Елбасы манифесі: БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ҮНДЕУ

Елбасы манифесі: БЕЙБІТ ӨМІРГЕ ҮНДЕУ

Өркениетті құтқаруға жасалған қадам


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесі бізге қазіргі кезде қалыптасып отырған ахуалды дәлме-дәл айқын түсіндіріп береді, сондай-ақ, адамзат өр­кениетіне төніп тұрған қауіп туралы айтады. Мемлекет басшысы кез келген соғыс бүкіл тіршілік атаулыны ажал аранына түсіретін заманда өмір сүріп отырған адамзатқа төнген қауіп орайында терең алаңдаушылық білдірді.
Президент ХХІ ғасыр соғыс­сыз өтуі тиістігін атап көрсетіп, ядролық қаруды және жаппай қырып-жою қаруларын жою қажеттігін қадап айтты.
Жоғары мәртебелі бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп, бейбіт адамдарды қырып-жойып жатқан соғыс вирусына қарсы тұру үшін мемлекеттердің не істеуі керектігін ұғынықты және дәл айқындап берді. Бұдан Нұрсұлтан Назарбаевтың бүкіл адамзатқа қатысты өне бойғы қамқоршылығы, ХХІ ғасырда өмір сүріп, жұмыс істеуге тиісті келешек ұрпақтардың тағдыры үшін шынайы алаңдаушылығы сезіледі.
Қазақстан ядролық қаруды шектеуге бағытталған бейбіт бастамаларды қолдайды. Мұнда жанжалдарды келіссөздер жолымен және келісімдерге қол қою арқылы шешуге екпін түсірілген. Өйткені, осы заманғы соғыстарда ешқашан жеңімпаз болмақ емес. Ал ядролық қаруды пайдалану бүкіл адамзатты жоюға алып келеді. Біздің әлем бірегей. Бізде басқа Отан жоқ. Сондықтан, «Соғыссыз ХХІ ғасыр» ауқымды бағдарламасы қажет.
Осы бағдарламаны қабылдау үшін Президент бірнеше қадам жасауды ұсынды. Біріншіден, бұл әлем ядролық қарусыз әлемге айналуы тиіс. Қарудың терроршылар қолына түсуін болдырмас үшін жарақтануға бақылау жасау жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған халықаралық күш-жігерді жұмылдыру қажет. Сон­дай-ақ, БҰҰ аясында Бей­бітшілік, тұрақтылық, сенім және қауіпсіздік жолындағы мемлекеттердің ғаламдық коалициясын құру керек.
Нұрсұлтан Назарбаев ядро­лық қауіпсіздікті қолдайтын, сондай-ақ, басқа мемлекеттер қабылдай алатын тиісті шешімдерді әзірлеуге қабілетті Көшбасшы болып табылады. Ол мемлекеттердің көшбасшылары мен халықтар адамзаттың бо­лашағы үшін жауапты болып табылатынын ерекше атап көрсетті. Сондықтан, шешім қабылдайтын әрбір адам адамзатты соғыс қатерінен құтқаруға ұмтылуы тиіс.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі үлкен қызығушылық тудыруда
Амжад әл-КАДИ, Иордания корольдігі Ақпарат істері жөніндегі агенттігінің
бас директоры

Орнықтылықтың орны қашанда жоғары


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың астанасы – Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі қорытынды саммитке қатысқан кезінде кім-кімге де ой салатын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария етті. Бұл манифест саммитке қатысып отырған барлық әлемдік көшбасшыларға арналғанымен, ядролық қауіп-қатер мен соғыс үрейіне қарай бүкіл әлемдік қоғамдастыққа құлаққағыс еткендей әсер қалдырды.
Аталған бағдарламалық құжаттың ядросы орнықты әлем орнатуды қамтамасыз ету қа­жеттігі болып табылады. Оның үстіне, Қазақстан мемлекетінің басшысы қауіпсіздік саласындағы тұрақсыздықты атап көрсете келіп, әлемнің түрлі бұрыштарында жаңа текетірестер мен әскери қарсы тұрушылықтардың жаңа ошақтары тұрақты түрде пайда болып отырғанына өзінің алаңдаушылығын білдірді.
Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев барша әлем басшыларын қарусыздану мен таратпау ісіне әрі қарай да батыл үлес қосуға шақырады. Аталған салада Қазақстан екі онжылдық бойы үлгі болып келе жатыр. Бұлай деп отырған себебім, әлемде алғаш болып өз аумағындағы ядролық сынақ полигонын жапты.
Бұған қоса, әлеуеті жөнінен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Сөйтіп, әлемдік қоғамдастық алдында жақсы атқа ие болып қана қоймай, бейбітшілік бағытындағы бастамаларын тұрақты жалғастырып келеді. Бұл бастамалар негізінен қарусыздану мен таратпау бағыттарын көздейді. Жалпы алғанда, жарияланған манифест Қазақстанға тек бедел мен сенім қосатын болады.
Дитер БОДЕН,
ГФР-дің ЕҚЫҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкілі, саясаткер


Ғаламшар қолдауын күтеміз


«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – ғаламшардағы барлық адамдардың, келер ұрпақтың тағдыры мен болашағы үшін алаңдаушылық көрінісі
Қазақстан Президенті Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың, өкінішке орай, өз мақсатына сай орындалмай отырғандығына байланысты қаупін негізді білдіреді. Ал халықаралық терроризм қа­тері барған сайын ұлғайып бара жатқанын ескерсек, ядролық қаруды қолдану ықтималдығы да еселеп арта түсуде. Өйткені, ол сұмдық салдарлар жайында ойланбай, шүріппені басып жіберетін ессіз адамдардың қолына түсуі мүмкін ғой.
Нұрсұлтан Назарбаевтың ма­нифесі бұдан 25 жыл бұрын планетада бірінші болып ядролық сынақ полигонын мәңгілікке жапқан Қазақстанның бейбітшіл бастамаларын еске салады. МАГАТЭ жетекшілігімен ел аумағында жақында Төмен байытылған ядролық отын банкі жасалды. Оны бейбіт мақсаттағы ядролық энергетиканы дамытушы барлық мемлекеттер пайдалана алады.
Бүгінгі күн туралы айтқанда өткеннің қасіретті сабақтары жайында да ұмытуға болмайды. Екінші дүниежүзілік соғыс әлемнің барлық мемлекеттері үшін ғаламат тауқыметтер әкелді. Ол сұмдықтар Польшаны айналып өткен жоқ, сөйтіп, осы ғаламат соғыста біздің еліміз де қатты зардап шекті. Мен өскен қалада қазір адамдар экскурсияға келетін «Майданек» концлагері сақталған. Адамзаттың бір кездерде геноцидтің бүкіл сұмдығын қайта бастан кешуіне жол беруге болмайды.
Бұл менің Қазақстанға бірінші келуім. Менің мұнда келіп, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып жатқан бағдарламам «Академиялық ұтқырлық» деп аталады. Иоанн Павел ІІ Люблин католик университеті, яғни менің университетім ШҚМУ-мен студенттер алмасу жөнінде екіжақты келісім жасасқан. Соның арқасында қазір Өскеменде оқып жатырмын.
Қазақстандық ЖОО-лар студент­тері де осы бағдарлама бойынша Люблинде оқу мүмкіндігіне ие. Мысалы, бірінші семестрде біздің университет ШҚМУ-дың 2 студент қызын қабылдады. Айтқандай, оларға Польша да, біздің университет те жағымды әсер қалдырған.
Қазақстан менің өз өмірімде сапарлап барған ең алыс ел екендігін айтқым келеді. Қазақстан бірегей ел екен. Мен мұны мұнда болған алғашқы күндерден-ақ сезіндім. Ал мұндағы этностық, мәдени және діни әралуандық менің жадымда жарқын әсерімен мәңгілік сақталмақ. Шығыста осы өңір аумағында тұратын 100-ден астам этнос­ты біріктірген, Қазақстандағы тұңғыш Достық үйі бой көтерді.
Қазақстан Президентінің елде татулықты, келісім мен бірлікті сақтауға көп көңіл бөлетіні баршаға белгілі. Тек осының арқасында ғана Қазақстан ғаламшардың барлық тұрғындарына үлгі бола алады деп есептеймін.
Юстына ОСУХ,
Иоанн Павел ІІ Люблин католик
университетінің славян филологиясы факультетінің студенті
ӨСКЕМЕН


Үлкен серпін туғызды


Планетамыздың, өркениеті­міздің болашағы бүгінде бүкіл адамзатты толғандырып отыр. Біздің барлық жоспарларымыз, ұмтылыстарымыз ертеңгі күнге бағытталған және де әлемдік қоғамдастықтың әрі қарайғы дәйекті дамуымен тікелей байланысты.
Соңғы жылдар оқиғасы бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіріп тұр, кейбір еларалық жанжалдар әлем­дік соғысқа ұласып кетуі ықтимал.
Әр адам жасына, этностық немесе діни көзқарасына қарамастан, Жер шарының кез келген нүк­тесінде бейбіт және бақытты өмір сүргісі келеді.
Сондықтан, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесіндегі үндеу бүкіл әлемде қызу үнқатысу мен резонанс туғызды.
ХХІ ғасырда әлемге тыныштық керек! Дәл осылай деп әлемде бірде-бір мемлекет басшысының, бірде-бір қоғам және мемлекет қайраткерінің жан дауысы шыға шырылдаған жоқ, жанайқайы да естілмеді.
Жаһан жұртының тыныштығы үшін, келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін тәуелсіз Қазақстан­ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеу тастауын әлемнің барша тұрғыны қолдайды.
Өйткені, ХХІ ғасырда әлем жұртына тұнығы лайланбайтын тыныштық, мамыра-жай бейбіт өмір керек.
Мемлекет басшысы былай дейді: «Әлем бұған дейінгі 100 жылдықта адамдар бейбітшілік үшін қалай күрессе, ХХІ ғасыр­да дәл солай саналы және табан­дылықпен күресуге әбден ла­йық­ты. Біз балаларымыз бен неме­релеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз».
Біздің Президентіміз жаһандық бейбітшілік үшін қозғалыста және адамзат өркениетін сақтау үдерістерінде көшбасшы екенін мақтан тұтамыз.
Біз Президентіміздің үндеуін барлық саясаткерлер, Жер пла­нета­сының барлық тұрғындары еститініне сенеміз және соғыстар адамдар өмірін құртатын нақты ахуал болудан қалады ғой деп үміттенеміз.
Бақтияр МӘКЕН,
Парламент Мәжілісінің
депутаты


Бүкіл адамзаттың мүддесі жолында бірігейік


Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ғаламшарлық ауқымда үлкен серпіліс туғызды
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа бейбітшіл бастамасы бүкіл адамзаттың мүддесін қамтиды. Осынау ма­ңызды құжаттың ақылман әрі көреген саясаткердің бүгінгі және болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнін ойлаған жан дүниесінің толғанысынан туғаны сөзсіз. Ма­нифесте өте дәл атап көрсетіл­ген­дей, мемлекеттер арасындағы барлық дау-дамайлар соғыс арқылы емес, тек келіс­сөздер үс­тел­дерінің басында шешілуі тиіс.
Бүлдіргіш зардабы зор қауіп бүкіл әлемге төніп тұрған кезеңде өзара түсіністік пен ынтымақтастық ерекше маңызды. Орал өңірі мен Орынбор атырабы уақыт сынынан өткен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды көптен бері үзбей жалғастырып келеді. Экономикада, білім беруде, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында өзара тиімді жобалар іске асырылуда. Орал бойынша жүзеге асқан халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық экспедиция халық­тық дипломатияның бірегей үлгісі болып табылады. Оған трансшекаралық өзендер проблемасына назар аударту жөніндегі ортақ ұмтылыспен біріккен Батыс Қазақстан және Орынбор облыстарының командалары қатысуда.
Мен осы экспедицияның тұрақты қатысушысы ретінде Орал-Жайық өзенінің қорғау­шылары тағы бір жауапты миссияны орындап, көршілес аймақтардың достығын нығайтуға септігін тигізіп жүргеніне көзім жетті. Өткен жазда Оралда экспедиция аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ресей халықтары Ассамблеясы кеңесінің төрайымы Светлана Смирнова ниеттестік хаттамасына қол қойып, ол Ынтымақтастық туралы меморандумның негізіне алынды. Биыл экспедицияға 20 жыл толады. Бұл – елеулі мерей­тойлық оқиға және жүргізілген үлкен де қажетті жұмыстың қоры­тындысын шығаратын уақыт.
Біздің өңірлеріміз Еуропа мен Азияның тоқайлас­қан жерінде орналасқан. Сон­­дық­тан, Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идея­сы бұл арада шын мәнісінде халықтық тамырларға бойлаған. 2014 жылы Орынборда экспедиция мүшелерінің 20 жылдыққа ар­налған кездесуі болып өтті. Өмір Қазақстан Президентінің бейбітшілік идеясын өзекті ете түсіп отырған өркениетаралық, конфессияаралық және мәдени ынтымақтастықтың зор келе­ше­гін болжап білгендігін паш етіп отыр.
«Еуразия халықтарының достастығы» және орынборлық Әйелдер кеңесі өткен жылдың соңында халықаралық дөңгелек үстелдің бастамашысы болды. Онда ортақ еуразиялық әлеуметтік-мәдени және рухани кеңістікті сақтаудағы әйелдердің рөлі талқыланды. Отырысқа Ресейдің, Қазақстан мен Қыр­ғызстанның әйелдер қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері қатысып, экономикалық тұрақ­сыз­дық пен халықаралық шие­­леніс жайлаған осынау алмағайып уақытта күш-жігер біріктіруді ұйғарды. Қазақстан делегациясының басшысы, қайық экспедициясының үздіксіз капитаны және сол кездегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко қыркүйек айында Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық форум жайында әңгімелеп берді. Ол форумда әлемнің 80-нен астам елінің әйелдері әлеуметтік қауіпсіздік және гендерлік теңдік проблемаларын талқылады.
Орынборда өткен дөңгелек үстел бейбітшілік, достық пен өзара түсіністік ісін нығайтуға үлес қосудың тағы бір мүм­кіндігіне айналды. Сондай-ақ, «Әйел. Саясат. Қоғам» тақырыбымен Оралда өткен халықаралық конференцияның басты тақырыбы да осы болды. Өйткені, әрбір әйел, ең алдымен, өзінің отбасында және елде тыныштық пен тәртіп болғанын қалайды. Олардың бәрі біріккен кезде шиеленістің ушығуына қар­сы тұруға және бейбітшілікті қорғауға қабілетті толағай күшке айналады.
Ұлы Жеңіс және Ұлы Отан соғы­сының ерлері біздің бәрі­мізге бірдей қастерлі. Өт­кен жылдың қазан айында Орын­­бордың парк-музейінде Панфилов дивизиясына арналып, ол құрылған және қазіргі панфиловшылардың қызметі жалғасып жатқан қалалар бойынша жүріп өткен Зерде вахтасы бастау алды. Салтанатты жиында сонау сұрапыл соғыста жауға төтеп беріп, жеңіп шығуға сан түрлі этностар адамдарының достығы мен топтасқандығы көмектескені қадап айтылды.
Қаһармандар туралы көкі­ректің жадында сақтау – қасиетті борыш. Ал біздің бүгінгі мін­детіміз ардагерлер мен жас­тарды сабақтастырып жатқан көзге көрінбес арқаулардың нығайып, дами түсуіне саяды. Сондықтан, біз жас ұрпаққа «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидаттарын түсіндіруге міндеттіміз. Ізгі ниетті барлық адам: «Адамзатты өлім себетін соғыс қаупінен мәңгілікке құтқару үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Қазір және көзкөрім болашақта бізде бұдан көкейкесті міндет жоқ», деп айтылған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне өз үнін қосады.
Людмила МАРЧЕНКО,
«Еуразия халықтары достастығы» автономды коммерциялық емес ұйымдар төрағасының орынбасары, Орынбор облысы Қоғамдық палатасы әлеуметтік саясат жөніндегі комитетінің төрайымы (Ресей)


Баршадан күш-жігер талап етеді


Қазақстан әлемдік қоғам­дас­тықта ынтымақтастық пен тең құқықты әріптестік жолында өзара құрмет пен жаһандық үнқатысуды нығайтуға негізделген сыртқы сая­си бағыты бар ел ретінде өзінің орнын нық алып отыр.
Біздің еліміздің Көшбас­шысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде ұсынған бастамалары Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылық, болашақ ұрпақ – планетаның жас тұрғындарының ертеңіне деген сенімділігі жолында жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлес қосуға да­йын екендігінің жарқын айғағы болып табылады.
Халықаралық деңгейде, барлық құрлықтарда бүгінгі түрлі қарама-қайшылықтарға талдау жасай және оны негізге ала отырып, елі­міз Президенті нақты, кейін қалдыруға болмайтын бағыттарда, нақты айтқанда, ғарышты, әлемдік мұхитты милитарландыруға болмайтын шараларды ілгерілете ке­ліп, барлық елдердің басшылары қабылдауы тиіс шараларды көлденең тартты.
Ядролық қарусыздану, Әлемдік ареалдар құру, ірі державалардың әскери және экономикалық қарсы тұрушылықтарын болдырмау, халықаралық қарусыздану, әді­летті жаһандық бәсекелестік – бүкіл адамзаттың алдында тұрған басты мәселелер, міне, осылар.
Халықаралық құқық негізінде осы мәселелерді шешу бүкіл үкі­мет­тердің, саясаткерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлері мен миллион­даған адамның күш біріктіруін талап етеді.
Ізгі ниетті адамдар болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі мен игілігі үшін өздерінің айтарлықтай үлес­терін қосулары тиіс.


Қазақстанның Азаматтық альянсы



Парасатқа шақырады


Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі ушыға түсіп отырған халықаралық жағдайлар уақытында бүкіл әлемдік қо­ғам­дастық үшін маңызды стра­тегиялық құжат болып табылады.
Мемлекет басшысы жалпыға ортақ демилитаризация және ХХІ ғасырда қирататын соғыстар мен жанжалдардың алдын алу бойынша бірқатар бастамаларын ілгерілетті.
«ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» жалпыға ортақ бағдарлама қа­былдау туралы ұсынысы өте парасатты және дер кезінде жасалған ұсыныс болып табылады. Әлем соғыс вирусы мен жанжалдарды дереу жою бойынша шешімді және дәйекті іс-қимылдарға мұқтаж.
Біздің Президентіміздің бейбітшілік пен соғыссыз өмір сүрулері тиіс болашақ ұрпақтың тағдыры үшін алаңдайтыны әрқашан айқын сезіледі. Мемлекет басшысы жаһандық стратегия шеңберінде жаңа қару түрлерін жасап шығару үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға ты­йым салу бойынша халықаралық құжаттарды орындау жөнінде міндеттеме қабылдауды ұсынады.
Президент ядролық қаруды пайдалану бойынша барлық мемлекеттерге тыйым салу қажеттігін атап көрсетеді. Жаппай қырып-жоятын қару түрлерін жасау және жетілдіру үшін пайдаланылуы ықтимал ғылыми жаңалықтардың Тіркеу реестрін құру қажеттігін көлденең тартады.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы


Қарама-қайшылықтарға орын жоқ


Біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – планетамыздың барлық адамдарын парасатқа және ізгі ниетке ша­қыру.
Бүгінде ядролық қарулану, бірқатар елдердің саясат пен экономикада жаһандық үстемдікке ұм­тылуы, терроризм мен экстремизм көріністері бүкіл адамзат тағдырын жаман салдарларға алып келуі ықтимал.
Мемлекет басшысы әлемдік қоғамдастықты бейбітшілікті сақтау мен бүкіл Жер планетасы болашақ ұрпақтарының тыныш өмірі жолында өздерінің күш-жігерлерін біріктіруге шақырады.
Бүгінгі жаһандық қа­­рама-
қайшы­лықтардың түпкі­лі­кті себептерін айқындай келіп, Нұрсұлтан Әбішұлы жетекші ел­дер­дің көшбасшыларын жеңетін ешкім болмайтын соғыс қатерінің алдын алу бойынша үйлесімді іс-қи­мылдардың кең ауқымын ұсынды.
Президент өзара құрмет, ізгі көршілестік, ашықтық пен өз­ара тиімді ынтымақтастыққа не­гізделген жаңа әлемдік тәртіп құ­ру­дың бес басты бағытын бөліп көр­­сетті.
Жаңа әлемде ядролық қа­руға, тер­роризмге, саяси және эко­но­микалық қарама-қай­шылықтарға орын болмауы тиіс.
«Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі


Жалпыға ортақ бағдарлама


Біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімен үл­­кен қызығушылықпен танысып шықтық.
Мемлекет басшысы бүкіл адамзаттың өмірі мен қауіпсіздігі үшін, ХХІ ғасырда өмір сүретін болашақ ұрпақ тағдыры үшін алаңдаушылығын білдірді.
Бұл үндеу бүкіләлемдік қо­ғамдастықтың күш-жігерін ха­лықаралық терроризм мен яд­ролық қаруды таратпауға қарсы біріктіруге және адам баласын өлім себетін соғыс қатерінен мәңгіге арылтуға шақыру болып та­былады.
Біз болашақ ұрпақтың бей­біт өмірі үшін бүкіл әлемдік қо­ғам­дастықтың іс-қимылын соғыс ви­русына қарсы үйлестіру қажет екеніне сенімдіміз.
Манифест – әлемдік қоғам­дастықтың барлық мүшесінің, біздің планетамыздың әрбір тұр­ғынының мүддесін қаперге алатын жалпыға ортақ бағдарлама.
«Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігі


Әлемге керегі тек бейбітшілік


ХХІ ғасырда әлемге бейбіт­шілік керек!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің басты тезисі, міне, нақ осы.
Біздің еліміз Президентінің манифесі – жаппай қырып-жоятын қару түрлерінен толықтай азат әлем құру бойынша іс-қимылдың дәйекті бағдарламасы.
Нұрсұлтан Әбішұлының дана саясатының арқасында Қазақстан, атом қаруының әлемдегі төртінші әлеуетінен өз еркімен бас тарта отырып, бүкіл халықаралық қо­­ғамдастыққа мемлекеттің ядрол­ық қаруды қолданбай-ақ өмір сүре алатынын іс жүзінде көрсетіп берді.
Біздің еліміз Жаһандық Стра­тегиялық Бастама-2045 Жос­парын жасау бастамасын ілгерілетті. 2016 жылы Қазақстанның елордасы – Астана қаласында жоғары деңгейде БҰҰ-ның Халықаралық конференциясын өткізуді ұсынды.
Біз Президентіміздің саяси көрегендігінің арқасында ұсы­­нылған барлық бастамалар адамзаттың бейбіт дамуы жолында табысты жүзеге асырылатынына сенімдіміз.
«Қазақстан Жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі


Сын-қатерлермен күресте күш біріктірейік


«Қазэнерджи» мұнай-газ және энергетика ке­шені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің көкейкестілігі мен дер кезінде жарияланғанын атап өтеді.
Әлемде болып жатқан үрейлі оқиғалар балаларымыз бен барша адамзаттың тағдыры туралы үлкен алаңдаушылықпен ойлануға мәжбүрлейді. Әлемнің қазіргі заманғы жаңа қатерлер алдында әлсіз бола түскені айқын көрінеді.
Біз нағыз бітімгершілік қызмет дәл қазір керек екеніне сенімдіміз.
Мемлекет басшысы, өзіне тән даналықпен және көрегендікпен, әлемдік қоғамдастық елдері көшбасшыларын, үкімет жетекшілерін, жетекші саясаткерлерді, ғалымдарды, бизнесмендерді және барша адамзатты жаһандық сын-қатерлермен күресте күш біріктіруге шақырды.
Барлық мемлекеттердің теңдей жауапкершілігі қағидаттары негізінде бейбіт үнқатысулар ұйым­дастыру бойынша нақты және шешімді іс-қимылға көшетін уақыт жетті.
Мемлекет басшысы баршаны бүкіл әлемдегі бейбітшілік жолында саяси ерік-жігер танытуға, нақты шешімдер қабылдауға және осы бағыттағы идеяларды іс жүзіне асыруға кірісуге шақырды.
«Қазэнерджи» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі


Шаралар қабылдаудың оқу құралы


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бүгінде бүкіл планета деңгейінде ұжымдық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіретін әлемдік жанжалдарға жол бермеу бойынша бірінші кезекті шаралар қабылдау үшін уақтылы жетекші құрал.
Өзінің манифесінде Мем­лекет басшысы адамзат өркение­тінің прогресі мен жаңа буын­дағы технологиялардың дамуы әлемнің Төртінші өнер­­­кәсіп революциясының та­бал­дырығында тұрғанын айқын көрсететінін атап өтті.
Бірақ, екінші жағынан, әлемге жеңімпаз болмайтын соғыс вирусы қатер төндіріп отыр. Ядролық державалар жинақтаған жаппай қырып-жоятын қару әлеуеті, халықаралық терроризм мен ірі державалардың бір-біріне қарсы тұруы адамзат өміріне нақты қауіп төндіруде.
Нұрсұлтан Әбішұлы бас­та­машылық танытқан «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпыға ортақ бағдарламасы ядролық қа­ру­сыздану, орнықты бей­бітшілік аймағын құру, әс­кери-блоктық қарама-қарсы тұрушылықты еңсеру, демили­таризация мен әділетті жаһандық бәсекелестікті енгізу ісіне бағыт­талған және дүние­жүзін бүкіл әлемдегі миллиондаған адамның балалары мен немерелерінің болашағы үшін соғыс қатерінен аластау мақсатын көздейді.
Қазақстанның Кинематографистер одағы

Үрейсіз өмір сүріп үйрену керек


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің ма­ңыздылығы мен уақыттылығын атап өткіміз келеді. Мемлекет басшысының жаңа бастамасы әлемдік жұртшылық мүшелері тарапынан қолдау тапты.
Әлем егер терроризмнің алдын алып, адамзатты өлім себетін соғыс қатерінен алас­тат­пайынша қазіргі заманғы өркениеттің жойылып кетуі ықтимал екеніне көздері жетті.
Президент өзінің халық­аралық қоғамдастыққа үндеуінде адамзаттың прогрессивті күштерін бейбіт үнқатысуды, құқықтар мен мүдделерді өзара құрметтеуге, сондай-ақ, әлемнің барлық халықтары үшін тұрақты дамуды қамтамасыз етуге жағдай жасауға шақырды.
Мемлекет басшысы жаппай қырып-жоятын ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да қару түрлерінің қи­ра­ту­шылық ресурстарын пайда­ланбай-ақ жаңа тарихи жағдайларда өмір сүріп үйрену керек екенін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық
стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы


Бейбітсүйгіш саясаттың қисынды жалғасы


Еліміз Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы бейбітсүйгіш саясатының қи­сынды жалғасы болып табылады.
Адамзат ХХІ ғасырда ғылым мен технология дамуында үлкен табыстарға жетті. Және енді бүкіл әлемдік қоғамдастық алдына өзара қарым-қатынаста теріс сценарийлерге жол бермеу бойынша міндет қойылып отыр.
Мемлекет басшысының халық­аралық қатынастардың негіз қалаушы барлық қағидат­тарын қайта қарау бойынша бағдарлама ұсынуы – саяси тұрғыдан кесіп-пішілген және барлық адамзат тағдыры үшін прогрессивті, яғни қалыптасқан әлемдік тәртіпті өзгерту бойынша жетекші құрал.
Нұрсұлтан Әбішұлы әлемдік деңгейдегі дана да көреген сая­саткер ретінде, әлеуеті планета­мыздағы бүкіл тіршілік атаулыға қатер төндіретін жаппай қырып-жоятын қару түрлерін жою бо­йынша стратегиялық маңызды шаралар ұсынды.
Бейбітшілік пен тұрақтылық Қазақстан Президентінің ішкі және сыртқы саяси бағытында басты бағдар болып келді және қала бермек.
«Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымдарының қауымдастығы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста