Елбасы отставкаға кететін күні таңертең не болғанын айтты
Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетер алдында кімге телефон соққанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Назарбаев отставкаға кететінін ешкімге айтпаған. Тек Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалған екен.
"Сол күні таңертең, бәрібір де үлкен көршіміз ғой, мен Путинге телефон соқтым. Ол қатты таңғалды. "Бүгін кешке жариялаймын, сіз менің өз аузымнан естісін деп шештім" дедім. Болды. Қалған мемлекет басшылары білген жоқ. Оның үстіне бұл шешімді мен бұрын, 2015 жылы қабылдаған еді", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінің 5-ші бөлімінде.
Деректі фильм кезінде Назарбаев 2011 жылы наурыз айында болған оқиғаны еске алды. Ол концертте отырған, концерт аяқталған кезде орнынан тұрып, аяғын баса алмай қалған. Күзетшіні шақырып, балдақ сияқты оның қолынан ұстап алып, көптің көзіне көрінбей, ақырындап шығып кеткен. Бұдан соң дәрігерге қаралды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа 2011 жылы омыртқасына ота жасалған. Елбасы отставкаға кету туралы шешім қабылдауға осы ота да әсер еткенін мәлімдеді.
2019 жылы наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.