Грузия «Джорджия» болуға ұмтылады, ал Қазақстан «Қазақ Елі» атауын неге ұмыта бастады?

Грузия «Джорджия» болуға ұмтылады, ал Қазақстан «Қазақ Елі» атауын неге ұмыта бастады?

Грузия билігі мемлекет атауын өзгерту туралы бастаманы қайта көтермек ниетте. Ресейлік басылымның жазуынша, мемлекет билігіне келгеніне бір жыл толған Георгий Маргвелашвили таяу күндері Жапонияға сапары барысында Грузияны басқаша атауды сұрап, өтініш жасамақ ниетте көрінеді. Грузин халқы өз мемлекетінің «Джорджия» деп аталғанын қалайды деседі. Керісінше, қазіргі атау оларға ұнай қоймайтын екен. Себебі, «Грузия» сөзі олардың санасында Ресейдің ғасырлық езгісін үнемі еске салып тұрады-мыс.
Бастама Грузияда 2011 жылы көтерілгені есте қалыпты. Сол жылдары ел Парламентінің шетелдегі грузиндермен байланыс жөніндегі комитет төрағасы Нугзар Циклаури «Грузия» деген атау біздің Ресейдің қол астында 200 жыл бойы отар болғанымызды әркез еске түсіреді. Сонымен қатар, бұл атау Шығыс Еуропа елдеріне Ресей арқылы тарады» дегенді алға тартып еді. Осыдан кейін грузиндер мемлекеттің қазіргі атауынан бас тартуына Ресеймен арада болған қатығыс одан сайын өршіте түскенін де болжау қиын емес.
Грузиндердің «Имеди» телекомпаниясының деректерінде Тбилиси Балтық жағалауындағы елдердің билік орындарымен байланысқа шығып, олардан арадағы ресми кездесулерде болсын, былайғы әңгімелерде болсын, бұдан былай орыстардан кірген «Грузия» атауымен атамауды сұрап жатқан көрінеді. Алайда бұл мемлекеттер Ресейді қанша сынап жүргенмен, «Джорджия» атауына үйрене алмай, бұрынғы әдетінен жаңылмайтын сияқты. ТМД елдерімен бірге «Грузия» атауын қолданып жүргендердің қатарына Болгария, Қытай, Словения, Венгрия секілді мемлекеттерді қосуға болады.
Сосын Грузия президентінің Жапонияға сапары барысында «Джорджия» деп атауды сұрауының өзіндік себебі бар. 2010 жылы Жапонияға сапармен барған Грузияның сол кездегі Сырқы істер министрі Григол Вашакдзе осы мәселені көтеріп, өтініш жасады. Бұл бастаманы Оңтүстік Корея қолдағанымен, жапондар үзілді-кесілді бас тартқан.
Елдің қазіргі Сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе «Тбилиси билігі өз дегеніне жетпей қоймайды», - деп санайды. Айта кетерлігі, Грузиядан құтылып, «Джорджия» аталғысы келетін елді Анадолы жұрты «Гүржістан» деп те атайды. Ал грузиндер өз тілінде өздерін «Сакартвело» десе, армяндар «Врастан» деп жүр.
Бастаманы өздері құптаса да, қолдаушы мемлекеттер саны саусақпен санарлық. Көптеген елдер олардың өтініші бойынша атаудан түрлі себеппен бас тартады. Мысалы, Польшаның Грузиядағы елшілігі «Джорджия деп атасақ, АҚШ-тың осы аттас штатымен шатастырамыз» деген сылтауды тілге тиек етеді.
«Қазақ елі» деген атауға көшуіміз керек пе?
«Джорджия» демекші, Кеңес Одағынан таңылған атаудан аластап, мемлекет атауын ауыстыру мәселесі бізде де бір көтеріліп еді-ау! Қайта басылып қалды ма, зиялылар науқаншылдыққа айналдырудан арыға аса алмаған сыңайлы. Ресми билік органдары, соның ішінде білдей бір сыртқы саясаттың басшысы Еуропаның белді арнасына сұхбат беріп, бұны журналистердің шығарып алғаны деп, кейіннен өзі ақталып бақты. Айналып келгенде, біздің сыртқы істердің Джорджияның сыртқы істерінен кемшіл жұмыс істейтіні, ақсайтын жері де осы.
Қазақ Елі атауына болашақта көшу туралы бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев жыл басында Атырауға сапары кезінде айтып еді. Жұрт жұмыла дем бердік. Алайда, бастама көп ұзамай қайта басылды. Шындығында, Қазақ Елі деген атауға көшіп, «стан» жалғауынан құтылуға асығуымыздың еш бұрыстығы жоқ. Ең бастысы Елбасының бұл көрегенділігін қарапайым халық, ұлт зиялылары қолдап еді, ресми билік қолдамақ түгілі қолын артына қайырып, маңғазданып жүріп алды. Ресми мәлімдеме жасамақ түгілі, ләм-мим деген де жоқ. Джорджияның сыртқы істерінен үлгі аларлықтай қадамның түрі анандай болды. Сөйтіп, ұлт зиялылары, қарапайым халық пен Үкімет арасы мұнда да екіге айырылды. Қоғам қайраткері Амангелді Айталы кеңестік дәуірдің өзінде «Қазақ КСР деп аталғанда оған ешкім наразы болмап еді. Ендігі жерде Қазақ елі деген атауға ауысудан шошудың қажеті жоқ» дегенді айтады. «1991 жылы тәуелсіздік алғанда Жоғарғы Кеңестің депутаттары: «Біз көп ұлтты мемлекетпіз, сондықтан Қазақстан деп аталуымыз керек», - деп тұрып алды. Кеңес Одағы тарамай тұрғанда Қазақ КСР деген сөзге ешкім үндемейтін. КСРО тарағанша "ренжімегендер" тәуелсіздік алғаннан кейін өзгеріп шыға келгені қызық», - дейді қайраткер.
Амангелді Айталы мырза КСРО тараған соң өздерін жұртта қалғандай сезінген басқа ұлттарға «Қазақстан Республикасы» деген атау ұнағанын мысалға алады. Біздің еліміздің атауын өзгерту туралы мәселеде «стан» сөзінің орнына «Елі» деген сөз жарасады. «Қазір елдегі қазақтардың саны 66 пайызға жетіп отыр. БҰҰ шешімі бойынша, біздің Қазақ елі я Қазақ Республикасы деуімізге толық негіз бар. Көне әдебиеттерде «қазақия» деген сөз бар. Бірақ біз сонау замандарда бабаларымыз «елім-айлап» жыр айтты, ел қорғады. «Менің Елім» дейтін содан ұғым қалыптасты. Содан кейінгі ұрпақ сондай идеяны сіңірді. Сондықтан Қазақ Елі деген бастаманы құптаймын. Егер оған еліміздің ішкі идеологиялық жағы, талабы, саясаты сәйкес келсе...», - дейді ол.
Тәуелсіздік алған жылдары мемлекет атауынан кеңестік кезеңде таңылған жалғауды жұлып, ұлт атауын жаңғыртқан жұрттың бірі - көршілес қырғыз ағайындар. Олардың мемлекетінің ресми атауы Қырғыз Республикасы деп аталады. Осы орайда біздің қырғыздан да, джорджиялықтардан да үйренетін жөніміз бар-ау.
Айтпақшы, Қазақ Елі деген атаумен қатар, «Қазақия» дегенді құп көретін қауым бар. Қалай болғанда да мемлекетті құрайтын ұлттың атымен республиканың аталуы қай жағынан болмасын жарысымын табатыны сөзсіз еді. Сөйтіп, Грузия алдағы уақытта әлем елдері алдында «Джорджия» атану үшін барын салып, бұған бұқарасынан бастап билігі де іске кірісіп отыр. Ал Қазақстан үшін «Қазақ Елі» деген атауға көшуге неге ұзақ ойландық? Ең ақыры неге осы біздің билік Елбасының ұлттық мәселелер туралы айтқан ойын ақсатып, бастамаларын бастан-аяқ орындауға құлықсыз. Есесіне орыс тіліне қатысты Президент бір ауыз сөз арнаса оны асыра сілтейміз. Сенбесеңіз сол жағалауға барыңыз: Елбасы қазақ тілін білмейтін қарт кісілерге кедергі болмасын аялдаманы екі тілде жазыңдар деп еді, асыра сілтейтін министрлер тіпті маңдайшадағы бұрыннан қазақша тұрған атаудың бәрін сыпырып, оларды қайта екі тілде жаза бастады. Бұл қалай?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста