Ғаламдық саясаттың көздегені – өлім жазасына тыйым салу

Ғаламдық саясаттың көздегені – өлім жазасына тыйым салу

Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер өлім жазасын қолданудан заң түрінде бас тартып жатыр. Тіптен кейбірі бұндай аса ауыр жаза түрін мүлдем қолданбайтын да болды. Адамзатқа қарсы аса ауыр қылмыс жасап, лаңкестікке барып жатқандар болмаса, қылмыстың неше атасын жасағандар тек өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бұл –уақыттың жаңа талабы.
Кеше Астана қаласында Сырт­қы істер министрлігінде «Орталық Азияда өлім жазасын толық алып тастау: транзиттік өтпелі кезең мәселелері» тақы­рыбында өт­кен аймақтық кон­ференцияда бұл мә­селе тағы бір мәрте қаузалды. Шара Ха­лықара­лық түрме рефор­ма­сының (PRI) ұйытқы болуымен ұйымдастырылыпты. Оған Еуро­па­лық Одақ қаржылай қолдау білдірген. Халықаралық түрме реформасының Орталық Азия­дағы өкілдігінің директоры Сәуле Мектепбаеваның айтуын­ша, бұл жиынның басты мақ­саты – өлім жазасына балама ре­тінде өмір бо­йына бас бос­тан­­дығынан айы­ру жазасы ен­гізілгеннен кейін ай­мақ елде­рінің алдарында туындап отыр­ған қауіп-қатерлерді және өлім жазасын алып тастау үдерісін талқылау болып табы­лады. «Кон­ференция әлемнің 20 елінде жү­зеге асырылып отыр­ған «Орталық Азия­да өлім жа­засын толық алып тастау» жоба­сы­ның аясында өткі­зілу­де. Қыр­ғызстанда қазіргі таң­да өлім жазасы мүлдем алып тас­талған, ал Қазақстан мен Тә­жік­стан­да жаза­ның бұл түріне мо­ра­торий жариялан­ғанымен, заңна­ма­лық негізде ол әлі сақталып отыр», – дейді С.Мек­тепбаева.
Қазақстан іс жүзінде өлім жазасын қолданудан бас тартуды бірте-бірте жүзеге асырып келеді. Бұл мәселе өткен жылы бекітілген ұлттық жоспарда да айтылған болатын. Бұрындары өлім жазасы Қыл­мыс­тық кодекстің 16 құрамы бойынша бел­гіленсе, бұл күнде бұл сан 8-ге төмен­де­ген. Бүгінгі таңда елімізде – 84, Қырғыз­стан­да –242, Тәжікстанда 100-ге жуық адам өмір бойғы жазаға кесілген екен.
Дегенмен бұл өзгерісті қоғам түрліше қабылдағаны белгілі. Бір тобы өлім жазасы алынып тастал­са қылмыстық ахуал біршама на­шарлап кетеді деген пікір ұстан­ғаны белгілі. Алайда мамандар мо­раторий ен­гізілген сегіз жыл­дың ішінде қылмыстық ахуал тұ­рақты бо­лып келгенін айтуда.

Мамандар пікірі:
Мәдина Жарбосынова, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі:
– Қазақстан – осы кездің өзінде-ақ өлім жазасынан бас тартқан мемлекет. Еліміз 2006 жылы халық­ара­лық ынтымақтастық шараларының аясында өлім жазасынан бас тарту туралы Еуропалық Одақтың мәлім­демесіне қосылды. Қазақстан бүгінде өлім жазасынан бас тартуға қатысты халықаралық мін­деттемелердің барлығын орындап отыр.
Тастемір Әбішев, Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы:
– Президент мораторий енгізген 2003 жылдан бері елімізде өлім жазасы қолданылмайды. Бұл жаза алдағы уақытта да болмайды. Заңнамалық актілерде, Қылмыстық кодексте лаңкестік әрекеттерге байланысты және соғыс кезіндегі ауыр қылмысқа барған адамдарға өлім жазасы қолданылуы мүмкін деген нормалар бар. Алайда бұның өзі әрбір азаматтың өмір cүруге құқы бар деген қағида бойынша жүзеге асырылады. ЕҚЫҰ-на мүше 56 елдің тек үшеуінде ғана өлім жазасы бар екен. Ол Белоруссия, Тәжікстан және Қазақстан. Басқа елдер секілді бізге де өлім жазасын мүлдем алып тастау керек. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия Үкімет пен Парламентке өлім жазасын алып тастау туралы азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық фактінің екінші хаттамасын ратификациялау туралы ұсыныс енгізгені белгілі. Қазір бұл мәселе талқылану үстінде. Сондай-ақ еліміз өлім жазасын біржола алып тастаса, «Реппессивті заңнамалы мемлекет» деген айыптан құтылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста