Исламға қандай модернизация керек?

Исламға қандай модернизация керек?

Астанада өткен VII Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумы барысындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ислам әлемін модернизациялау қажеттігі жөніндегі пікірлері әлемдік баспасөздерде талқылана бастады. Елбасы «Әлемнің өзге өңірлері қарқынды дамып жатқанда, көптеген мұсылман елдерінің көш соңында қалуы анық байқалды. Бір жарым миллиардқа жуық адамды құрайтын ислам дүниесі бүгінде мызғымас тұтастық құрай алмай отыр. Ислам дінінің діңгегі біртұтас екені бәрімізге ақиқат. Бірақ ислам әлемі даму үлгілерінің анағұрлым қайшылығы бар әртүрлі аймақты қамтиды. Сол үшін мұсылман қоғамының қазіргі даму жолдарын түсініп алу керек деп санаймыз», – дей келіп, өзіндік ұсыныстарын жеткізген еді.

Расында, ислам әлемі соңғы үш ғасыр­дағы өзінің жеткен жетістіктерін айтып мақ­тана алмайды. Қазір саны жағынан әлем­нің бестен бір бөлігін құрап отырған ис­лам мемлекеттерінің басым бөлігінің әлеу­меттік жағдайы мүшкіл жағдайда. Халық­аралық рейтингілер бойынша жағ­дайы сын көтермейтін ерекше кедей ел­дер­дің қатарында мұсылман халықтары көп. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев айтпақшы, соңғы жиырма жыл­да ислам дүниесінің ішінен жара­тылыс­тану және техника ғылымдары саласы бойынша Нобель сыйлығының қанша лауреаты шықты? Ислам әлемінде қанша жаһан­дық технологиялық инновация өмірге жол аш­ты? Соңғы бірнеше ғасырдағы ислам­ның кейпі көп жағдайда ортағасырдағы хрис­тиандық дағдарыстың синдромдарына ұқсас келеді. «Ересь», «инквизиция», «ин­дульгенция» дегендей, үш-төрт ұғым­ның айналасынан шықпай қойған христиан билеушілері халықты мезі қылып, ақыр соңы ХVI-ХVII ғасырлардағы реформа­ция­ға, қай­та өрлеу дәуіріне жол ашқан еді.
Бір заманда ислам адамзатқа әл-Бируни, Хорезми, Хинди, ибн Сина, ибн Хайсам, Фараби, Ясауи, Омар Хайям, Ғазали сынды көптеген ғұламаны сыйлады. Бұл есімдер күллі адамзат бүгінде игілігіне пайдаланып отырған медицина, сызу мен есеп, техника мен философия, архитектура мен музыка, поэзия және басқа да сан түрлі ғылым мен өнер салаларының дәнін еккен болатын. Бірақ сол замандағы ислам жетістіктері сақталынып қала алмады. Оған әртүрлі саяси ахуалдар себеп болды. Осман империясы ыдырағаннан кейін-ақ берекесі қашқан мұсылманшылық әркімнің жетегінде кетті. Бірі орыс отарына айналса, ендігілері ағылшын, француздардың айдағанына көнді. Бас сауғалап аман қалғандары да батыс барлаушыларының күшімен жасалған идеологиялық қақпанға түсіп, «ислам дінін реформалау керек» деген аргументпен фундаментализм, уахабизм секілді қасаң идеологиялардың тууына себепкер болды. Бұл Сауд Арабиясынан бастау алған фундаментализм идеологиясы ислам дінін, сол дінді ұстанушы қоғамды ислам діні таралған бастапқы VII- VIIІ ғасырға, яғни кері қарай реформалау жеміс әперген жоқ.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей, қазірде белгісіз қараңғылықпен іштей күресіп жатқан мұсылман қауымын өзге әлем жұртшылығы «зұлымдық белдеуі» етіп көрсетуге әуестеніп алды. Бұқаралық ақпарат құралдары ислам дінін «терроризм мен экстремизмнің отаны» ретінде таныстырады. Әлем халықтарын қамтыған баз бір сауалнамалық зерттеу жұмысында респонденттердің айқын басым бөлігі исламды агрессивті дін деп көрсеткен екен. Әрине, бұл – абсурд. Ақиқат дін ешқашан агрессивті бола алмайды, әйтпесе ол сая­сат немесе идеология болып шығады. Бірақ әлемдік қауымдастық ондай қате тұжырымға бекер ұрынбайды ғой. Дерек бойынша, жер беті тұрғындарының 22 пайызын құрайтын мұсылмандардың үлесіне әлемдік жалпы ішкі өнімнің 17 пайызы келеді. Бірақ сол көрсеткіштің де басым бөлігі шикізат экспорттаудан құра­латыны жалпыға аян.

Мамандар мінбері
Әшірбек МҮМИНОВ, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты директорының орынбасары, дінтанушы:
— Араб елдерінде, мұсылман әлемінде соңғы кездері болып жатқан саяси оқиғалар мұсылман елдеріндегі жастардың санасындағы бір оянысты көрсететіндей. Мұсылман елдерінің экономикалық, технологиялық тұрғыдан дамуы үшін қажетті потенциал бойында жиналып қалды. Бұл сол ислам әлемінің жаңаруы алдындағы бұлқыныс іспетті құбылыс шығар. Қазақстан ИКҰ-ға төрағалығы басталысымен осындай ізгі бастамалар көтеріп жатыр. Президенттің ұсыныстарын ислам әлемі жақсы қабылдайды деп сенемін. Себебі ол жеке өзінің немесе бір аймақтың ғана емес, барша мұсылман қауымына қажетті нәрсені айтып жатыр. Ислам әлеміндегі жаңарулар, өзгерістер міндетті түрде болады. Бірақ соның ешбір қақтығыстарсыз, бейбіт түрде болуы маңызды. Ислам әлемі бастамашыл жастарға, еркін ойлы, озат ойлы партияларға жол ашып беруі керек. Сонда даму да табиғи түрде жүзеге асады. Соңғы уақытта ислам үшін көптеген жаңалық болды. Алдымен, көптеген мұсылман елдері тәуелсіздік алды. Екіншіден, шикізат сатса да, қаржылай капитал жинап үлгерді. Ендігі үшінші кезең технологиялық өзгерістер, экономикалық даму кезеңі болуы тиіс. Араб әлеміндегі саяси өзгерістер де – соның көрінісі. Тағы бір айтарым – ислам әлемі алдымен өзіндегі радикалды саяси топтардан арылуы керек. Олардың саны көп емес. Бірақ оның ислам әлемінің имиджіне келтіріп жатқан залалдары орасан зор.
Досай КЕНЖЕТАЙ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы:
— Халықаралық аренада, ғылымның дамуында, эконо­микалық бетбұрыстарда мұсылман халықтарының үлесі жоқтың қасы болып тұр. Ислам ырықсыз өркениет ретінде қабылданады. Бірақ мәңгі солай болған жоқ қой. Шындығына келгенде, діндердің арасында бәсеке болуы керек. Бірақ ол бәсеке өшпенділікке немесе бірін-бірі ассимиляция жасауға емес, адамзаттың игі бағытта дамуына неғұрлым көп үлес қосу үшін ұмтылуға негізделуі тиіс. Барлық діннің концепциясында осы негіз жату керек. Сол тұрғыдан келгенде, исламның адамзатқа берері көп деп есептеймін. Ал сол исламның өзіне қазақ мәдениетінің, түркі мәдениетінің берері көп. Қазақстан – ислам өркениетінің өкілі бола отырып, оны христиан және басқа да өркениеттермен жақындастыратын көпір болуға лайықты мемлекет. Мәселен, көптеген елдер, тіпті мұсылман халықтарының өзі Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық татулыққа таңғалады. Ал ол татулық қазақ пен түркі халықтарының бойына Қожа Ахмет Ясауи ілімінің негізінде дарыған. Дегенмен қазіргі ислам әлемінде жетпей жатқан толеранттылық қасиет бұрындары барлық мұсылман халықтарында болған. Төрт мәзһабтың өкілдері бір-бірін умма ретінде мойындап, сыйлай білген. Өкінішке қарай, қазіргі кезде кейбір араб елдері дін мен дәстүрді дұрыс ажырата алмай, прозелитизмге бой алдыруда. Ислам өркениетінің модернизациясы алдымен осы бірлікті қайта қалпына келтіруге ұмтылудан басталуы керек.

Түйін
Қысқасы, дін мен ақиқат өз алдына дағдарысқа түсе алмайды. Дағдарысқа қоғам ұрынады. Ендеше, қоғам дін мәселесін, көзқарасын қайта қарауы керек. Мәселен, еңбек пен адамның маңдай терін бірінші кезекке қоятын протестанттық сенім христиан қауымын, барша Батыс жұртшылығын алға сүйреп шығарды. Өткен ғасырларда мұндай ұмтылыстар мұсылман елдерінде де болды. Бірақ сол кездегі саяси жағдайға байланысты көбіне сәтсіз аяқталып жатты. Мәселен, ислам елдерін қазіргі заманның ағымына сай модернизациялау идеяларын өткен ғасырларда Исмаил Гаспыралы, Мұхамад Иқбал сынды тұлғалар ұсынған. Гаспыралының идеялары күллі түркі халықтарына серпін берсе, Мұхамад Иқбалдың ағартушылық идеялары Пәкістан мемлекетінің құрылуына себеп болды. Бертін келе Түркияның экс-премьері Неджеметдин Эрбакан да ислам елдерінің идеялық жаңаруын, жаңғыруын ұрандаған еді. Ендеше, мұсылман қауымына жаңа серпін беретін бастамалар керек. Бүгінде ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіне төрағалық етуші Қазақстан да әу дегеннен осындай бастамаларымен көрінді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста