Имамдарға жаназа шығартуды шектеу керек

Имамдарға жаназа шығартуды шектеу керек

Мешітті шынайы құлшылық орнына айналдыру үшін имамдарға жаназа шығартуды шектеу керек Бұл ойдың туындауына себеп болған Әуезов Әбілда Ерғалиұлының «Жаратушының сөзі бүкіл адамзатқа» атты кітабы. Бұл кітаптың әрбір тақырыбы қазіргі қоғамымыздың өркениетті рухани дамуына және уақыт талабына сай негізделе отырып жазылғандығын байқадық. Осы кітаптың «Мешіт құлшылық орны» тақырыбын оқи отырып, осы ой туындады. Өйткені мешіт – жаназа, ас-құдайы, қазаның жұмыстарымен айналысатын орын емес.

«Мешіт пен жерлеу рәсімдерінің айырмашылығы қандай болуы қажет?»
Мұхаммед пайғамбарымыз(с.а.с) Меккеден Мәдинаға қоныс аударғаннан кейін Мәдинадағы жергілікті халық-аңсарлар қуана қарсы алып, құдайға құлшылық ететін орын - мешіт салды.
Құдайға құлшылық ету дегеніміз тек ораза тұтып, намазға жығылу емес. Бізде осындай үстірт түсінік бар.
Мешіт құдайға құлшылық ету орны дегенде халық – құдайдың бір аты екенін де естен шығармауымыз керек. Ендеше, зиялы қауымның бүкіл халыққа қызмет жасап, оларды игілікке бастап басқарып отыратын орны кеңсе үйлері, елбасы сарайы – ол мешіт, яғни «мейірімді де рахымды бір Алланың атымен» халықты татулыққа, адамгершілікке, әділдікке, бір сенімге бастайтын қасиетті орын.
Сондықтан халқымыз осыны жақсы түсініп, мемлекет пен діннің арасына сына қағушы, оны бір-біріне қарсы қойғысы келетін саяси әзәзілдердің астам пиғылдарынан сақ болулары, біз айтып отырған Ислам ұлағаттарына берік болулары керек.
Ислам тарихына көз жүгіртсек. Адамзаттың ең соңғы елшісі Мұхаммед пайғамбар қасиетті мешітте Құран аяттарын басшылыққа ала отырып, бойындағы асыл қасиеттерін үмметіне үлгі-өнеге қылып, қоғам құрылымының негізін қалап, күнделікті тіршілігіміздегі өмір сүру ереже заңдылықтарын және сол қоғамның даму жағдайын бір Алланың атымен насихаттап, басшылыққа алып, басқарып отырған.
Ал, қазіргі уақытта елімізде халыққа қызмет жасап жатқан мешіттеріміздің атқарып жатқан жұмысы мен мақсаты қандай? Жалпы халықтың көпшілігі мешіт, имам, молдаларды қазалы жағдайларда және ас-құдайыларда ғана қажет ететіндігін жасыра алмаймыз.
Негізінде, мешіт – жаназа, ас-құдайы, қазаның жұмыстарымен айналысатын орын емес. Халықты Алланың ақиқат жолына имандылыққа шақырып, қоғамымыздағы адам игілігі үшін атқарылып жатқан барлық жұмыстарға және күнделікті тіршілік өмір сүру әрекеттеріне таза бағыт-бағдар беріп, адасып-қиналғандардың жүрегіне рухани жол тауып көмектесіп, халықты әділдікке, бірлікке шақырып отыратын қасиетті орын. Алла тағаланың жер беті халқының өркендеп, жақсы жағдайда өмір сүру ережелерін және ізгілік сәлемін жеткізіп, басқарып отыратын орын.
Сондықтан бұқара халықтың санасын Ислам діні, мешіт, имам, молдаларға қатысты бұрынғы сыңаржақ теріс түсініктен арылту үшін қазаның жұмыстарын мешіттен мүлдем бөліп алуымыз қажет. Неге?
Біріншіден, бүгінгідей молдалыққа талас, мешіт айналасындағы дүниелік істерге қатысты дау-дамай, арыз-шағымдар, талас-тартыстар рухани орын – мешітте орын алмас еді.
Екіншіден, мемлекетіміздің тұтастығына, халқымыздың ауызбіршілігіне, жастарымыздың өз ұлттық дәстүрінен алшақтап жатқанына әсер беріп жатқан негізсіз діни ағым-топтармен жұмыс жасау рухани орын – мешітте жүйелі түрде жүргізілер еді.
Үшіншіден, қаза мен мешіт жұмыстары бөлек атқарылған жағдайда мешітке деген халықтың көзқарасы өзгеріп, мешіт – рухани, имандылық орны екенін одан сайын күштірек сезінер еді.
Жоғарыда айтып өткендей, мешіт пен жерлеу рәсімдерінің арасын ажыратып, тиісті мамандарды өз орындарына қойған жағдайда қоғамымыздың рухани өркендеу жолы да баянды болмақ.
Ал, жерлеу рәсімдерін атқаратын орынның мешіттен мүлдем бөлек жерде орналасуына келер болсақ, діни тұрғыда «парыз кифая» деп аталатын ұғымдар бар. Мысалы, көпшілікке сәлем берілгенде, ішінен біреуі сәлемге жауап берсе, барлығы амандасқан болып саналады. Жаназа рәсімдері де осындай бірқатар адамдардың атқаруымен және дәстүрлерімізбен сабақтасып атқарылатын дәстүрлі рәсім болып саналады. Бұл жұмыстарды атқаратын мамандардың білімі мен мінез-құлқы, әдебі ескеріліп жерлеу рәсімінің тәртіптеріне енгізіледі.

Жерлеу рәсімдеу бөлімінің атқаратын қызметі:
1. Әл үстінде жатқан адамға жеңілдік иман айту.
2. Мәйітті іш дәрет алдырып, оң жаққа қою.
3. Ақтық киім дайындау.
4. Ғұсыл алдыруға тәрбие беру.
5. Жаназа шығару.
6. Қабір басына апарып, жер қойнауына тапсыру.
7. Қатым сағыр, қатым оқу.
8. Қазақы ұлттық дәстүр: жетісі, қырқы, асын өткізу.
9. Ас құдайы, қазаға байланысты шыны киім, азық-түлік, қазан-ошақ т.б. қажетті заттарды осы орыннан алуға болатындай жағдай жасау.
Мұны атқаратын адамдардың қызметтері біркелкі және жаңару мен өзгерістерді қажет етпейтіндіктен күнделікті бір сарынмен жүргізіледі.
Ал, мешіттегі «парыз айн» болған қызметтер дін қызметкерінен жаңару мен дамуды талап етеді.
Сондықтан қоғамның дамуымен, адам мен заманның тұрмыс-тіршілігімен сабақтастырып, бұқара халықты бірлік пен ынтымаққа, рухани тазалықа бағыттау үшін өз деңгейінде қабілеті бар, елім дейтін азаматтар халыққа қызмет көрсетсе, өз шешімін таппай жүрген көп жағдайлар өз арнасына түсер еді.

Талап Таңатұлы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста