Министр «бағаны бағындыра алмаймын» дедi

Министр «бағаны бағындыра алмаймын» дедi

Дағдарыстың таусылып бiтпейтiн түйткiлдерi министрлердi де тығырыққа тiреп, әбден титықтатқаны байқалады. Кешегi Парламентте өткен Үкiмет сағатында депутаттар қойған бiрнеше сауалдар төңiрегiнде шарасыздық танытқан энергетика және минералды ресурстар министрi Сауат Мыңбаев бiздi осылай ойлауға мәжбүр еттi.
Оңтүстiк өңiрлердi, атап айтқанда, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарын газбен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан жыл сайын Өзбекстаннан 3,5 миллиард текше метр газ алып отыр. Биыл оңтүстiк өңiрде былтырғыға қарағанда күн жылы. «Бiрақ ауа райына сенiп отыра бермей, бiр әрекет жасауымыз керек. Бейнеу-Бозой магистральды газ құбырын салу туралы үлкен кiсiнiң тапсырмасы бар екенiн бiлесiздер, оның құрылысына 3 миллиард доллар көлемiнде ақша керек», – деген министрдiң айтуынша, оңтүстiк өңiрлердi жарылқайды деп сенген «Бейнеу-Бозой» газ құбырлары iске қосылғанымен, тұтынушылар үшiн бағасы бәрiбiр қымбат болатын көрiнедi. Өйткенi мынадай қиын заманда аталған қаржыны табу да жай нәрсе емес. Десе де министрлiк бұл мәселеде Қытай жағымен тiл табысып отырғанға ұқсайды. Келiсiм бойынша 3 миллиард ақшаның 1 миллиардын Қазақстан мен Қытай жағы бөлiп төлесе, қалған 2 миллиардқа бiздiң жақ Қытай банктерiнен несие алу арқылы қол жеткiзбек. «Егер газ құбыры өзiн-өзi ақтасын десек, тұтынатын газдың бағасы өсуi тиiс, ал өсiрмейтiн болсақ, әрқашан субсидия берiп отыруға тура келедi. Бiрақ үнемi олай болуы да мүмкiн емес», – деп кесiп айтты министр. Ал елiмiзде электр энергиясынан қазiрше тапшылық жоқ. Дегенмен электр стансыларындағы негiзгi жабдықтардың бәрi ескiрiп, тозып кетуiне байланысты тариф та көтерiлмек. Бұл жағдайды министрдiң сөзi бойынша берсек: «Айналып келгенде тарифтi өсiрмесек, оларға бюджеттен ақша бөлу мүмкiн емес. Астанаға, Алматыға бөлдiк, ендi әрқайсысына бере беретiндей бюджетте де қазiр мүмкiншiлiк жоқ. Сондықтан қазiргi қиыншылықты ескере келгенде өз басым тарифтi өсiруден басқа жол жоқ деп ойлаймын. Бiрақ шектен шығып кетпейдi. Заң бойынша 2015 жылға дейiн ептеп-ептеп өсiремiз бе деген ойдамыз».
Ал келесi бiр шарасыздықты министр жанар-жағармай бағасының жоғарылығына байланысты көрсеттi. «Бағаны қолында бiр цистернасы жоқ 3-4 адамнан құралған делдалдар аспандатып отыр», – дейдi депутат Уәли Құрманғали. «Мен осы мәселенi депутаттық сауалымда көтергенде қолдап шығып, қатырып жұмыс атқарамыз, делдалдарды орнына қоямыз деп едiңiздер. Бiрақ әлi бiр тиянақты iс көрiп отырғаным жоқ», – дейдi халық қалаулысы. «Расында да, бұл туралы заң кешiгiп келедi, соңғы 3-4 айда мен өз кабинетiмде әр он күн сайын жиналыс өткiзiп, мамандармен талқылап жатырмыз, ол оңай емес. Дегенмен делдалдарды жоғалту – оңай шаруа», – дейдi министр. Тiптi заңның оларды ауыздықтайтын тармақтары дайындалып та қойыпты. Бiрақ мәселе онымен шешiлiп, баға онымен төмендей қоймайды екен. Өйткенi 50 пайыз жанар-жағармайымыз Ресейден келiп отыр. «Ол бағаға бiз қалай әсер етпекпiз?» – дейдi шарасыз министр. Заңды аяқ астынан қабылдай саламыз деп, қазiргi жағдайды тiптi қиындатып алсақ не болмақ деп, бұл iске екi шоқып, бiр қараған министр бағаны төмендету үшiн Ресейдi ренжiтпейтiн заң қабылдауда жүз ойланып, мың толғану керектiгiн ескерттi. Десе де заң жобасы ендi бiр-екi айдың көлемiнде Парламентке жiберiлетiн болды. Министрдiң баға жөнiнде көршiмiздiң көңiлiне қарайық деген сақтығы да орынды секiлдi. Өйткенi жанармай өңдеп, Қазақстанды қамдайды деп сенуге тиiстi отандық мұнай өңдеу компанияларының күйi көктемдегi көтерем өгiздiң халiнде тұр. Шетелдiк мұнай компаниялары бiр тонна мұнайдан 500 келi тауар өндiрсе, бiздiң зауыттардағы бұл көрсеткiш – бiр тонна мұнайға 200 келi. Сондықтан да оларға үлкен модернизация керек. Ал бағасы төмен әрi сапалы мұнай тұтынамыз десек, мұндай зауыттар елiмiздiң мұнайлы аймақтарында көптеп бой көтеруi керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста