Ясауиді зерттеуші АҚШ ғалымы Алматыға келді

Ясауиді зерттеуші АҚШ ғалымы Алматыға келді

Алматы қаласына бірнеше күнге аялдаған Орталық Азия тарихын, оның ішінде суфизмді зерттеумен айналысатын АҚШ ғалымы Девин Дэвис Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының мамандарымен кездескен болатын. Сол сәтті пайдаланып, Отанымызды зерттеуші мейманның пікірлерін тыңдауға мүмкіндік туған еді. Назарларыңызға сол сұхбаттан үзінді ұсынып отырмыз.

– Орталық Азиядағы суфизмды зерттеп жүргеніңізді білеміз, бірақ сіз бұл тақырыпты діни тұрғыдан қарастырасыз ба, әлде тарихи негізде ме? Және бұл тақырыпқа қалай келдіңіз?
– Менің зерттеулерім тарихи аспектіде. Ал бұл тақырыпқа келуім жеке қызығушылығымнан десем де болады. Мені Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы осыдан жиырма жыл бұрын да қызықтырған. Мен сол кезде-ақ бейімделе бастадым, кейіннен негізгі ғылыми бағытым ретінде ойысып кеттім. Оның үстіне, бұл тың жатқан тақырып қой. Ясауия тарихатын ғылыми тұрғыдан зерттеу осыдан жүз жыл бұрын басталса да, тарихи, мағыналық ақиқаты толық ашылмаған. Менің бастапқы мақсатым – осы Орталық Азия аймағындағы Қожа Ахмет Ясауи жөніндегі барлық ғылыми зерттеулерді және қолжазбаларды жинақтап, оларды салыстыру.
– Зерттеулеріңіз тарихи тұрғыдан болғандықтан, сіз үшін алдымен оның қай жылдары, қандай саяси кезеңде өмір сүргенін анықтау маңызды шығар?
– Әрине. Әсіресе оның өмір сүрген жылдары жөнінде дау көп. Сондай-ақ мені оның ұстаздарының қатарында кімдер болғаны да қызықтырады. Мысалы, кейбір деректерде Ясауидің Жүсіп Хамаданидің шәкірті болғаны айтылады. Бірақ ғылыми тұрғыдан қарағанда, бұлай пайымдауға негіз жоқ. Сондай-ақ аңыздарда айтылатын Арыстан баптың шынайы бейнесін ашу мүмкін еместей. Ол кісі, шынымен де, муаммар (көп жыл өмір сүретін адам) болған ба? Қожа Ахмет Ясауи ел арасындағы әулие ретінде мойындалып, өте үлкен беделге ие болған. Меніңше, Ясауидің жеке өзін зерттегеннен гөрі ясауия тарихатын зерттеу оңайға түседі. Себебі – оның шәкірттерінің таным түсінігі мен Ясауидің өзінің философиясында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
– Ел арасында Қожа Ахмет Ясауи жайлы аңыз-әңгімелер өте көп. Тарих ғылымы осы аңыздарды қалай пайдаланады?
– Иә, бұл біз үшін өте ауыр. Мысалы, кубария тарихатын қарастыратын болсақ, оларда қалай басталып, қалай аяқталғанына дейін барлығы жазып қалдырылған. Дерек өте көп. Ал ясауия – кереметтердің тарихаты. Аңыз әңгімелердің барлығы (кейбіреуі емес, барлығы дерлік) Ясауидің және оның шәкірттерінің кереметтері мен әулиеліктерін жеткізеді. Мұны ғылыммен астастыру біз үшін, әрине, қиын тиеді. Бірақ біз оларды айналып өте алмаймыз.
– Ясауия тарихатының территориясын айтып бере аласыз ба?
— Ясауия тарихаты өзге көптеген ордендер секілді, белгілі бір діни топтардың идеологиясы болған жоқ. Ол сол кезеңде қоғам болып, мемлекет болып мойындалды. Ясауидің шейх, ұстаз ретінде мойындап, одан сабақ алған дін ғұламалары әлемнің кез келген тұсынан табылады. Дегенмен ХV-XVIII ғасырлар аралығында бұл орденнің территориясы тек Мәуренахр болды. Ол кездері Орталық Азияның өзге аймақтарында, тіпті мына тұрған Ферғана жазирасы мен Хорезмде немесе Шығыс Түркістанда да бұл тарихаттың ұстанушылары қалмады. Яғни бұл тарихаттың мұрагерлері қазіргі Қазақстан территориясының адамдары. Дегенмен, менің ойымша, Ясауиге шәкірт болған жатжерлік дін адамдары тарихатының кейбір элементтерін жергілікті мәдениеттеріне сіңіруге себепкер болды. Бұл әсіресе нақшбандия тарихатына қатысты. Бірақ оны Ясауия тарихаты толық зерттеліп болған соң ғана анықтауға болады.
– Қазір Қазақстанда зікір практикасы шаманизмнен қалған элемент ретінде қабылданады. Ал, шындығында, қалай?
– Жоқ, жария зікірдің шаманизм мен тәңіршілдікпен еш қатысы жоқ. Бұл құлшылық шариғат аясында істеледі. Суфизм ықпалының бір дәлелі шығар, ол кездері зікір құлшылығын тек дін адамдары ғана емес, қоғамның барлық мүшелері орындаған. Бұл – анық нәрсе.
– Жаңа өзіңіз айтып кеткен нақшбандия тарихатының ясауия орденіне бәсеке болғаны белгілі. Орталық Азия аймағында қайсысының доминанттылығы жоғары болды?
– Бұл көп зерттеуді талап етеді. Бірақ бір нәрсе анық – XVIII ғасырдан кейін нақшбандия тарихаты жаппай ясауия орденінің құлшылық және таным элементтерін сіңіре бастады. Мысалы, кейбір нақшбандия шейхтерінің зікір құлшылығын орындағаны және оны өз шәкірттеріне міндеттегені белгілі. Бұл осы кезеңде нақшбандияның барынша әлсірегенін көрсетеді.
– Енді осы заманға келсек, қазір Қазақстанда ислам ішіндегі түрлі ағымдардың өкілдері жүр. Қоғамдық пікір сан-саққа бөлініп, қазығымызды табу оңайға соқпай жатыр. Қысқасы, ақпараттық бәсеке өте қарқынды. Осындай сәтте төл филососфиямызды қалай сақтап қалудың жолдарын ұсына алмайсыз ба?
– Иә, бұл жөнінде хабардармын. Орталық Азиядағы түрлі исламдық ағымдардың арасында саяси топтар да, сонымен қатар өзге аймақтардың филососфиясын ұстанатын ағымдар да өте көп екен. Не айтуға болады? Мемлекет сіздердікі, сақтап қалғыларың келсе, тарихи мұраларға жан-жақты зерттеулер жүргізу керек. Тарихи, филососфиялық, әдеби тұрғыдағы зерттеулерді күшейту керек. Оны халыққа көрсету керек. Бұдан басқа амал көріп тұрған жоқпын. Мемлекет, шынымен, солай болуын қаласа, БАҚ та, ғылым-білім саласы да, бұрынғы КСРО заманындағыдай емес, өз қолында тұр. Ал ол үшін өткенге құрмет болу керек.

Өмірдерек
Профессор Девиз – көп жылдар бойы Орталық Азия тарихын зерттеумен айналысқан ғалым. Негізінен, Орталық Азиядағы суфизмді, оның ішінде «кубария» мен «ясауия» тарихаттары бойынша көптеген еңбектер жазған. «Баба түкті шашты әзіз», «Алтын Орданың исламға бет бұруы» сынды бірақатар монографиялардың авторы. Суфизмді зерттеу барысында ислам әлемінің әйгілі кітапханаларының барлығын, оның ішінде Үндістан, Пәкістан, Иран және батыс елдерінің кітап қорларын қарастырған. Өмірлік ұстанымы – тарихи шындықтарды айқындау.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста