Корей халқы ең алғаш Орталық Азиядан келген деген тұжырымдар бар

Корей халқы ең алғаш Орталық Азиядан келген деген тұжырымдар бар

Сонг Доенг, Ханьянг университетінің (Сеул, Оңтүстік Корея) профессоры, мәдени антропология ғылымының докторы:

– Сонг Доенг мырза, елімізге ал­ғаш рет келіп, екіжақты әріп­тес­тіктің арқасында Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың фи­ло­со­фия және саясаттану факультеті дін­тану және мәдениеттану ка­фе­драсында мәдени антрополог ға­­лым ретінде дәріс бердіңіз. Қазақ­стан ту­ралы әсерлеріңіз қандай, не түй­діңіз?
 – Сыртқы зерттеуші ғалым ретінде ең бірінші байқағаным – Қазақстанның зор мүмкіншіліктерге ие болып отырған ел екендігі. Адам потенциалы, табиғи ресурс­тар жағынан өте керемет мүмкіндіктеріңіз бар. Халық өздерінің қаншалықты зор байлығы мен әлеуетін Қазақстанда жүріп жеткілікті сезініп отырған жоқ. Қазақ­стан­ның осынау аса маңызды тарихи кезеңде динамикалық дамуы жоғары, үлкен белестерді бағындырары сөзсіз. Орталық Азиядағы әлеуетті ел маған үлкен әсер қалдырды.
– Негізі, азиялық тегі, тарихи тұр­ғыдан қазақ пен корей халқы өзара туыс­тас, тағдырлас болып келеді. Ал­ғаш­қы кезде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?
– Мәдени-тарихи жағынан айтар бол­сам, ерекше ұқсастығымыз бірден бай­қалады. Бізде корей халқы ең алғаш Орта­лық Азиядан келген деген болжамдар, тұ­жы­рымдар бар. Яғни ата-бабаларымыз Ор­талық Азияның кіндігі  Қазақстаннан да кел­ген шығар. Бұлай жорамалдаудың се­бе­бі – біздің Корея мемлекетінің негізін Көк тәңірі деп аталған хан салған. Мәселен, сіздерде де Хантәңірі деген тау бар ғой. Бұл кездейсоқтық емес. Сол үшін біз шық­қан тегіміз жағынан бауырлас халық­пыз. Біз арғы тегімізді осы жақтан іздестіруіміз керек. Өйткені біз Қытай мен Жапонияның ор­тасында болдық. Бір кездері сол елдер­дің қол астына қарадық. Қытайдың да тіке­лей ықпалын көп көрген халықпыз. Де­ген­мен біз екеуінің ортасында тұрсақ та, өзі­міздің тіліміз мен дәстүрімізді жоғалт­па­ған халықпыз. Бұл – өте ерекше жайт. Та­рих­та көп өзгерістер болды. Қа­зақ­стан Ре­сей империясының құрамында болып, оның ықпалын көрді. Сан ғасырды артқа тас­тап, қазіргі заманда бауырлас халықтар қай­­тадан қауышып, керемет жағдай болып отыр. Басқа мәдени ортада өмір сүрген соң, міндетті түрде айырмашылық болады ғой. Екі елдің де өз мәдениетін сақтап, қай­та­дан табысуымыз керемет жағдай емес пе?
– Мен Кореяның тарихи телесе­риал­­­дарының көрермені болып келе­мін. Оның  ішінде Корей түбегіндегі Ко­гуре, Пуэ, Чосонь секілді мемле­кет­тердің «Жумонг ханзада», Му Хюль патша туралы тарихи фильмдерді көр­ген корей халқының көшпенді өмір сал­ты, әскери өнері көзге оттай басыл­ды. Көшпелі өркениет корей ұлтында қазір бар ма?
– VІІІ ғасырда Корея түбегінде бірігу үр­дісі жүрді. Кореяның солтүстік бөлігінде көшпелілер мәдениеті кеңірек дамыған. Сол тарихи кезеңде Корея патшалығы бірік­кен кезде солтүстік өңір Қытайдың ба­қылауында қалып қойды. Сол замандардан бері біздің мемлекет көбінесе отырық­шы­ла­нып, одан кейін күріш өсіретін мәде­ниет­ке айналды. Бізді қатаң патшалар бас­қар­ған. Қатаң бақылау үшін барынша оты­­рық­шыландыру саясаты жүрді. Сол­түс­тік өңірлеріміз Қытайға өтіп кеткеннен ке­йін біз көшпелі мәдениетімізден көп нәр­се жо­ғалттық. Садақ атып, атпен жо­рық­­қа шық­қан суреттер, үңгірге жа­зылған жа­зу­лар бізден де табылған. Қытайдың кез кел­ген жерін алып қарасақ, ондай көшпелі мә­дениет белгілері жоқ. Бұл мәдениет біз­ден қалған. Біз барлы­ғы­мызды өзімізді бір от­басымыз деп қа­рас­тырамыз, сол себепті бір­лігіміз мықты болды. Сырттан басып ке­лу­шілер үшін жабық дәстүрлі қоғам бол­дық. Корейлер томаға-тұйық өмір кешкен соң сыртқы әлемді, сыртқы факторларды онша түсіне бермейтін. Бұл жайт, бір жа­ғынан, біздің ұлттық, этникалық идентифи­ка­ция­мыздың күшті болуына зор ықпал ет­се, екінші жағынан, әлемдік дең­гейде дамымай, оқшауланып қалуымызға әсер етті. Яғни оның біз үшін пайдасы мен зия­ны болды.
– Өзіңіздің ғылымдағы антро­по­ло­гиялық саладағы зерттеу бағытыңыз қан­дай? Қандай зерттеу бағыттарымен ай­налысасыз?
– Менің мәдени антропологиядағы ғы­лыми-зерттеу бағытым – корей халқының қа­зіргі модернизация дәуіріндегі ұлттық иден­тификациясы. Алғашқы зерт­теу­лерімді осыдан бастадым. Мені қы­зық­тырған осы мәселені басқа елдермен са­лыстырып қарауға талпындым. Алжирдегі мә­дени саясатты зерттегім келді. Бірақ ол кезде Солтүстік Кореямен тығыз байланыс ор­натқан Алжирді зерттеуге рұқсат бол­мады. Франция арқылы Тунисті, Солтүстік Аф­риканың исламдық мәдениеттеріндегі ұлттық-мәдени идентификацияны зерт­теу­мен айналысамын.     
– Тунис, Алжир, Мысыр, Сириядағы саяси оқиғалардың себебін мәдени идентификациядан іздеп жатамыз. Сіз қалай ойлайсыз?
– Жоқ, мұны бір ғана мәдени иденти­фи­кациядан іздеуге болмайды. Оның ар жағында үлкен себептер бар. Оның себебі жал­пы өңірдің ішкі мәселесі, мәдени иден­ти­фикациясында емес, ғаламдық, кос­мо­по­литтік мәселелерден туындады. Мы­салы,  бұл аймақтағы адамдарда енді сырт­­тан кө­мек, қолдау қажет емес, би­лігімізді өзі­міз басқара аламыз деген сезім пай­да бол­ды. Бұл, бір жағынан, эко­но­миканың өсуі болса, екінші жағынан, ба­тыс­тық көз­қа­расқа қарсы сана-сезімнің пі­сіп-жетілуі. Мы­салы, Тунис халқының 99 па­йызы өте са­уатты, оқи да, жаза да біледі. Жал­ған ұран­дарға сенбейді. Кез келген адамда өзім­ді-өзім сыйлайтын кез келді деген сана-сезім оянды, өзімді-өзім алып жү­ре ала­мын деген жігер пайда болды. Сана-сезімнің бұлқынысы осындай өз­ге­рістерге алып келді.
– Француздың ғалымы Жак Аттали бо­лашақта ұлттық мемлекеттер жо­йы­лып, космополиттік, жаһандық өр­кениет белең алады деген болжам ай­тады. Былайша айтқанда, жаһан­дану мен ұлттық идентификацияның бұл жер­де қарама-қайшылығын көріп отыр­мыз. Осындай жағдайда иден­ти­фи­кацияның өзгерістерге ұшырауы қа­уіпті ме?
– Жалпы, мәдениеттер мен өркениеттер та­рихын зерттеп жүргенде байқаған нәр­сем – барлығында өздеріне тән иден­ти­фи­ка­ция бар. Азия мен Еуропаның, Орталық Азияның өзгелерден  ажыратып тұратын өзіндік иден­ти­фикациясы болады. Кез келген халық идентификацияны пайда­ла­нады. Иден­ти­фи­кация қоғамдық-саяси жағдайларға бай­ланысты өзгеріп отырады. Осыдан 500 жыл бұрынғы идентификация бар ма? Иден­ти­фикация жойылып кет­пей­ді, заманға қарай өз­гереді. Мысалы, ко­рей­ліктердің үш мың жыл бұрынғы иден­ти­фикациясы, Когуре тайпасы за­ма­нындағы иден­ти­фи­кациясы қазір жоқ, енді 300 жылдан соң қалай өзгеретінін уа­қыт көрсетеді. Тағы бір айтатын жайт – иден­тификацияны өршітіп жіберуге абай болуымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста