Мектепте ұлттар достығы ұлықталды

Мектепте ұлттар достығы ұлықталды

130-дан астам түрлі ұлт пен ұлыстар мекендеген елімізде халықтар достығы әрқашан кеңінен насихатталып келеді. Бірлігі жарасқан Қазақ еліндегі халықтар достығын, татулығын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында осы бағыттағы түрлі іс-шаралар да білім ордаларында жиі ұйымдастырылады. 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Алматы қаласындағы Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектепте халықтар бірлігін насихаттайтын 10 күндік фестиваль өтуде.
Атап айта кетерлік жайт, аталмыш мек­теп халықтар достығының жаршысына ай­налған білім ордасы деуге болады. Соның дәлелі 2005 жылы атақты түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің есімін иеленген мектеп осы уақыт ішінде мемлекетаралық талай іс-шаралардың ұйыт­қысына айналды. Жақында Қыр­ғызстан, Венгрия ғалымдарының қатысуы­мен халықаралық конференция өткізген оқу ордасы Венгр Республикасының ел­шілі­гімен де тығыз байланыс орнатқан. Тізе берсе, аталмыш білім ордасында ха­лық­аралық деңгейдегі, ұлттар достығын насихаттайтын іс-шаралар қатары өте көп.
Оқу ордасында халықтар достығының кеңінен насихатталуының арқасында бүгінде қазақ тілінде білім алып жүрген өзге ұлт өкілдері де көп-ақ. Бұл мектептегі ха­лықтар достығының жиі насихатталуы­мен қатар, барлық ұлттың балаларын бір шаңырақтың астына жиып, бәрін бір үйдің балаларындай тәрбиелеп жатқан мектеп басшылығының бүгінгі күні беріп отырған тәрбиесін анық байқауға болады. Тіпті №154 жалпы білім беретін мектеп аралас мектеп екеніне қарамастан, қазақ тілін ана тіліндей меңгерген бүлдіршіндердің де жиі кездесуі – мектептегі білім мен тәрбиенің қатар беріліп жатқанының жемісі.
Аталмыш мектеп 1 Мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні қарсаңында да осы бағытынан жаңылмапты. 10 күндік фестиваль барысында «Бірлік түбі – береке», «Ынтымақ – достық кепілі», «Қа­зақ­стан – көпұлтты мемлекеттің Отаны» се­кі­лді сы­нып­тарда ашық сабақтар өткізіл­се, «Татулық пен келісім – бауырластық бел­гі­сі» тақырыбында спорттық жарыстар ұйым­­дас­тырылған. Сондай-ақ «Бірлігіміз жа­рас­қан Қазақ елі» тақырыбында конфе­рен­ция ұйымдастырылып, «1 Мамыр – халықтар достығы» тақырыбында ұйым­дас­тырылған сурет көрмесі де халықтар достығын насихаттайды. Фестивальдың 6-күніне орай ұйымдастырылған «Қазақстан – достық мекені» іс-шарасында бастауыш сынып оқушылары қазақ, орыс, украин, тәжік, түрік, қырғыз ұлттарының киімін киіп, сол ұлттардың тілінде сөйлеп, өлеңін айтып, биін билеп, тіпті әрбір ұлттың ұлттық та­ғам­дарын да жасап, жиналғандарды тәнті етті. Ата-аналар да: «Мектеп қабырғасында ұйымдас­тырылатын мұндай іс-шаралардың болашақ ұрпақтың тәрбиесіне берері мол», – дейді. Сондай-ақ білім ордасында ұйым­дастырылып жатқан 10 күндік фести­вальға орай мектеп кітапханасында «Қазақ­стандағы ұлтаралық келісім» тақырыбында арнайы кітапхана мүйісі де жасалған. Фестиваль оқушылар арасында ұйымдастырылатын «Ынтымағы жарасқан тәуелсіз ел» тақырыбында ең үздік шығар­ма иелерін анықтау байқауымен қорытын­дыланады деп күтілуде.
Қаламқас АЛМАСБАЕВА, Иштван Қоңыр Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін аралас мектептің директоры:
– Мектебіміз көпұлтты. Оқушыла­ры­­мыз да, ұстаздарымыз да бірнеше ұлт­тан құралған. Сондықтан ұлттар достығын насихаттайтын іс-шараларды жиі өткізіп тұрамыз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей, мектебіміздегі барлық ұлттарды ауызбірлікке үндей отырып, олардың арасында халықтар достығын қалыптастырып, патриоттық тәлім-тәрбиені де бойына қатар сіңіру басты мақсатымыз болып отыр. Алдағы уақытта елімізді көркейтіп, одан әрі дамыту жолында еліміздегі барлық ұлттың өкілдері «бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмылса, бұл, ең алды­мен, ұлт мерейі екені даусыз. Сондық­тан ынтымағы жарасқан еліміз­де рухы мықты жастарды тәрбиелеп, бі­лім пен тәрбиені қатар сіңіргіміз ке­леді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста