Мамыр мерекесінің идеологиясы қандай болуы керек?

Мамыр мерекесінің идеологиясы қандай болуы керек?

Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық белесінде 1996 жылдан бастап атап өтіп келе жатқан 1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесін тұңғыш рет жаңа форматта тойлағалы отыр­мыз. Тұтас мамыр айы бірлік ұранымен аталып өтпек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жақында өткен Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының XVII сессиясында сөйлеген сөзінде : «Бүкіл Қазақстанда жаппай шерулер, патриоттық шерулер өтеді. Көктемгі 1 Мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс. Бұл біздің туған Қазақстанымыздағы 20 жылда құрған негізгі мерекеміз болады», – деді. Жаңа форматта тойланатын мере­ке күні елдегі ұлттық киім киген әр алуан этнос өкілдері жалауша, шар ұстап шығып, салтанатты шеруді шырайландыра түседі. Соны­мен жаңа мазмұнда өткізілетін 1 Мамыр мерекесінің өзіндік филосо­фиясы, мән-мағынасы, берер тағылымы қандай болуы керек?

Таптық мейрамнан бірлік мерекесіне дейін...
Әлқисса, кеңестік кезеңде 1 Мамыр мейрамының қызыл төңкеріс пен тап­тық күрестің символы болғаны жасырын емес. Сондықтан бұл күн КСРО-ның ең басты мерекесінің бірі болып, бұған кеңес халқы бір кісідей атсалысты. Мамырлатып қызыл жалау желбіретпеген, шеруге шықпағандар болса, ертеңінде-ақ жұмысымен қош айтысатын. Сол кезде ондаған, жүздеген елді мекендерді, көшелерді «Первомай» деп атау үрдіске айналды. КСРО күйреп, заман өзгерген соң еңбеккерлер мейрамының форматы басқаны былай қойғанда, Ресейдің өзінде өзгеше рең алды. Көрші Ресей 1997 жылдан бері 1 мамырды көктем және еңбек  мерекесі ретінде тойласа, Әзірбайжан, Грузия, Түр­кіменстан және Өзбекстан сол­ғын атап өтеді. Жалпы, әлемнің 142 елі 1 Мамыр мейрамын әртүрлі мазмұнда тойлайды. Қазақстан жұрты үшін Мамыр мейрамына жаңаша көзқарас керек. Мемлекет идеологиясы өзгерсе де, 1 Мамыр идеология­сы түбегейлі өзгерген жоқ. Себебі бірлік мейрамының өзге мемлекеттік мерекелерден айырмасын көрмей жүрміз, бәрі бірін-бірі қайталайтын сияқты көрінеді. Біз тойлап жүрген Мамыр мерекесі формасы жағынан қазақтың емес, өзге ұлттардың мейрамы секілді әсер қалдырады. Олай болмауы керек. Бірлік пен татулықтың алтын қазығы қазақ ұлты екенін, өзгелері бұған атсалысушы екенін айғақтауы қа­жет. Біздіңше, 1 Мамыр мерекесіндегі шеру қазақ елінің жасампаздығын, бір­тұтас ұлт болып ұйысуын, кемел елдігін, алмастай бірлігін, мемлекет құраушы ұлттың феноменін паш етуі, еліміздің бар­лық этностарын бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түсуге тиіс. Өйткені Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті».
Әр алуандықтан — біртұтастыққа...
Бірлік деген сөз айтқанға жеңіл, төл тарихымыздағы қиын-қыстау кезде ел ынтымағы қалай сақталғанын, бір тілім нанды бөліскен қазақ жұртының асқан мәрттігін сахналайтын драмалық туындылар, деректі фильмдер, бейнебаяндар көрсетілуі керек. Мәселен, Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны сахналанатын болса, оны көрген кез келген жан, өзге ұлт өкілдері бірліктің қадір-қасиетін сезінер еді. Сондай-ақ осы мейрамда мемлекеттік тілді меңгерген және жан-тәнімен насихаттап жүрген өзге ұлт өкілдерін «Бірлік» алтын медалімен, басқа да жоғары атақтармен марапаттауды дәстүрге айналдыру керек. 1 Мамыр мейрамының ұлт­тық мәні мен сәнін келістіретін көкейдегі ұсыныстарды көп болып талқыға салған артық болмас.
Біріншіден, 1 Мамырда Қазақстан хал­қы Ассамблеясы және оның филиалдары, ұлттық-мәдени орталықтар мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін, пат­риоттық тәрбие беруде қандай жетістіктерге жеткенін көрсететін есептік кеш өткізіп отырса игі.
Екіншіден, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді, қазақтың ән-жыр­ларын орындаушылық шеберлігін қа­нат­тандыратын жоғары деңгейдегі конкурстар ұйымдастырылса, тіпті қазақтың қара өлеңінен мүшәйра, тіпті айтыс өткізсек қайтеді?
Үшіншіден, барлық ұлттық-мәдени ор­та­лықтар шен-шекпенділерге ғана емес, той­лаушы қауымды құшақ жайып, өз­де­рінің ұлттық асханасынан тегін дәм таттырып, арқа-жарқа болып отырса, қандай ға­нибет болар еді! Елдегі компаниялар, сауда орындары осы күні қайырымдылық ак­ция­ларын ұйымдастырып жатса құба-құп.

Бір пікір
Смағұл ЕЛУБАЙ,
жазушы:
– 1 Мамыр дүниежүзілік пролетариаттың ынтымақтастығы күні деп баяғыда екі тапқа бөлінген заманда шығарылған мереке ғой. Бұл заман өткен соң, пролетариаттың ынтымағы күні деген ойдан шығарылған нәрсе болып шыққанын көріп отырмыз. Идеологиялық қондырмалар өзгергеннен кейін, тәуелсіз Қазақстан жағдайында «1 Мамыр мейрамын Қазақстан халықтарының бірлігі күні» деп жаңа форматта атап өту – өте дұрыс идея. Елбасымыз елді біріктіретін нәрсе мемлекеттік тіл деп АҚШ-тың мысалын жақсы келтірді. Шын мәнінде де, елді біріктіретін күш – қазақ идеясы. Бұл идея – Қазақстанның мәйегі, қазақ ұлты шаңырақты көтеріп тұрған алтын бақаны, өзге ұлттар оның уығы іспетті. Өйткені елдегі өзге этностардың бәрінің де тарихи мекені, төл мәдениеті бар және ол жақта салт-дәстүрі мен тілі гүлденіп жатыр. Ал Қазақстанның тағдыры қазақ тіліне, қазақ мәселесіне тіреліп тұр, қазақтың бұдан өзге қарашаңырағы жоқ. «Қазақ боламыз ба, болмаймыз ба» деген философиялық сұрақ ылғи да Демосфеннің иығына қадалған қанжар секілді мазалап тұрады. Қазақ тілі соңғы 20 жылда аяғынан тік тұрды ма? Жоқ! Сондықтан бірлік дегенді өзгелердің қазақ тілін құрметтеуі деп түсінемін. Бірлігіміз қазақтың тарихын, ділі мен мәдениетін қайта қалпына келтіруге арналуы керек. Біз кейде «зейнеткерлер қазақ тілін түсінбейді» деп қорғаштап жатамыз. Бұл зейнеткерлер 70 жыл бойы Қазақстанда тұрып келді ғой, неге «жеті ауыз» қазақша түсінбейді? Үй иесінің көңілі жайлы болса, бақуатты болса, қонақтың да жағдайы дұрыс болады. Ал үй иесінің қабағы қату болса, ешкімнің де жағдайы дұрыс болмайтынын түсінуіміз керек. Қазақ жұртының үштен бірі шетелде жүр, етек-жеңіміз әлі жиналмаған елміз. Олар топтаспай, толыққанды ел бола алмаймыз. Сондықтан шешілмей жатқан қазақ мәселесін бірігіп көтерсек, жүк жеңіл болады. Міне, меніңше, бірлік деген – осы.
1 Мамыр мерекесі еліміздегі әртүрлі ұлттардың дәстүрі мен ән-биі беріліп, біздің әр алуан екенімізді көрсетіп жатады. Ал енді бұл мейрамда біздің біртұтас екенімізді көрсетсе, яғни, ең болмағанда бір күн бойы әр ұлт өкілдері қазақтың ұлттық киімін киіп шықса, барлығы мемлекеттік тілде сөйлесе деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста