Cаяси сахнадағы Сирия

Cаяси сахнадағы Сирия

Былтырғы наурыз айынан бері Сирияны үлкен саясат ойыны сансыратып, Таяу Шығыс теңселіп тұр. Ресей мен Қытай Сирияға қорған болғысы келеді. АҚШ бастаған алпауыттарға қарсы Асад билігі сыртқы агрессия бола қалған жағдайда химиялық қаруды қолданудан тайынбаймыз деп сес көрсетті. Осылай Самарқанды су басып жатқанда, самаурынның шүмегінен су тамшылап, еліміздегі Сирия дипломаттарының демалыс үйі өртенгені туралы ақпарат дүңк ете қалды. Бұл да сыныққа сылтау болып, саясатқа сергек ағайынның назарын Башар Асадтың тізгініндегі елге аударды.

Сириядағы хаос
Тунис, Ливия, Мысырды шарпыған жа­лын Сирия даласына да жетіп, баз бі­реу­лердің көзқарасы бойынша, азаттықты аң­сайтын, енді біреулердің пікірінше, те­геурінді ресейлік ықпалды батыстық қамытқа ауыстырар сәт туды. Енді Башар Асад билігін қолдаушы Ресей һәм Қытай­мен өзге алпауыттар көкпар тартып көр­мек. Осы елдің оппозиционері Мишель Кило бір сұхбатында: «Сирия азат ар­мия­сы» үкімет әскеріне қарсы партизандық ша­буыл бастаса, елде бітпейтін хаос бас­та­луы мүмкін», – деген еді. Сол хаос басталып та кетті. Мұны жоққа шығарғысы келетін Сирия билігі «Дамаскіде тер­ро­рис­термен күрес жүргізіп жатырмыз» дейді. Ал Сирия оппозициясы «Бұл – Ба­шар Асад режиміне қарсы «ақтық шайқас» деп отыр. Тура осы тұста үшінші пікір де бой көрсетіп қалды. Сирияның Ирактағы елшісі болып жүріп, оппозицияға өткен Наваф Фарес BBC-ге сұхбат беріп, «Асад режимі «Әл-Қаи­да­мен» бірігіп, елде түрлі жарылыстар жасап жатыр» дегенді айтты.
Башар неден қателесті?
«Башар Асад террористермен күрес жүргізу арқылы батысқа «жағынамын» деп ойлады. Бұл қадам алауиттердің елден аластатылуымен аяқталуы да бек мүмкін екенін ескермеді» дейді сарапшылар. Осы уақытқа дейін Башар Асадтың Сириядағы барлық діни топтардың бірлігін қалайтын зайырлы саясаткер ретіндегі рөлі де өз дең­гейінде нәтиже бермеді. Сол себепті де Сирияның басына төнген қауіптің арты азаматтық соғысқа айналып кетуі мүмкін екенін көрсетіп отыр. Өйткені 21 миллион халқы бар елдің 74 пайызын шииттер мен сун­ниттер құрайды. Осы екі алып діни топ бар-жоғы 10 пайызды құрайтын алауит­терді (алауиттер шииттердің ішін­дегі шағын тармақ болып саналады) тап­тап кете бермек. Ел президенті Башар Асад та – сол 10 пайызға жуық ат төбеліндей алауит­тер тобының мүшесі. Сирияның қор­ға­ныс министрі, генерал Дауд Радж­ханың қаза болуы Башар Асад билігінің бір омыртқасының үзілгенін аңдатты.
Шетелдік ақпарат құралдарының ха­бар­лауынша, Дамаскідегі жарылысты ра­ди­калды діни топтар жасаған. Кейбір дерек­тер «қайтыс болғандардың ішінде ел президентінің күйеубаласы һәм қорғаныс министрінің орынбасары Асеф Шаукат, ішкі істер министрі Мұхаммад аш-Шаар, вице-президенттің қауіпсіздік жөніндегі кө­мекшісі Хасан Түркмани бар» дейді. Со­ны­мен қатар жанкешті жасаған жа­ры­лыс­тың кесірінен бірнеше жоғары шенді ше­неу­нік пен офицерлер жараланған.
Саяқ қалған Сирия
Ресей батыстың Сирияға санкция са­луына үзілді-кесілді қарсы. Ал батыс та оңай шағылар жаңғақ емес. АҚШ БҰҰ ар­қылы бұл елді сынға алуға құмар. Франция да аса белсенділік танытып, Иранды кінә­лап келді. Францияның көзқарасынша, Иран Сирияға қару жөнелту арқылы ха­лық­аралық ережелерді бұзған. Олардың мә­лі­метінше, Ресей кемесі Түркияға барар жолда Сирияның портына тоқтап, қару-жара­ғын түсіріп кетіпті-міс. Мұның сыр­тын­да Ресей мен Қытай БҰҰ-ның қауіп­сіз­дік кеңесінің резолюциясына бірнеше мәр­те вето қойғаны да бар. Оның үстіне, Иран, Ливан, Ирак та шекараларын ашып, Сирияға салынған санкцияны жеңілдетіп келіп еді. Ал қазір бұл ойынның сипатына кіш­кене өзгеріс кірді. «Сириядан соңғы уақытта Иран теріс айналды. Олар үшін яд­ро­лық бағдарлама қымбат. Батыс назары Сирияда тұрған кезде қимылдап қалу қажет. «Башар Асад қарсыластарына қар­жы құйып отырған елдердің басында Сауд Арабиясы тұр. Оны Түркия қолдайды» дей­ді мамандар.
БҰҰ деректері бойынша, Сирияда 16 мың адам опат болып, 200 мыңнан астам адам босқынға айналған және миллионға жуық сириялық гуманитарлық көмекке мұқ­таждық кебін киіп отыр. Ал 23 шілде күні Еуроодаққа мүше 27 ел 25 шілдеден бастап Сирияға санкция жариялау жөнінде ше­шім шығарды. Еуроодақ осы кезге дейін Си­рияның 52 компаниясы мен 155 аза­ма­тын «қара тізімге» кіргізіп жіберген. БҰҰ мен Араб лигасының Сирия дағдарысы бойынша өкілі Кофи Аннанның Сирия ісіне араласуы белгілі бір дәрежеде ғана елдегі жайдың бетін бері қаратып еді. Сириядағы соңғы оқиғалар енді мемлекеттегі жайды басқару я тыныштандыру мүмкін еместігін аңғартып отыр. 19 шілде күні ел президенті Башар Асад ел астанасы Дамаскіні тас­тап, жеке ұшағымен Жерорта теңізіндегі Лата­кия қаласына қашуға мәжбүр болған.
Мүдделер қақтығысы
Сирияның қазіргі билігінің көз­қа­ра­сын­ша, елдің егемендігіне қатер төнді. Бұл соғыс мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуы мүмкін. Сол себепті де қандай ша­буыл болсын билік қасарысып бақпақ. Әлемнің күткені бұл емес еді. Америка мен бірқатар НАТО елдері Сирия мен Израиль­дің қырғиқабақ болғанын қалайды. Сол себепті де елдегі жайды тыныштандыру деген желеумен НАТО өз әскерін Сирияға кіргізуді көздейді. Сөйтіп, әлем алпауыты Ресей ықпалындағы аймақты өз ырқына көндірмек. Егер Ливандағы секілді Ресей Сирия­дан айырылып қалса, өз ықпалын­дағы өзге елдерге сұқ көз қадалары сөзсіз. Екінші жайт «Мұнан кейінгі Си­рия­ның жайы қандай болмақ?» деген сауалға кеп тіреледі. Билікке сунниттер келсе, сун­нит­тердің елі болып саналатын Ирак, Түр­кия, Сауд Арабиясы Сириямен діни сая­сат­та мүдделес болып шыға келеді. Сирия билігінің басына радикалды исламистер келсе, Израильмен «қасиетті соғыс» бас­та­лып, Таяу Шығыс бүлінеді. Араб елдері ли­гасы Башар Асад өз еркімен тізе бүксе, оның әулетін елден қауіпсіз жолмен алып шығуға қол ұшын созбақ. Бұл туралы Катар­дағы лига елдері сыртқы істер ми­нист­р­лерімен кездесуде ұйым басшысы Нәбил әл-Араби айтты. Ол Сирияның Еркін армиясын ұлттық өтпелі (уақытша) үкі­мет құруға шақырды. Сирия бос­қын­да­ры­на 100 млн АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетілетінін жеткізді.

Сіз не дейсіз?
Ахмет АЛЯЗ, «Қазақстан-ZAMAN» газе­ті­нің директоры:
– Деректерге сүйенсек, бүгінде Си­рияда 18 мың адам опат болыпты. Түр­кия мем­лекетінің шекарасының көп бөлігі Сириямен шектеседі. Бұл жайт Түр­кияны қатты алаңдатады. Қазір Сирияның 40 мың босқыны Түркияға босып келді. Олар­ды мемлекет арнайы лагерьлерде асырап отыр. Бұл көр­сет­кіш ай сайын 10 мың адамға өсу үс­тін­де. Бұл – алаңдатып отырған бірінші мәселе. Екіншіден, Сирия түрік елінің – оңтүстік есігі. Осы есік арқы­лы көр­ші­лес Сауд Арабиясына, Африка елдеріне қарым-қатынас жасаймыз. Сол себепті де Түркияға Сирияның тұрақ­ты­лығы ма­ңызды. Ал әлемдегі алпауыт елдер бұл елді территориялық, эконо­ми­калық бө­л­іске салып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста