Еңбек дауларын елемесе болмайды

Еңбек дауларын елемесе болмайды

Мәжілістің кешегі жалпы отырысында депутаттар ал­ты бірдей заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, оларды Сенаттың қарауына қарай шығарып салды. Со­ны­мен қатар кешегі оты­рыста Парламентті құ­рап отырған үш партия­ның өкілдері сауал жол­дауға мүмкіндік алды.
Алдымен сөйлегеннің бірі «ақжолдық» депутат Сағиятулла Сәрсенов болатын. Өзіне берілген бес минут ішінде елдің ең­бек заңнамасындағы шикіліктерді ғана емес, осы саладағы әлемдік тәжірибені де шар­лап шыққан Сағиятулла Өмірзақұлы бі­раз жайтты аңғарта сөйледі. «Еңбек – адам тұтынушылығын кешенді қамтамасыз ететін  қоғам әрекетінің негізгі формасы. Өйт­кені әрбір азамат осы ресурстың не­гі­зінде рухани және материалдық игілікке же­теді. Соңғы кездері еліміздің жер-же­рінде орын алған әлеуметтік еңбек дау­ла­рының салдары қазақстандық қоғамды дүр сілкіндіріп, көпшілікті ойға қалдырды. Бұлай деуімізге еліміздің ірі-ірі өндіріс орын­дарында болған жайсыздықтар дә­лел», – дейді депутат. Оның айтуынша, Жа­ңа­өзен, Қызылорда, Жезқазған өңір­лерінде орын алған әлеуметтік еңбек дау­лары мәселенің мәнісіне тереңірек үңілу қа­жеттігін көрсеткен. Бұған қоса, кейбір кәсіпорындарда әлгіндей жағдаяттар жа­сырын, латентті формаға иеленіп алса ке­рек. «Бұл – бүгінгі күннің ақиқаты. Мұндағы ең негізгі мәселе, елімізде бүгінге дейін әлеу­меттік-еңбек дауларының туындауы жайында бір жүйеге келтірілген зерттеулер жоқ. Осының өзі әлеуметтік даулардың қайда, қалай және қашан туындауы мүмкін екендігі жөнінде нақты мәлімет алуға көп кедергі. Сол себептен ең бірінші кезекте аса жоғары деңгейде еңбек-әлеуметтік қа­тынастар мәселесі бойынша бүкіл­қа­зақ­стандық кешенді зерттеулерді жүргізу за­ман талабы», – дейді Сағиятулла Сәр­сенов.
Бұдан ары депутат елдегі Еңбек кодек­сінде ұжымдық келісімшарт жасау қа­рас­ты­рылғанымен, «бірде-бір жұмыс беруші іс жүзінде қатардағы жұмысшылармен ке­лі­сім­шарттың осы түрін жасамайды. Сон­дықтан  еңбек дауында бүкіл ұжымның мүд­десі жатса да, заң бойынша ол же­келеген адамның мәселесі ретінде ғана қа­растырылады» дегенді алға тартады.
«Ең маңыздысы, елдің еңбек заңнама­сы ре­форманы қажет етеді. Сондай-ақ еңбек дау­лары мен жанжалдарын шешетін тәуел­сіз институт құру  қажет. Расында, бұл  мәсе­леге баса  назар аударатын кез жетті», – дейді Сағиятулла Өмірзақұлы. Сосын Сәр­сенов мырза сөзінің тұздығы ретінде әлем­дік, әсіресе еуропалық, солтүстік­аме­ри­калықтардың тәжірибесіне назар ау­дар­ды. Айтуынша, Еуропа мемлекеттерінің басым көпшілігінде еңбек дауын шешумен ай­налысатын мемлекеттік деңгейде ар­на­йы комиссиялар құрылған. Мәселен, Ұлы­бри­танияда кеңес беру қызметі, Ир­лан­дия­да еңбек қатынастары жөніндегі ко­мис­сия, ал Финляндияда әлемдік дел­далдардың Ұлттық бюросы қызмет етеді. «Мұндайды Қазақстанда да жүзеге асыруға толық негіз бар.  Себебі бүгінгі таңда мем­ле­кетіміз әлеуметтік-экономикалық даму дең­гейі бойынша алдыңғы қатарлы да­мы­ған елдер қатарына енді. Ендеше, еңбек қа­тынастары жөнінде де біз алдыңғы қа­тар­лы елдер дәрежесінде болуымыз қа­жет», – деді ол.
Тіл төңірегіндегі тірліктің көбі шабан...
Тілге қатысты мәселедегі негізгі межені Ел­басы бұған дейін айқындап, 2017 жылы ха­лықтың – 80, 2020 жылы 95 пайызы қа­зақ ті­лін біліп, 10 жылда мектеп түлекте­рі­нің бә­рі осы тілде сөйлейтін болсын деген тап­­сыр­масын берген болатын. Расында, меже ай­қын, ал атқарылар һәм атқарылып жат­қан міндет нешік?  Өйткені депутат Алдан Сма­йыл айтпақшы, мемлекеттік тіл­дің бе­де­лін көтеріп, оны қазіргі заманғы ғы­лыми-тех­никалық өркениет тіліне ай­нал­дыру бар­шамыздың аса маңызды мін­де­тіміз. Ана тіліміз Назарбаев уни­вер­си­теті ар­қы­лы игерілетін жаңа мамандықтар мен бі­лім салаларының, инновациялық-ин­дус­трия­лық бағдарлама арқылы пайда бо­ла­тын тың кәсіптердің, барлық деңгей­дегі элек­тронды ақпарат құралдарының тілі бо­луға тиіс. 
Алайда Алдан Зейноллаұлы бұл мақ­сат­тағы жұмыстардың шабан орындалып отырғанына қынжылыс танытты. Мәселен,  2008 жылы Білім және ғылым министрлігі мен Ақпараттандыру және байланыс агент­тігінде «Мемлекеттік тіл – қазіргі за­манғы ақпараттандыру тілі» атты бағ­дар­лама жасау мәселесі талқыланған. Кейін әлі күнге өзектілігін жоймаған міндеттер де айқындалған екен. Алайда депутат мы­салға келтірген сол міндеттің бірі де жоқ. Өйткені айтылған әңгіме, көтерілген мә­селе сол орында қалып қойған сыңай бар. Сондықтан да депутат Алдан Смайыл қа­зақ­тың тілін ақпарат ғасырының көшінен қал­­дырмау үшін «Мемлекеттік тіл – қазіргі за­­манғы ақпарат тілі» бағдарламасы қа­был­­данып, іске жоспарлы түрде кірісу ке­рек­­тігін айтады. «Мемлекеттік органдардың ин­тернет-ресурстарындағы мемлекеттік тіл­дегі ақпараттары жеткіліксіз. Бұл мә­селені реттеу үшін 2010 жылғы 15 шiлдеде қа­былданған «электрондық үкiметтi» да­мыту мәселелерiн қамтыған заңына мем­ле­кеттiк ақпараттық жүйелердегi қазақ тi­лiндегi ақпараттың көлемi орыс тiлiндегi ақ­параттың көлемiнен кем болмауға тиiс деген норма енгізілді. Дегенмен бұл талап бүгінгі күнге дейін орындалмай отыр», – дейді А.Смайыл. Осыған орай, депутат мем­лекеттік ақпараттық жүйелерде қазақ ті­лінде ақпараттардың орналастырылуы ту­ралы норманың орындалуына мо­ни­то­ринг жүргізу қажет деп санайтынын жет­кіз­ді.
Мектептегі жүйе күйреп барады...
Ал «халықтық коммунистер» фрак­ция­сы атынан сұрау салған депутат Айқын Қо­ңыров: «Еліміздегі бүгінгі мектеп балалар мен олардың ата-аналарына ғана емес, мұ­ғалімдердің өздеріне де тәуекел фак­торы болып отыр» деп төбеден түскендей тө­тенше мәлімдеме жасады. Сосын «мек­теп бюрократиялық қысымға айналып, тек­серістен көз ашпай отырғанын» айтып, әртүрлі инстанциялармен айына үш мәрте, оның ішінде де әдістемелік емес, жазалау мақсатында тексеріліп жатқан мектептерге» араша сұрады. Депутаттың айтуынша, төніп тұратын тексерістердің салдарынан мектеп һәм оның директорлары сапаны қо­йып, рейтинг қуалауға көшкен. Сөйтіп, бі­лім ошағы балаларға бағдарланудан қа­лып, «өз оқушыларына агрессия­шы­лығын» таныта бастағанға ұқсайды. «Жалақының мар­дымсыздығы салдарынан талантты жас­тар, ер-азамат педагогтер мектепке ба­рудан қалды. Сөйтіп, мектеп зейнетке де­йін әупірімдеп өмір сүретін егде әйелдің кей­пін келтіреді көз алдыға», – деп қын­жылады депутат.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста