«Мен өзімді жаспын деп есептемеймін»

«Мен өзімді жаспын деп есептемеймін»

Алмас ТҰРТАЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:

Өмірбаяны
17.04.1979 жылы туған, қазақ.
Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­ле­кеттік университеті, инженер- ме­ханик, Л.Н. Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­верситеті, саясаттанушы, «Ақ жол» ҚДП Қызылорда об­лыстық филиалының төрағасы, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

(parlam.kz сайтындағы жеке парағынан)

– Алмас мырза, «Ақжол» пар­тиясына қашаннан бері мү­шесіз?
– Бұл партияға мен 2011 жыл­дың маусым айынан бастап мү­шемін.
– Бұрын қандай да бір пар­тия­да болдыңыз ба?
– Иә, «Нұр Отан» халықтық демо­кра­тия­лық партиясының қатарында бол­ғанмын.
– Әлеуеті жоғары партиядан неге кет­тіңіз? Әлде қандай да бір келіс­пеу­шіліктер болды ма?
– Жоқ, ешқандай да келіспеушіліктер бол­ған емес. Бұрын мен «Атамекен» кәсіп­керлер одағында жұмыс істедім. Негізгі күшті кәсіпкерлердің құқығын қорғауға сал­дық. Түпкі мақсатымыз – Қазақстанды Ор­талық Азияда өндірісі дамыған мем­лекетке айналдыру. Соған титтей де болсын үлесімізді қоссақ дедік. Бірақ ол мақ­са­тымызды кәсіпкерлер одағы деңгейінде шешу жеткіліксіз болды. Саяси күшке ай­налу керек болды да былтырғы жылы қазіргі төрағамыз Азат Перуашев мыр­за­ның өзі бастап осы партияға өтті. Нақты істің партиясына айналатынына көзім жет­кеннен кейін мен де «Ақжолдың» мүшесі бо­луға бел будым.
– Көпшілік «Ақжол» партиясына Пар­ламентке өтетіні алдын ала белгілі болған деседі. Сіз не дейсіз?
– Мен ондай пікірлермен келіспеймін. Се­бебі біздің елде қанша саяси күш бар соның дені сайлауға қатысып, бақтарын сы­нады. Әрбір партияның үміті, жеңіске же­ңеміз деген өзіндік сенімі болды. Солар­дың бірі – «Ақжол» партиясы. Халықтың қол­дауымен тиісті межені бағындырғаннан кейін ғана Парламентке өттік.
– Барлық комитетті «Нұр Отанның» өкілдері басқарып отыр. Бұл қалған екі партияны да «Нұр Отан» басқарады деген сөз емес пе?
– Бұнымен де келіспеймін. Өйткені біздің партиядан өткен депутаттардың екеуі екі комитеттің хатшысы болып отыр. Яғни комитеттегі лауазымы жағынан екінші адамдар. Олар төраға жоқ болған жағ­дай­да төрағаның қызметін атқарады.
– Сіз жаңа депутаттардың ішінде тезірек танымал болдыңыз. Әйтсе де бұ­рынғы жұмыстарыңыздан хабар­сыз­быз...
– Жоғарыда айтып өттім ғой, «Атаме­кен» ода­ғының Қызылорда облыстық фи­лиа­­лын­да жұмыс істедім. Орталықтан жы­рақ­та болғаннан кейін ешкім біле бермеген шы­ғар деп ойлаймын. Екі бірдей тех­ни­калық бі­лімім бар.
– Депутаттық жұмысқа үйрендіңіз бе?
– Енді депутаттың жұмысы тікелей ха­лық­пен жұмыс істеу ғой. Ол жағынан азды-көпті тәжірибем де бар. Негізгі мақсат – ман­датымды пайдаланып бұқара мен билік арасында дәнекер, көпір болу. Бұл жа­ғынан ептеп қалыптасып келе жа­тырмын.
– Алмас мырза, сіз бесінші шақы­ры­лымдағы ең жас депутат ретінде та­рих­та қаласыз. Осы туралы көбірек сұрап жатқан шығар өзге де әріп­тес­теріміз...
– Иә, жиі айтып жатады. Десе де, осы «ең жас» деген сөзді ұната бермеймін. Бізде «әлі жас» деген сияқты сана қалып­та­сып қалған. Мен өзімді жаспын деп есеп­темеймін. Менің де өз ұстанымым бар, нақты мақсатым мен көзқарасым қа­лыптасқан.
– Жақында Елбасы мемлекеттік қыз­меткерлерді отандық көлікке мі­нуге шақырды. Бұл ұсынысты қол­дай­сыз ба?
– Әрине, бұл өте тиімді ұсыныс болды. Се­бебі біздегі шенеуніктер отандық көлік­тердің сапасын төмен санап қымбатқа, шетелдің көліктеріне тапсырыс беріп жатады. Біз өндірісімізді көтермесек, қа­лайша дамимыз? Ал өндірісті көтеру үшін шенеуніктер тарапынан отандық кәсіпкерлерді қолдау болу керек.
– Әлеуметтік желілерде көрінбейсіз... Қазір оны халықпен жұмыс істеудің тәсілі ретінде кейбір депутаттар тиімді пайдаланып жүр. Өзіңіз қашан тір­ке­лесіз?
– Мен сол туиттер, фэйсбук сияқты кең тараған әлеуметтік желілерге тіркелуді қолға алып жатырмын. Жақында білетін боласыздар. Өткен шақырылымдағы депу­тат­тардың арасында әлеуметтік желілерді ойыншыққа айналдырғандар да болды. Тіпті душ қабылдап жатқандарын жарияға жар салды. Менің әлеуметтік желіні пай­да­ланудағы мақсатым өзіме жеңіл-желпі жарнама жасау емес, халықпен жақын араласып, сайлаушыларыммен пікір бөлісу болады.
– Кейбір депутаттар футбол ойнау­ды әдетке айналдырған. Парламенттегі ко­манда құрамына кірдіңіз бе? Әлде сіздің хоббиіңіз басқа ма?
– Әзірге футбол туралы әңгіме көте­ріл­ген жоқ. Менің хоббиім – негізінен жас­тар­мен пікір таластырып, кездесулер өткізу. Спортқа да қызығушылығым бар. Суға жүзумен айналысып тұрамын.
– Әріптесіңіз Нұртай Сабильянов де­мографияға үлес қосып, көпке үлгі болып жүр. Өзіңізде неше бала бар?
– Мен 26 жасымда шаңырақ көтердім. Әзірге екі балам бар. Болашақта демо­гра­фия­ға әлі де үлес қоса беремін деген үміт­те­мін.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста