Дінбасы дін аман
Өткен аптада бүкіл әлемді дүрліктірген Иран Ислам Республикасының рухани көсемі, аятолла Хаменеидің өлімі туралы ақпарат дақпырт болып шықты.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында елдің рухани жетекшісі Хаменеидің суреті басылған фотосуреттер жарық көруде. Бұл суреттер қазанның 17-сі күні Сенегал Президенті Абдуллай Вадпен болған кездесу кезінде түсірілген. Ал аятолла қайтыс болды деген қысыр әңгіме осы айдың 15-сі күні жарияланған еді. Оппозиция таратқан алып-қашпа әңгіменің таралуына Хаменеидің естен танып, ауруханаға жеткізілуі себеп болған сияқты. Жасы 70-ке жеткен Иран жетекшісінің денсаулығы сыр беріп жүрсе керек. Естеріңізде болса, жергілікті ақпарат құралдары көсемдерін 2007 жылы да «жерлеп» қойған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу