Көріпкел мемлекеттік саясатқа ықпал ете ме?

Көріпкел мемлекеттік саясатқа ықпал ете ме?

Мемлекеттің халықтан құпия ұстайтын Қарулы күштерден тыс тағы бір әскері бар. Олар - көріпкелдер қауымдастығы. Жыл сайын қорғаныс саласына қаражат бөлінген секілді бұл әскер түріне де мемлекет ұдайы жағдай жасап отырады, оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. "Алаш айнасы" мемлекеттің көріпкелдерді не үшін дайындап шығаратынын, оның басты мақсаты неде екенін бүгінгі деректерден іздестіріп көрді...
Ел арасынан табылатын шын көріпкелдер әлем бойынша саусақпен санарлық екен. Ерекше қабілеті анықтала салысымен мұндай адамдар мемлекеттің тікелей қарамағына өтіп отырады. Бірақ саны шектеулі болғандықтан, мемлекет бұл реттегі өз сұранысын қанағаттандыру үшін қолдан көріпкелдер тудырып та отырады. Біз соңғысының жайына кеңірек тоқталсақ дейміз.
Мысалы, 90-жылдардың басында пайда болған Анатолий Кашпировскийді әлі ешкім ұмыта қоймаған болар. Кейіннен оның алаяқтығын әшкерелеген ресейлік деректі фильм жарық көрді. Онда халық алдында Кашпировский сөйлеп жатқанда оның сыбайластары сырт жақтан ешкімге білдірмей алдап-арбауға қажеттілерді даярлап тұратындығын анық көрсеткен деректер келтірілген. Жазушы ағамыз Дулат Исабековтің теледидардың арғы жағындағы осы экстрасенссымаққа сеніп, ақымақ болған ауыл жігіті жайлы - «Банопарттың үйленуі» атты танымал әңгімесі де бар. Айта берсе, алаяқ көріпкел-сымақтар жайында бізде алып-қашпа сөз жетерлік. Көбіне мемлекет, ондайларды әдейі "тудырады" екен. Ал "Эстрасенстар шайқасы" сынды телеөнімдер бұл процесті жеделдетуге көмектеседі. Сонда мемлекет үшін бұл неге қажет деген заңды сұрақ туады...
Оның жауабы қарапайым. Билік үшін халықты уысынан шығармай, өзіне тәуелді етіп ұстау маңызды. Жер бетіндегі халықтың көбісі болса, нақты ғылымнан гөрі наным-сенімге, қасиетті нәрселерге қатты сенеді. Қатты дамыған елдерге халқын алдаудың да қажеті жоқ. Сондықтан олар бұл мәселеге көп бас ауырта бермейтін секілді. Ал, керісінше сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан, ел қазынасын талан-таражға салушы билік халық наразылығына ұшырамас үшін үнемі ең соңғы күнге дайындалып отырады. Аяқ-асты жағдай орын алғанда көріпкелдер әскері шепке шығады. Мысалы, халық шүбәсіз бас ұратын адамды тудыру үшін оған ауа-райын болжау институтынан бастап, экономикалық, саяси ғылыми институттар сынды бір елдің бүтін салалары қалтықсыз жұмыс істейді. Осыған байланысты үнемі болжамы сайма-сай келіп отыратын адамды уақыт өте халық Құдайдай басына көтере бастайды. Күннің күні билікке қысылтаяң сәт туып қалса, онда олар әлгі көріпкелді халық алдына шығарады. Міне, осы кезде оның нақты билік үшін қажетті рөлі іске қосылады. Жоспарға сай ол жамағатқа түрлі жорамалдарды айтып, билікке қарсы шықпауды уағыздауы тиіс. Бұған мысал келтіру үшін алысқа бармай-ақ қойсақ та болады. Бүгінгі таңда Батыс санкциялары құрсауында қап, экономикалық ахуалы әбден әлсіреген Ресей телеарналарын көріпкел, балгер, карташылар әбден жайлап алған. Кез келген бағдарламаларда олар сарапшының бірі ретінде тартылып отырады. Кейде бұған дейін олар қайда жүрген деген ой да мазалайды. Сол секілді Украина білгірлері де ақпараттық соғыстан қалыс қалмаған. Ресейлік көріпкелдер арасында қайта-қайта айтылып отыратын бірден-бір болжам: Ресей империясы қайтадан фенникс құсы секілді түлеп, әлемдегі №1 держава болады. Украиналық балгерлер болса, " Украина бәрібір еуропалық болады" деп түйіндейді. Қарап тұрсаңыз екі тарап өз мемлекеттерінің мүддесі үшін болжам айтады. Осыдан-ақ мұның барлығы адам санасын жаулау, бұлғау үшін қолдан жасалған "қуыршақ-қарулар" екенін анық аңғаруға болады. Тағы бір мысал...
Ресей мен Украина болжағыштары ғаламторда алдындағы шын көріпкелдердің айтып кеткені төңірегінде қызыл кеңірдек болысып жатады. Мысалы, Ванганың, Эдгар Кейсидің дегендей. Сөзіміз дәйекті болу үшін сөзбе-сөз келтіре кетелік:
Ресейлік нұсқа:
Ванга көріпкел Ресейді қайтадан мықты империя болады деп айтып кетті.
"Ресейде Жаңа ілім белгісінде жаңа адам пайда болады әрі ол Ресейді өмірінің соңына дейін билейді.
... Жаңа ілім Ресейден келеді - бұл ең көне және ақиқат ілім бүкіл әлемге тарайды, сөйтіп жер бетінен барлық дін жойылатын күн туады, оның орнын Отты Інжіл пәлсапалық жаңа ілім басады.
Ресей - славян мемлекеттерінің анасы, одан іргесін аулақ салғандар кейіннен жаңа түрде қайтып келеді. Ресейге социализм жаңа түрде оралады, Ресей ірі ұжымдасқан және кооперативтік ауылшаруашылығына негізделеді, қайтадан Кеңес одағы жаңғырады, бірақ бұл жаңа одақ болады. Ресей нығайып, өсе береді, оны ешкім тоқтата алмайды, Ресейді тізерлететіндей қандай да бір күш жоқ. Ресей жолына тұрғандардың барлығын жайпап, сақталып қана қалмай, бөлінбейтін "әлем қожайыны" болады, тіпті Америка 2030 жылдары Ресейдің толыққанды ұлылығын мойындайды. Ресей қайтадан мықты әрі ұлы империя болады, мемлекет бұрынғыша қайтадан Русь деп аталатын болады"
Эдгар Кейси де 2010 жылдан соң Кеңес одағы қайтадан жаңғырады деп айтқан. "ХХ ғасыр бітпей жатып КСРО да коммунизм күрейді, бірақ коммунизмнен босаған Ресейді прогресс емес, ауыр жылдар күтіп алады, тек 2010 жылдан соң бұрынғы КСРО қайтадан түлейді, онда да жаңа сипатта. Ресей ғана Жер бетінде жаңғырған өркениет тұтқасын ұстайды, ал әлемнің жаңғыру орталығы Сібір боп саналады. Ресей арқылы қалған әлем берік және мықты әділдікке қол жеткізеді.
Әр адам өзінің туғаны үшін күліп-ойнап, өмір сүреді. Бірақ өмірлік бұл қағида Ресейде дүниеге келуі үшін көптеген жыл керек болады, алайда әлемге бұл үмітті Ресей ғана сыйлайды.
Ресейдің жаңа көшбасшысы көп жылдар бойына ешкімге таныс болмайды, бірақ ол күтпеген жерден жаңа таңғажайып технологиялардың күші арқасында билік басына жарқ етіп келеді, оған қарсы келетін ешкім болмайды. Ол Ресейдің жоғары билігін қолға алған кезде онымен ешкім тайталаса алмайды. Ақырында ол Әлемнің әмірі болады, жер бетіндегі тірі жанға жарық сыйлайтын заңға айналады...
Оның интеллектісі барлық адамзат қауымы өзінің өмір сүру кезеңінде армандаған технологияларды қамтыған, ол ғаламат жаңа машиналарды жасайды, олар оны және оның жақтастарын Құдай секілді мықты да ұлы ғаламат күш иелері етеді, ал оның интеллектісі өзін және оның жақтастарын өлмейтіндей етеді... Құдай солармен бірге болады.
Ол бір Құдайға табынатын дінді дүниеге әкеледі және мейірім мен әділдікке негізделген мәдениетті құрады. Ол және оның жаңа қауымы жер бетінің түкпір-түкпірінде жаңа мәдениетті және жаңа технологиялық өркениеттің ошақтарын құрады... Оның үйі және жаңа қауымының шаңырағы Сібірдің оңтүстігінде болады..."
Шынын айтқанда, бұл болжамдар мәтініндегі көптеген тезисті "Русь әлемі" деп аталатын Мәскеудің жаңадан құрған тұжырымдамасымен салыстырсаңыз, мұның барлығы кездейсоқтық емес екенін, яғни бұл да тапсырыспен жасалып отырған Қызыл Кремль ақпараттық майданының бір жобасы екенін еш қиындықсыз түсіне аласыз.
Енді украиналық нұсқамен таныса отыралық:
Өмірінің соңғы жылдарында болгар көріпкелі Украина мен Ресей жайлы көп болжам айтқан. Ванга: "Көптеген қиындықтардан соң адамдар жақсы өмір сүріп, Украина үшін тамаша кезең туады " деп кеткен. Ол үшінші соғыс болмайды деп кесіп айтқан. Киев аласапыраны да болмайды деді. Бәрін жеңеміз, соғыс жоқ, ол болмайды деді. Ал 2014 жылға қатысты айтқан болжамында Украинаны мүлде сөз етпейді. "Химиялық соғыс салдарынан көптеген адамды жара басып, тері ауруына шалдығады ". Бар айтқаны осы ғана. Одан кейін ол 2016 жылды сөз етеді. Көріпкел Еуропа адамдардан ада боп, су басатынын болжады.

Кейси...
Кейси жазбаларында Укаринада боп жатқан оқиғаларға тікелей немесе жанама түрде қатысты ештеңе айтылмайды. Ол көбінесе табиғат апаттары туралы болжамдар айтқан. Ал Ресейге қатысты айтқаны оның болашағымен байланысты нәрсе. "Әлемге Ресей жақтан үміт келеді: коммунистерден емес, большевиктерден емес, босанған Ресейден. Ол орын алғанға дейін біршама жыл өтеді. Ресейдегі діннің жаңаша дамуы әлемге соңғы үмітті сыйлайды"
Бұл арада ресейлік көріпкелдердің айтқанын жоққа шығаруды, ақталуды байқауға болады. Демек, украиналық тарап ақпарат шабуылына тойтарыс беруді мақсат еткен.
Сөз соңында, мемлекет көріпкелдерге (нақтысында - тыңшыларына, арнайы қызметтегісіне ғой) қаражат бөледі деген сөзге дәлел ретінде 2006 жылы жарық көрген «Атышулы іс: сананы жаулау» атты ресейлік деректі фильмді алға тартуға болады. Онда 1975 жылы КСРО-ның өзі парапсихология саласына 70 миллион рубль жұмсағандығы, арнайы барлау қызметінің арнайы көріпкел мамандар даярлағаны туралы нақты куәгерлер аузымен айтылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста