Ердоған Түркия президентін сайлаудың екінші туры қарсаңында сайлаушыларға үндеу жасады
Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайип Ердоған 28 мамырда өтетін сайлаудың екінші туры қарсаңында сайлаушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ердоған сайлаушыларға: "Өзіңізге бірнеше сұрақ қоюды өтінемін", – деді.
«Сайлау алдында тегін үй беруге уәде беріп, кейін жер сілкінісінен зардап шеккендерді
"Сайлау алдында тегін үймен қамтуға уәде беріп, сонан соң жер сілкінісі құрбандарын үйінен қуып шығуға тырысқандарды құрметтей ме? Шенеунік бола жүріп немесе саяси өмірінде елге жақсылық жасамаған азаматтан бұл ел пайда көре ме? Ал біз 17-25 желтоқсандағы төңкеріс әрекетінде FETÖ (Фетуллахшы террор ұйымы, Анкара оларды 2016 жылы төңкеріс дайындады деп айыптайды) мүшелерімен серіктес болғанын өз сөзімен мойындаған адамға сенім арта аламыз ба?", - деп мәлімдеді Режеп Тайип Ердоған.
Түркия президенті 14 мамырда халық 323 депутаты бар "Халық альянсына" көбірек дауыс беріп, өз еркін білдіргенін айтты.
"Президент сайлауында 27 миллионнан астам азаматымыз бізге сенім білдіріп, 49,5 пайыз дауыс жинады. Біз 28 мамырда сүйікті халқымыздың ерік-жігері мен қолдауымен, рекордтық дауысқа ие болып, сайлауды аяқтаймыз", - деді Режеп Тайип Ердоған.
Бұған дейін Түркия президенттігіне бұрынғы үміткер Синан Оган келесі турда Ердоғанды қолдайтынын айтқан.