Мүгедектер мәселесі қашан шешіледі?

Мүгедектер мәселесі қашан шешіледі?

Үкіметтің кешегі отырысы алғаш рет мүгедек жандар­дың мәселесіне арналды. Пре­мьер-министр Серік Ахметов атап көрсеткендей, осы санаттағы азаматтардың емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасап, қоғам өміріне етене араласуына барлық мем­лекеттік органдар мүдделі болуы тиіс. Осыған орай, оты­рысқа мүгедек әйелдердің «Шы­рақ» қауымдастығының жетекшісі Ләззат Қалтаева да қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандардың бүгінгі өзекті де­ген мәселелерін ортаға сал­ды. Сорақысы сол – ми­нистр­лердің басым бөлігі оны тыңдаудың орнына өздерінің айпад-планшеттерін шұқылап отырумен болды.

Мәселенің төркіні
Әлі есімізде, осыдан екі жыл бұрын елі­мізде мүгедектер мәселесі кеңінен талқы­лан­ғанда, осы санаттағы азамат­тардың құ­қықтарын қорғайтын бірқатар ұйым же­тек­шілері Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігінің жұмысын сынға алып, одан бөлек бір мемлекеттік органды құру қажеттігі туралы айтқан болатын. Сол кезде олар «Біз Қазақстандағы мүгедек­тер­дің құқығын сақтаудың 12 қағидатын әзір­леп қойдық. Әрине, оның бәрі қабыл­дан­байды. Себебі мүгедек жандардың мәселесімен айналысатын нақты орган жоқ. Министрліктер болса көрпені ары-бе­рі тартумен ғана әлек. Олардың жұ­мысын үйлестіру қиын. Сондықтан біз мүге­дектер мәселесін қорғайтын мекеме­ара­лық органның болуын қалаймыз. Ол белгілі бір министрліктің құзырында емес, Президент Әкімшілігі жанынан құрылса дейміз. Себебі Қазақстан – президенттік рес­публика. Бұл жерде соңғы сөзді ми­нистрлік емес, Президент Әкімшілігі ай­тады» деп мәлімдеген. Ал олардың құ­қық­тарын сақтау мен бүгінгі қоғамға жан-жақты бейімделуін көздейтін 2012-2018 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына қатысты «Негізі, бұған дейін де елімізде мүгедек жандарды оңалту жә­не олардың құқықтарын қорғау саласына қыр­уар қаржы салынып келді. Бірақ бұл қаражатты бақылау мүмкін болмайды. Сондықтан мүгедектер ұйымдарының ара­ласуымен бюджет қаражатын бақылаудың қо­ғамдық комитетін құрып, бөлініп жатқан ақ­шаның тиімді жұмсалауын қадағалау қа­жет» деген пікір білдірген еді. Ертесінде сол кездегі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Парламентке шақырылып, мүгедек жандардың мәселесін қорғау жұмысы бо­йын­ша есеп берді. Министр ханым де­пу­таттарды ұлттық іс-қимыл жоспары ая­сында 2012 жылдан бастап мүгедектер үшін барлық әлеуметтік-экономикалық жағ­дайлардың жасалатынын білдіріп, оны­мен министрліктен бөлек мүгедектер мә­селесімен айналысатын басқа бір мемлекеттік органды құрудың ешбір қажеті жоқ екендігіне сендірді.
Мүгедек жандарға тиісті жағдай жасалмайды
Міне, мүгедектер құқықтарын сақтау мен олардың қазіргі қоғамға жан-жақты бейімделуін көздейтін 2012-2018 жыл­дар­ға арналған ұлттық іс-қимыл жос­па­рының қабылданғанына да бір жыл өтті. Бұл – аталған құжаттың бірінші кезеңі (2012-2013жж.). Осыған орай, Үкімет бас­­шысы Серік Ахметовтің өзі оның жай-жап­сарын қарап шығуды жөн көріп, Ми­нистр­лер Кабинетінің кешегі отырысын тұ­тас осы мәселеге арнады. Алайда бұл жо­лы аталған құжат бойынша Г.Әбді­ха­лы­қова ханым емес, жаңа министр Серік Әб­де­новке есеп беруге тура келді. Оның сө­зіне қарағанда, соңғы бір жылдың ішінде тау­дай жұмыс атқарылмаса да, мүгедек жан­дарды мазалап жүрген негізгі мә­се­лелер анықталды. Оның бірі – мүмкіндігі шек­теулі азаматтарды протезды-ор­то­пе­дия­лық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Өткен жылы ондай заттарға зәру 16,7 мың адамның қажеттіліктері өтелді. Ол жа­ғынан Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қа­зақ­стан, Қостанай және Павлодар обл­ыс­та­ры белсенді жұмысымен көзге түссе, Жам­был және Қарағанды облыстары, сон­дай-ақ Астана қаласы орташа көрсеткіштен сәл-ақ асты.
Ләззат ҚАЛТАЕВА, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының жетекшісі: 
– Қазіргі кезде көптеген құрылыс ны­сан­дары мүгедектер үшін жабдық­тал­маған. Ол жерлерде пандус та бол­май жатады. Біздіңше, ондай нысан­дарды қабылдайтын комиссиялардың құ­рамында мүгедектер ұйымдарының өкіл­дері болуы шарт. Сонда ғана пан­дустар тиісті талаптарға сай салына бастайды.

Премьер-министр Серік Ахметов те бұл мәселенің мән-жайын жақсы біледі. Бүгінде Министрліктер үйі, Парламент пен Сенат, тіпті Үкімет үйіне шығатын пан­дустармен сау адамның өзі жүре алмайды.        
Серік АХМЕТОВ, ҚР Премьер-министрі:
– Әлбетте, осы уақытқа дейін са­лын­ған арнайы пандустар аз емес. Алай­да оның кейбіреуі сын көтермейді. Өз­деріңіз жақсы білесіздер, ондай пан­дустармен сау адамның өзі көтеріліп-тү­суге жүрексінеді. Бұндай құрылыс ны­сандарын қабылдауға болмайды. Сон­дықтан келесі жолы әлеу­меттік маңызы бар құрылыс нысандарын салу барысында мүгедек жандардың емін-еркін жүріп-тұруларын барынша ескеру керек.

Бұдан басқа, Үкімет басшысы әуе, теміржол және қоғамдық көлік қатынасы саласында мүгедектердің жүріп-тұруына жан-жақты жағдай жасап қана қоймай, оның барлығын тиісті бағдарламаларда ескеруді тапсырды.
Мүгедектерді жұмыспен қамту қажет
Жұмыспен қамту мәселесі де – мүге­дектерді мазалап жүрген маңызды проб­ле­малардың бірі. Бүгінде осы санаттағы аза­маттардың 68 пайызы  еңбекке жа­рам­ды болса да, өзіне тиесілі кәсіппен айна­лыса алмай жүр. Осыған байланысты ел үкіметі «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында көмек те бере бастады. Дегенмен соңғы жылдары жұмыспен қамтылған мүгедектердің саны 50 мыңнан аспай жатыр. Бұл – еңбекке жа­рамды мүгедек жандардың тек 12 пайызы ғана. Ал дамыған мемлекеттерде аталған көрсеткіш – 40 пайыздың шама­сында. Сол себепті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбегін кеңінен қолдану мақсатында тиісті шараларды атқаруды жоспарлап отыр.
Серік ӘБДЕНОВ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:    
– Қазіргі кезде «Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» заң жобасы әзір­леніп жатыр. Қаржы министрлігімен бір­лесе отырып, Кедендік одақ аясын­дағы мемлекеттік сатып алуларға қаты­сатын мүгедектердің қоғамдық ұйым­дарын қолдау шараларын өзгерту көз­деліп отыр. Сондай-ақ мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға қосымша білім бе­ріп, қайта даярлау жағынан «Жұ­мыспен қамту – 2020» бағдарламасын кеңейту қарастырылған.   

Осы орайда Үкімет басшысы С.Ахметов мүгедектердің мәселесі бойынша кеңес беру тәжірибесін кеңінен қолдануды тапсырды. «Бүгінде министрлік жанында ондай кеңесшілер тобы бар. Аймақтарда да жоқ емес. Бірақ олардың формалды түрде жұмыс істеп келе жатқаны жасырын емес. Міне, осы мәселеге баса назар ау­дару қажет. Мүгедектер мәселесі бойынша әкімнің кеңесшісі жақсы болса, жергілікті жердегі үйлестіру кеңесінің қызметі де дұ­рыс жүреді. Облыс әкімдеріне осы мә­се­лені қарап, барлық деңгейдегі әкімдіктерде ке­ңесшілер тобын құру мәселесін пы­сықтап шығуды тапсырамын. Біз мүгедек жан­дардың қазақстандық қоғамда жан-жақты бейімделуін қамтамасыз етуіміз ке­рек. Олардың құқықтары шектеулі бол­мауы тиіс», – деп атап көрсетті С.Ахметов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста