Мұрат Мұсабековке ешқандай да саяси қастандық жасалмаған

Мұрат Мұсабековке ешқандай да саяси қастандық жасалмаған

Бұқаралық ақпарат құралдарында Бас прокуратураның жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Мұрат Мұсабековтің тұтқындалғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Кеше осы ақпаратты Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков қуаттап, рас екенін айтты.

Прокуратура қызметкерінің не үшін тұтқындалғанын жұрт сан-саққа жүгірткен еді. «Мұрат Мұсабековке қатысты Бас прокуратура орталық аппаратының ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде қызметтік құпияны заңсыз жария еткендігі анықталды. Яғни Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша – қызметтік құпияны жария еткен, сондай-ақ 308-бап бойынша қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланған деген деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Нұрдәулет Сүйіндіков.
Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша Мұрат Мұсабеков атқарып отырған қызметінен босатылып, прокуратура органынан шығарылған екен. Сонымен қатар оған қатысты тергеуді ҚР ҰҚК органдары жүргізуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарында сондай-ақ «Бас прокуратураның басқа да қызметкерлері ұсталды» деген ақпарат болған еді. Бұл ақпарды Бас прокуратура шындыққа жанаспайды деп шығарды. Бұған қатысты Нұрдәулет Сүйіндіков: «Ешқандай да басқа қызметкерлерге қатысты тексеру жүргізілген жоқ, ешкімге қарсы қылмыстық іс қозғалған жоқ және Мұрат Мұсабековтен басқа ешкім де қамауға алынған жоқ», – деп жауап берді.
Сонымен қатар «Мұрат Мұсабековке саяси қастандық жасалды» деген де әңгімелер шыққан болатын. Бұл ақпаратты да ресми өкіл жоққа шығарды. «Қызметтік тексеру барысында және қазіргі бар қылмыстық материалдар шеңберінде оның жасаған әрекеттерінің аясында қандай да бір саяси қастандықтың белгілері жоқ», – деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста