт – жоғары білім ордаларының қа­ласы. Жуырда ғана Ғылым академиямыз ең айтулы беделді университеттермен серік­тестік туралы  келісімін аяқтады. Сіз­дермен де осы білім саласында бірлесе жұ­мыс жасап, қарым-қатынасты одан әрі кеңей­те түссек дейміз», – деді И.Тарлош.
Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов венгрлік әріптесінің бастамасын толық қол­дайтындығын мәлімдеді. «Біз үшін сіздер­мен экономика саласында қоян-қолтық қарым-қатынаста болу өте маңызды. Аста­на мен Будапешт арасындағы сауда айна­лы­мы ауыз толтырып айтарлықтай болмаса да, бұл мәселеде бастапқы кезеңінде тұрмыз.  Менің ойымша, өткен жылы Қазақ­стан, Ресей және Белоруссия арасын­да құрылған Кедендік одақ өзара мүд­демізге мүмкіндік беретін болады. Тұрмыс­тық нарық бұл тек 16 миллион халық қана емес, енді оған Ресей мен Белоруссияның халқы да кіреді», – деді Астана әкімі. «Бәрінен бұрын біздер үшін инновациялық жобалар қызықты. Кезін­де Венгрия өндірісі өзінің сапалы­лы­ғымен ерекшеленгенін білеміз. Будапешт би­з­несмендерінің Астанаға келуін ұйым­дас­тыруда  біз оларды қабылдауға, барлы­ғын көрсетуге, айтуға және бірлесе кәсі­п­орын құруға тырысуға дайынбыз», – деп нақ­тылады сөзін Иманғали Тасмағамбет­ов.
Елорда әкімі венгрлік делегацияға Астана қаласы ономастикалық комиссия­сының елордадағы бір көшені «Будапешт» деп атауға шешім қабылдағанын жеткізді. Кездесу барысында венгр астанасының мэрі «Будапештте де біз Астананың құр­ме­тіне көше немесе алаң атауын береміз», – деп мәлім етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста