Каримовты Шахи-Зинда кесенесіне жерледі

Каримовты Шахи-Зинда кесенесіне жерледі

Ислам Каримов Самарқанд қаласында ата-анасы жатқан Шахи-Зинда тарихи кешеніндегі қорымға жерленді. Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың денесін Ташкенттен туған қаласы Самарқандқа ұшақпен жеткізді. Кортеж қоштасу рәсімі өтетін қала орталығына келді. Жол бойында көшенің екі жағына тізіліп тұрған адамдар оған құрмет көрсетіп, қаралы шерудің жолына гүл шоқтарын тастады. Араларында көз жастарына ерік берген адамдар қарасы көп болды.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Регистанның тарихи алаңында өтті, онда марқұмның туған-туыстарымен бірге шет елдердің мемлекет басшылары мен ресми өкілдері, ірі халықаралық ұйымдардың басшылары, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысты. Мәртебелі тұлғалардың қатарында Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан президенттері, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Грузия премьер-министрлері, Иранның СІМ басшысы, БАӘ мемлекеттік министрі, ТМД атқарушы хатшысы және басқалары болды.
Шамамен бірнеше мыңға жуық адам жиналды. Рәсімнен кейін қаралы шеру көне Шахи-Зинда қорымына бет алды, онда Ислам Каримовты ислам ғұрпына сай жер қойнына тапсырды.
Ислам Каримовтың ата-анасы жерленген Шахи-Зинда қорымында жерленген. Бұл тарихи орын саналатындықтан соңғы 20 жылдан бері адам жерлеуге тыйым салынған, алайда мемлекет басшысы үшін ғана рұқсат етілді.


Самарқандта Бибі ханым мешітіне жақын сәулет ескерткіштері Шахи-Зинда кешені орналасқан. Шахи-Зинда он бір мавзолейден тұрады, олар 14 - 15 ғасырларда салынған. Көне кесене Афрасиаб қалашығына жақын орналасқан. Оны қорым көше деп те атайды. Шахи Зиндаға атақты адамдар мен патшалар жерленеді. Мавзолейдің басты тұсы пайғамбардың немере інісі Мұхаммед - Кусама Ибн-Аббас кесенесінен басталады. Оның атауы парсы тілінен аударғанда «Тірі патша» деген ұғымды береді.
inform.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста