Де-юре – қазақ тілі мемлекеттік тіл, де-факто – оның мемлекеттік дәрежеге жете алмауы

Де-юре – қазақ тілі мемлекеттік тіл, де-факто – оның мемлекеттік дәрежеге жете алмауы

Орысша ойлайтын, орыстілді бауырларымыздың ой-пікірін біраздан бері газет бетінде жариялап келеміз. Тіл, ұлт, ұрпақ туралы ойларын білген бізге қызық. Маңызды да. Оларды шалақазақ деп шеттетпей, бауырымызға тартсақ, аралас-құралас болсақ деген ізгі ниеттен туған газеттің арнайы жобасы. «Тек» деп аталатын айдардың мақсаты осы.

Біздің бұл жолғы қонақ – Қанат Тәсібеков. «Ситуативный казахский» атты кітаптың авторы. Қазақшаны 50-ге жеткенде үйреніпті. Соған бола оны кейбіреулер: «Бұған дейін ай қарап жүрдіңіз бе?», – деп сөгеді екен. Ол болса: «Қазақша таза сөйлейтіндерге ешқашан жақпайсың», – дейді.

– Неге бөлініп жүрміз?
– Бөлінген дұрыс емес. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», – дейді. Қазақтың ең басты құндылығы – бірлік.

– Бір кездері сіз де қазақша сөйлей алмайтындардың сапында болдыңыз ғой?
– Иә, ойымды жеткізе алмай әуреге түсетін едім. «Орыстілді қазақ кім?» десе, мені көрсетер еді.

– Бірақ…
– Бірақ, бұлай кете бергенін қаламадым. Қазақ болғаннан кейін, Қазақстанда тұрғаннан кейін және осы елдің азаматы болғаннан кейін қазақша білуге, қазақша сөйлеуге тиіспін деп шештім.

– Қолдаймыз.
– Мұны қазақтардың өзінен бастау керек шығар. Өзге ұлтқа әлдене деуге әзір ерте. Олар өзіңді көзге шұқиды. «Өзіңе қарап ал, алдымен өзің үйреніп ал», – дейді. Алдымен өзің қазақша үйрен, орыстілді бауырыңды қазақша сөйлет. Одан кейін біздің басқа ұлттың өкілдерінен тіл үйренуді талап етуімізге моральдық құқымыз болады.
Орыстілді қазақтарды жеккөрушілік бар ма, қалай өзі? Бірақ, солай екен деп әлгілерді елден қуып жібере алмайсыз ғой? Оларды өзімізге тарту керек. Алдап-сулап болсын… Мейірімділік қажет. Бұл тіл үйреткен кезде маңызды. Төмпештеу жүрмейді. Біреуді зорлап: «Әй, сен тілді білуің керек, қазақ болғаннан кейін қазақша меңгер», – деп үйрете алмайсың.

– Сіздің кітабыңыз не туралы?
– Кітабым орыстілді бауырларға арнап жазылған. Кіріспесінде «Это книга предназначается для русскоязычных казахов» деп ашып жаздым. Бала-шаға емес, ересек қазақтар бар ғой (орыстілді), елуден асқан… Солармен өзімнің тәжірибемді бөліскім келді. Сіздер оларға қол сілтей салғансыздар. Әлдеқашан. Менің мақсатым өзімдей ердің жасына жеткен адамдарды тілге тарту. Орыстілді бауырларға қалай қазақша үйрету керектігін білем.

– Қалай, қайтіп? Қағидасы, құпиясы бар ма?

– Тілді оқымаймын, қажет етпеймін деген адамға оны үйрете алмайсыз. Біліп қойыңыз. Миына қонбайды, санасына сіңбейді.
Бірінші қағида – адамның өз ынтасы, құлшынысы. Бұл орыс болсын, қазақ болсын, бәріне ортақ.
Екінші – мұқтаждық, қажеттілік.
Қажеттілік қандай болады? Мысалға, біздің ересек, ақыл тоқтатқан, 40-50-ден асқан орыстілді қазақтар қай кезде қиналады? Қазаға барғанда, тойға барғанда  не айтарын, қалай айтарын білмей, қара терге түседі. Бірінші кітабым жарыққа шыққанда Керекуден (Павлодар, авт.) хабарласты. «Досымның әкесі қайтыс болып еді. Не айтарымызды білмей, ішке кіре алмай отырмыз. Қысылып тұрмыз, көмектесіп жіберіңізші», – дейді.
Біз, әсте, бүлікшіл емеспіз. Барлығына байыппен баға беретін ұлтпыз. Бірақ, тілге келгенде біреуді шалақазақ, біреуді сатқын, біреуді ұлтсыз деп сөгеміз. Кеудеден итереміз. Бірден дау көтереміз. Орыстілді қазақтарды жеккөрушілік бар ма, қалай өзі? Бірақ, солай екен деп әлгілерді елден қуып жібере алмайсыз ғой? Оларды өзімізге тарту керек. Алдап-сулап болсын… Мейірімділік қажет. Бұл тіл үйреткен кезде маңызды. Төмпештеу жүрмейді. Біреуді зорлап: «Әй, сен тілді білуің керек, қазақ болғаннан кейін қазақша меңгер», – деп үйрете алмайсың. Ештеңе шықпайды. Тілді ақылмен, төзімділікпен, қазақтың болмысына тән дағды-дәстүрмен үйрету қажет. Қазір біреуге айғайлап ақыл айтқан да қауіпті…

– Тіл үйренуге не талпындырды?
– Өмір. Ол өзгеріп келеді. Қазақ көбейіп жатыр.
Студент кезде құрылыс отрядына барамыз. Жетекшіміз Дүйсен деген жігіт мені Иван деп мазақтайтын. Оның «ананы апар, мынаны жеткізіп таста» деген қазақша бұйрықтарын түсінбейтінмін. Соған қарамай, Иван десе қатты намыстанатынмын.
Қазақ бола тұра, мен неге қазақша білмеймін? Әлемде екі немістің французша сөйлегенін көру – нонсенс. Солай ғой? Екі жыл бойына бар ісімді, бизнесімді шегеріп тастап, тіл үйрендім. 50-ге келгенде…

– Ештен кеш жақсы.
– Сіз де солай ойлайсыз, ә. Бір жиында маған «қазақ тілін қалай, қашан үйрендіңіз?» деді.
Ағымнан жарылып, бастан кешкенімнің бәрін айтып бердім. Алайда, залда отырғандар бір ғана нәрсені естіді. Ілгеріде 50-ден асқанда тіл үйрендім деп айттым ғой. «Оған дейін ай қарап жүрдіңіз бе?», – дейді.
Қазақша таза сөйлейтіндерге ешқашан жақпайсың. Бұдан кейін қапаланбай көр. Бұл мысқыл ма, әлде кемсіту ме? Қазақ тілін қай жасыңда үйренсең де кеш емес. Бұдан кейін орыстілді бауырларда белгілі бір комплекстің қалыптасуы заңды.
Де-юре – қазақ тілі мемлекеттік тіл, де-факто – дәл осы дәрежеге жете алмай отыр. Тілдің мәселесін көтеріп жүргендер «қазақ тілін дамыту керек» дейді. Бірақ бұл ұранның әуелгі мағынасының өзі дұрыс емес. Орыс тілін дамытқан кім? Пушкин, Толстой сияқты тұлғалар. Қазақ тілін де тек үлкен ақын-жазушылар, филологтар, академиктер дамыта алады. Ал қарапайым адамдар тілді қалай дамытпақ? Тілді үйрету керек. Білмейтіндерге… Солай ғой? Яғни, үйрету керек деген ұран қисынды.

– Қазақша жазып жүрсіз бе?
– Жазуды жетік меңгердім демеймін. Бірақ қазір өз ойымды әжептәуір еркін жеткізетін мүмкіндігім бар. Сауатты жазуға, қате жібермей жазуға тырысамын.
Қазақ халқы, Қазақ мемлекеті туралы ой-пікірімді қазақша білдіргім келеді. Тіл білуге бір жағынан осы жайт итермеледі. Бұл тараптағы ойыңды өз тіліңде айта алмасаң, сенің пікіріңнің құны көк тиын. Ешкімге керегі жоқ. Елуге дейін менің ішімде көп дүние қайнап жатты. Бірақ, оларды орысша айтып, орысша жеткізіп, абырой таппасымды білдім. Менің кітаптарымның өзі іштегі ой-пікірімнің сыртқа ақтарылған көрінісі.

– «Үйрету мен дамытудың арасында үлкен айырмашылық бар» депсіз.
– Де-юре – қазақ тілі мемлекеттік тіл, де-факто – дәл осы дәрежеге жете алмай отыр. Тілдің мәселесін көтеріп жүргендер «қазақ тілін дамыту керек» дейді. Бірақ бұл ұранның әуелгі мағынасының өзі дұрыс емес. Орыс тілін дамытқан кім? Пушкин, Толстой сияқты тұлғалар. Қазақ тілін де тек үлкен ақын-жазушылар, филологтар, академиктер дамыта алады. Ал қарапайым адамдар тілді қалай дамытпақ? Тілді үйрету керек. Білмейтіндерге… Солай ғой? Яғни, үйрету керек деген ұран қисынды.

– Қазақстан күндердің күні толықтай қазақтілді мемлекетке айналады. Бұған күмән жоқ. Бірақ бұл ортада орыстілділерге орын бола ма, олар өзгере ме?
– Бұған сенбейтін болсам, қазақ тілін үйреніп әуреге түсер ме едім? Қазақ тілі бұрын да болған, қазір де бар, ертең де болады.
Бір орыс журналисі маған: «Вы верите что казахский язык станет на самом деле полноценным государственным языком?», – дейді. Әлгіге: «Сен өзің туралы тым асқақ ойлайтын сияқтысың. Қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тіл болуы немесе болмауы сенің қалауыңа байланысты емес», – дедім. Ілгеріде айттым ғой. Өмір өзгеріп келеді, қазақ көбейіп жатыр.

(Мақала атауы өзгертіліп берілді, түпнұсқадағы тақырыбы - Қанат Тәсiбеков: Менi “Иван” деп мазақтайтын)

Әңгімелескен Думан БЫҚАЙ

www.dalanews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста