Екі Корея бейбіт келісімге қол жеткізген атақты Панмунджом

Екі Корея бейбіт келісімге қол жеткізген атақты Панмунджом

Әлем таныған Панмунджом – екі Корей елінің 1953 жылы 27 шілде күні бейбіт ке­лі­сімге қол жеткізген жері. Пажу қала­сын­да орналасқан жерді әлемдік дипломатия мамандарының бәрі біледі. Әйгілі қала­шық Сеулден шекараға дейін 40 шақырым жерде тұрса, Пхеньян Панмунджомнан 200 шақырым жерде. Оған жарты сағатта жетіп бардық. Әскери тілмен айтқанда, демилитаризацияланған аймақта орна­ласқан бұл жер біреуге үрей, біреуге үлкен әсер қалдырады. Панмунджомға барар алдында бір күн бұрын қалай киініп бару керектігі туралы Панмунджомнан хабар түсті. Әйел адамдарға ашық-шашық киі­нуге және тәпішке сияқты киім киюге тыйым салынған. Ер адамдарға шорты киюге және тәпішкемен баруға болмайды. Егер бұл талапты орындамасаң кіре алмайсың. Әс­ке­ри тәртіп солай және күнделікті өмірдегі жеңіл ойлаушылық кездеспейді. Ең бас­тысы, шекара қорғап тұрғандардың ойы бөлінбеуі керек. Осындай шекараға тәуекелге бел буып қана баруға болады. Сірә, бұл жерге табаны тиген қазақ баласы кемде-кем шығар.
Панмунджомның шекарасына тақаған­да Имджин өзенін бойлай әскери адамдар мен дзоттар орналасқан. Ол өзен солтүс­тіктен ағып келетіндіктен, оның бойының бәрі қоршалып, адам баласы аттап өте алмайтындай бақыланады. Панмунд­жомқа кірерде төлқұжат тексеріп, әскери адам көлікке бірге отырады. Кіріп-шық­қанша рұқсатсыз суретке түсіру жоқ. Түсі­руге болатын жерде ғана суретке түсіре ала­сыз. Панмунджомның айналасының бәрі әскери техника. Маңайы темір тормен қоршалған, миналанып тасталған, баған­дар мен бетондар орнатылған. Бақылау күшті. Ол жерде тек Оңтүстік Корей әскері ғана емес, Американың әскері де бірге орналасқан. Бәрі ағылшын тілінде сөйле­седі. Панмунджом қалашығына кірген соң арнайы ғимаратқа кіргізіп, онда Панмунд­жомның қалай орналасқандығы туралы түсіндіріледі. Әрі сол жерде келісімге қол қоясың. Егер бір жағдай болса, өз еркім­мен бардым деп жазасың. Әйтпесе бара ал­май­сың. Одан басқа ең бір қызық жағ­дай – екі елдің туы тігілген бағананың биік­тігі. Солтүстіктің туы Панмунджомға тақа­ған­да алыстан көрінді. Оның жерден биік­тігі – 160 метр. Оңтүстіктің туы жерден 100 метр жер­де орнатылған. Солтүстіктің туы­ның биіктігінен және тот басқан темірінен оның социалистік сарқыншақты байқауға бола­ды. Бұл да болса екі елдің екі түрлі даму жолында тұрғанын меңзейді.
Панмунджомда бір қабатты жертөле көк үйлер бар. Олар үшеу. Оларды жаға­лай тағы да бірнеше ғимарат бар. Бірақ үш көк үйдің ортасындағысына барып кіру үл­ке әсер қалдырады. Оған бармас бұрын соның алдында оған қарама-қарсы орна­лас­қан ғимараттың баспалдағында тұрып, солтүстік жақты суретке түсірдік. Солтүс­тік­тің ғимаратының алдында әскерлер ерсілі- қарсылы өтіп, бақылап жүр. Кеңестік киім үлгісіндегі бір сарбаз денесімен біз жаққа бұрылды. Мен суретке түсіре бастап едім, қолындағы дүрбімен мен тұрған жақты сүзіп шықты. Мен суретті түсіріп болған соң дүрбісін түсіріп, беліндегі қаруына қолын апарды. Иә, елу-алпыс метр жерде тұрған солтүстіктің сарбазының қимылы мен ше­ка­раның ар жағындағы тым-тырыс тір­шілік көп жайды аңғартты. Бер жағындағы оң­түстіктің сарбаздары солтүстіктің сар­баз­дарының қимылын біз суретке түсірген са­йын бақылап тұрды. Одан кейін көк үйге кіріп, оның ішінде бір кезде, 1953 жылы 27 шілдеде Корей соғысы аяқталып, бейбіт бі­тім­ге қол қойылған үстелдерді тамашала­дық. Олардың қасында екі солдат тұр. Бірі БҰҰ-ның туы тұрған үстедің жанында тұр. Жұдырығын түйіп, қаққан қазықтай ма­ни­кен секілді тапжылмай, демсіз тұрған сар­баз бір ауыз тіл қатпайды. Көзінде қара кө­зіл­дірік. Байқағаным, Панмунджомның бар­лық әскери сарбазы қара көзілдірік та­ға­ды. Әрі сырттан келген адамдармен сөй­леспейді. Олардың сөйлеспеуі мен көзін жасыруы қызметтік талап болар. Үстелдің қа­сында тұратын сарбаздардың қа­сында су­рет­ке түсіп, әлгі бейбіт келісім жа­салған үс­телдерге қарап, өткен тарихқа ой жүгірт­тік. Соғысты аяқтаған жердің қашан бірігуге қосар үлесі қомақты болар деген көкейде сұрақ бар. Кино мен теледидардан және кітаптан оқыған дүниені көзіңмен көру мүлдем басқа. Сен әлгі көк үйдің ішін ара­лап жүргенде сыртта оқ атылып, соғыс бас­та­лып кетсе онда ол үйден шығып, қа­уіпсіз жерге жасырыну қиындау болады. Көк үйлердің арасы ашық. Бер жағында оң­түс­тіктің сарбаздары, ар жағында сол­түстіктің сарбаздары бір-біріне қарап тұра­ды. Сол­түстіктің сарбаздары көзілдіріксіз жүреді. Көк үйлердің арасынан екі елдің делегация­лары кейде өтіп, келісім жасап жатады. Көбі­не екі Кореяны біріктіру және Корей мәселесі мен соғыста көз жазып қалған от­ба­сыларды табыстыру туралы мәселе­лер­ді Панмунджомдағы осы бір қабатты көк үйдің ішінде талқылайды. Осындай бейбіт бітім жасалынған жерге табаның тигенде, әлемдік бейбітшіліктің қаншалық­ты ма­ңызды екенін жүрегіңмен сезінесің. Қос Кореяның өмірінде маңызды орын ала­тын Панмунджом халықты екіге бөлген атақты отыз сегізінші параллель мен Пан­мунджом қалашығы қос Кореяның өмірін­де ұлы бірігуді қалыптастыра алатын уа­қыт­ты күтіп жатқандай әсер қалдырды. Бейбіт бітім болған жерде бірігу келісіміне қол қойыл­сын деген тілекпен Сеулге қарай бет алдық. Жол-жөнекей екі елдің арасын­да бір кезде болған теміржол мен көпірге бардық. Ол қазір жабулы тұр. Бұрын екі ел­дің арасында жүрген ескі пойыз бұл күнде ту­ристердің қызықтайтын тарихи дүниесі. Әлгі көпір ашы­лып, екі елдің арасында пойыз емес, бере­ке мен бірлік жүрсін деген ой келді.
Дастан АҚАШ, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы Сеул, Оңтүстік Корея елінен

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста