Көкшеде көл тартылып барады

Көкшеде көл тартылып барады

Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жұмыстарымен жан-жақты танысып шықты. Байқап қарасақ, жұмыс жүріп жатыр - Щучье мен Бурабай көлдері айналысында зәулім ғимараттар бой көтеріп, қазақстандық «Лас-Вегастың» сән-салтанатын құруда. Дегенмен проблема да жоқ емес. Оның бірі – аймақтың инфрақұрылымы. Үкімет ақша бөлсе, Бурабай ауданының жаңа әкімі оның бәрін тындырам деп отыр. Екінші әрі маңызды проблема, ол – өзен-сулардың тартылуы. Оны шешпесек, судың жағасында салынып жатқан құрылыс нысандарының барлығы айдалада қалып қоюы әбден мүмкін.

Щучьенің жағдайы мәз емес
Вице-министр С.Ахметовтың жұмыс сапары Щучье қаласынан басталды. Шыны ке­рек, бұл жердің инфрақұрылымы әбден то­зып қалған. Үкімет басшысының орын­ба­сары да өз таңданысын жасыра алмады. «Бұған дейін жергілікті әкімдер не бітірді?!Мен соны түсінбеймін!», – деді ол арнайы кеңесте. Бүгінде Щучье қа­ла­сының жолдары әбден ескірген. Қа­лада дені түзу бір-ақ көше бар. Ол – Мұх­тар Әуе­зов атын­дағы орталық көше. Бі­рақ оның да то­зығы жетті. Соңғы рет бұл кө­­ше тоғыз жыл бұ­рын жөнделген еді. Бу­рабай ауданының жа­ңа әкімі Ғазиз Әлі­бидің хабарлауынша,  Щучье қала­сын­да 163 шақырым жолды күр­делі жөн­­деуден өткізу қажет. Оған 37 млрд тең­­ге керек. Болашақта қала жол­дарын ха­лықаралық талаптарға сай етіп салу жос­парланған. «Дегенмен респу­бли­ка­лық бюджеттің қолдауы болмай, ол мә­се­лені шешу мүмкін емес», – дейді әкім.
Сапар барысында С.Ахметов қаладағы жылу мәселесімен етене танысып, шағын бір қазандықты да қарап шықты. Оның да тозығы жеткен. Щучьеде ондай қазан­дық­тардың ұзын саны 43-ке дейін жетеді. Қала басшылығы оларды мазут негізінде істейтін модульдық қазандықтарға ауыстыруды көздеп отыр. Оған да біраз қаражат қажет. Мәселен, бір шағын ауданның қазандығын ауыстыру үшін 75 млн теңге керек. Құбыр­ға – 10 млн теңге, ал жылу желісін тарту үшін тағы 150 млн теңге қажет болады. Жа­ңа әкім Ғазиз Әлібидің хабарлауынша, бү­гінде қаладағы 43 қазандықтың жар­тысы қатты отынның негізінде жұмыс істей­ді. «Олар экологияға айтарлықтай нұқсан кел­тіруде. Бұдан басқа, жекеменшік тұр­ғын үйлердің пештері тағы бар. Енді  қа­раңыз, қаладағы 7 мың үйдің 300-і ғана ор­талық жылу жүйесіне қосылған. Демек, үй­лердің 95 пайызы өздігімен от жағып, жы­лынып отырады. Осының бәрі қоршаған ор­таға шығарылатын зиянды қалдық­тар­дың көбеюіне себеп болып отыр. Соңғы бес жылдың ішінде оның көлемі 25 пайызға артты», – дейді Ғ.Әліби.
Аймақтың басты проблемасы - өзен-сулардың тартылуы
Шортанды (Щучье) көлінің жағасында са­лынып жатқан туристік кешеннің бола­шақ жоспары көздің жауын алады. Құры­лыс жобасына сәйкес, бұл жерде мей­рам­ха­налар, дүкендер, ойын-сауық ор­та­­­­лық­­­тары болады. Қазіргі кезде осы құ­ры­­лыс нысанының қаңқасы дайын. Ал жа­қын жерде үлкен гольф клуб ашылады. Осы­­­ның бәрі әзірше көлдің жағасында бол­­са, болашақта айдалада қалып қоюы әб­­ден мүмкін. Себебі Шортанды көлінің суы тартылып барады. Мемлекет үшін бұл үл­кен проблема болайын деп тұр.
Ғазиз ӘЛІБИ, Бурабай ауданының әкімі:
– Көкшетау облысының өзен-су­ла­ры соңғы рет 1957-1959 жылдары зерт­­телген болатын. Ол кезде тың және ты­ңайған жерлерге сараптама жасал­ды. Со­дан бері жарты ғасырдан астам уа­қыт өтті. Сондықтан осындай жұмыс­ты бар­лық Щучье-Бурабай курорттық ай­­мағында жүргізу аса қажет. Оны ке­йін­ге қал­дыруға болмайды. Бүгінде Шор­­танды көлінің тереңдігі 23 метрге де­йін тө­­мендеді.  1957 жылы ол 34 метр бол­­­ған. Демек, 55 жылдың ішінде көл дең­­гейі 11 метрге түсіп кетті. Біздің есеп­­­теуімізге сәйкес, жыл сайын Щучье кө­­­лі 20 сантиметрге тартылып оты­рады.

Осыған байланысты Щучье көлінен су тарту жұмыстарына тыйым салынды. Жақын жерде жатқан бірқатар елді мекендер Көкшетау су құбырына қосылды. Алдағы уақытта тағы 14 ауылды осы құбырға қосу ұсынылып отыр. Дегенмен осымен Бурабай мен Щучье суларының тартылуы тоқтамайтын сияқты. Себебі оған климат та әсер етуде.
Людмила ЧУНТОНОВА, «Гидрометмониторинг» орталығының директоры:
– Әрине, судың тартылуына табиғи кли­маттың әсері зор. Себебі өткен ға­сыр­дың басымен салыстырғанда, бізде ауа температурасының жылдық көр­сет­кіші екі есе өсті. Ал жауын-шашынның кө­лемі 70 пайызға азайды. Мәселен, бұдан бір ғасыр бұрын жауын-шашы­н­ның көрсеткіші 600-800 мм болса, бү­гінде ол 300-400 мм ғана құрап отыр. Бұл – табиғи үрдіс.

Үкімет басшысының орынбасары Серік Ах­метовтың жұмыс сапарының негізгі мақ­саты да осы болған сыңайлы. Ол Щу­чье-Бурабай курорттық аймағында сулардың тартылуын өз көзімен көріп, аталған мә­се­лені арнайы кеңесте жан-жақты талқылап шық­ты. Сапар барысында вице-премьер қор­шаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қап­паровқа курорттық аймақтағы көл­дер­дің тартылуын жан-жақты зерттеп, ар­найы сараптамадан өткізуді тапсырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста